Зерттеудің көкейтестілігі



бет7/7
Дата05.06.2017
өлшемі1,23 Mb.
#18150
1   2   3   4   5   6   7
Қорытынды
Отырар қаласы Ортағасырларда бүкіл Отырар оазисінің астанасы болды. Отырар бүкіл Шығысқа заттық және рухани мәдениеті арқылы танылды. Отырарға жүргізілген қазба барысында әр түрлі керамикалық бұйымдар, зергерлік бұйымдар, сүйектен, ағаш, тастан жасалған бұйымдардың әр қайсысының жасалу өнерімен ерекшеліктері Отырар халқының өнерді дүние жүзіне таратқан шеберлігін көрсетеді. Біз тоқталып отырған заттық мәдениет Отырардың мәдениеті мен экономикасын ғылымын әлемге танытып, сол арқылы ғасыры анықталды. Себебі қаланың гүлденген кезінде, экономикасын, Ғылымы дамыған тұста ыдыс формасы мен бояуы, жасалу технологиясы өзгерді.

Отырар оазисіндегі ескерткіштердің түрлі мәдени қабаттарына қазба жұмысын жүргізгенде алынған керамикаларға талдау жасағанда олардың әр уақытта жататын оюларының бояуларының түстерінің, ауызы мен тұтқаларының кескіндерінің хронологиялық кезеңдерін анықтауға болады.

Сырлы,сырсыз керамикалардың да ерекшеліктері болады. Керамикадан құрылыс кірпішінен бастап, азық-түлік сақтайтын, су таситын, ас ішетін ыдыстар және олардың қақпақтары, нәзік фарфор, шыны аяққа дейін әр түрлі бұйымдар жасап келген. Олардың көлемі әр түрлі.

Оңтүстік Қазақстанның шыңылтырланған керамика бұйымдары Орта Азия қалаларының ыдыстар комплесіне ұқсас.

Темірден пышақ шеге, семсер, балта, күрек, ілмек, қапсырма ожау жасалды. Олардың формалары әр түрлі болды. Қоладан құйған айна, тұмар ыдыстар жасалды. Қола мен күмістен жүзік, білезіктер жасалды. Тастан - дән үгіткіш, темірден, қайрақ, ұршық бас жасалды.

Бұлардың барлығының зерттеу ғасырын анықтау насихаттау арқылы тарихымызды ұрпаққа танытамыз.

2004 жылғы қаңтар айында қабылданған мәдени мұра бағадарламаның да басты міндеті ұлттық мәдениетімізді ұлықтап , бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау – мәдени мұра бағдарламасының басты мақсаты болуға тиіс деген.

ХІҮ- ХҮ ғасырларда Отырар, Сауран, Сығанақ, Сарайшық қалалары ірісауда және саяси орталық болды. Жазба деректерде жазылғандай Қыпшақ даласының өркениетті қаласы болды. Олар қазақ хандығының саяси орталығы болған еді.

Қазіргі кезде Отырар өңірі бүкіл әлем ғалымдарын қызықтырып отыр. Себебі ол ірі саяси экономикалық орталық болған және көп ғасырлар бойы отырықшы мәдениетпен көшпелі мәдениеттің ошағы болды. Ол шығыстағы ең ірі қала болған. Орта Азия мен Таяу Шығыс жолын байланыстырып отырған.

Жазба деректер мен аңыздарда айтылған алтын теңгелер көмбесі, алтыннан жасалған әшекей бұйымдар, шындыққа ұласып заттай айғақталып, 1999 жылы алтын білезік табылды. 200 жылы иіс су құйятын шеберлік пен жасалған ыдыс табылды. Ал 2004 жылы сәуір айында Отырар төбенің маңынан кездейсоқ алтын теңгелер көмбесі табылды. Осындай заттық деректемелер арқылы Отырардың Орта Азиядағы ең ірі қала болғаны дәлелдене түседі. Міне сондықтан да Отырарда көп жылдардан бері археологиялық қазба жұмыстары жүріп келеді. Қазіргі кезде 2002 жылдан ЮНЕСКО көлемінде Отырарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Отырардың біздің эраға дейінгі 2-ші мың жылдықтан бастап ХҮІІІ ғасырға дейінгі тарихын қазба барысында табылған заттар арқылы дәлелдейді. Біздің эраға дейін ІІ-ші ғасырда Отырарда қаңлы мемлекетінің негізі қаланды. Осы ғасырларда табылған керамика, темір, қоладан жасалған заттар Көкмарданнан, Қыркескеннен, Отырардан табылған. Осы өңірлерде біздің эрамыздың бесінші ғасырына дейін қаңлылыар өмір сүріп одан кейін түріктер, түргештер, оғыздар,қалұқтар келеді. Осы ғасырлардағы керамикалық заттардың сыртына айқыш-ұйқыш ирек сызықтар түсірілген. Бұл шебердің таңбасы болуы мүмкін және көз тимеу үшін жасалған.

Отырар туралы көне грек араб парсы, түрік, қытай оқымыстылары мен шежіреші- тарихшыларының жиһан кезген географтардың жазба деректерінде үнемі аталатын, аңыздарда айтылып, ақын-жазушылардың шығармаларында жырланған.

Әбу Нәсір Мұхаммед Ибн Мұхаммед Узляғ ибн Тархан әль-Фарабидің, барлық Отырар жұлдыздарының және олардың арғы-бергі ізбасарларының мекені болған. Ежелгі Отырардың Отан тарихында да әлем тарихында да алатын орны ерекше. Өйткені Отырар ежелгі заманнан –ақ Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өткен Ұлы Жібек жолы арқылы Үнді, Қытай , Византия т.б. мемлекеттерімен үнемі ғылыми, мәдени, экономикалық , дипломатиялық байланыста болып, көшпелі қазақтың арғы атасы отырықшылық әлемімен осы Отырар арқылы танысып, сауда-саттыққа үйреніп, халықаралық қатынастар ілігіп, қалаларында ғылым мен мәдениеті, сауда, өндіріс, далаларында егін , мал шаруашылығы қатар дамыған қазақтың ұлт, мемлекет болып қалыптасқан алтын бесігі, отырықшы мәдениеттің ошағы, алғашқы адамдар тұрағы, әлемдік мәдениеттің ірі орталықтарының бірі қазақтың рухани астанасы.

Отырарда адамзаттың ежелгі дәстүрлі Евразия кеңістігіне таратқан “Александрия кітапханасынан кейінгі Шығыстың дәуірлеу заманында” өмір сүрген Евразия белдеуіндегі түркі өркениетінің гүлдену дәуірінің негізін қалаған. “Отырар кітапханасы” Орта Азиядағы аса ірі механикалы-шығырлы суландыру жүйелері болған.

Отырар алдымен араб пен монғол шапқыншылығына, содан кейін қазақ хандығы мен Әбілқайыр әулетінің Мауреннахр билеушілерінің Сыр бойы үшін болған өзара қырқысына “Алқакөл сұламалы” жоңғар шапқыншылығына ұшырап , ақыры Отырар суландыру жүйелері талқандалып , Отырар кітапханасы өртеліп, Ұлы Жібек жолындғы сауда қатынастары үзіліп, өндірістері тоқтап, қалалары құм басқан төбелерге, далалары шөлейтті аймаққа айналды. Орыс, қазақ деректеріне қарағанда Отырар қаласының соңғы тұрғындары оны ХҮІІІ ғ. орта тұсында тастап, Түркістан, Шілік, Шымкент жағына көшіп кеткен. Бірақ ХҮІІІ ғасырға дейін өмір сүрген ұлы қала тарихтан із-түзсіз жоғалып кеткен жоқ. Отырар тарихқа “Отырар өркениеті” деген атпен еніп, қазақ елінің ежелден-ақ қалыптасқан мемлекеттігі мен саяси әлеуметтік хал-ахуалының белгісі-ғылым мен мәдениеттің алтын арқауы болды, Отырарда қатар қанат жайған заттық және рухани мәдениеттің мәңгілік асыл мұраларын адамзатқа қалдырды.

Бүкіләлемдік өркениетте өзіндік тарихы орны болған Отырар өркениетінің тағы бір негізгі Отырардан шыққан Әбу Нәсір Мұхаммед ибн Узлағ ибн Тархан әл-Фараби, Исмайыл Әль-Жауһари әль-Фараби, Исмайыл әл-Жауһари әл-Фараби, Әлам ад- Дин әл-Фараби, Бұрқан ад-Дин әл-Фараби, Қауам ад-Дин әл-Фараби, Маула Мұхаммад әл-Фараби, Бадр-ад-Дин әл-Фараби, Исмайыл әл-Хусаини әл-Фарабидің, ХІХ-ХХ ғасырларда Отырар, Қаратау, Қазығұрт атырабынан шыққан Мәделіқожа Жүсіпқожаұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы , Шәді Жаһангерұлы, Молда Мұса Байзақұлы, Ергөбек Құттыбайұлы, Қызыл Жырау Байжанұлы, Айтбай Белгібайұлы, Сәдуақас Жақашұлы, Балтабай Тебейұлы т.б. ақын-жыраулардың т.б. өнер иелерінің артында қалдырған мәңгі өшпес ілім мен өнері.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2003 жылғы 28 қарашада Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық Кеңесінің үшінші мәжілісінде “мәдени мұра” бағдарламасының жобасын талқылағанда “Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау “Мәдени мұра” бағдарламасының басты мақсаты болуға тиіс, деп қадап айтқандай, жоғарыда аталған Мұражай кітапхана қорындағы коллекциялық мәдени мұраларымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау яғни халық мүлкін халықтың өзіне қайтару керек.

Отырардың заттық және рухани мәдениетіне жүйелеп зерттеу жүргіздім.

Отырар қаласы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан халықаралық сауданың, ғылымның, өнердің орталығы болған. Қола мәдениеті металлдан, саздан, шыныдан, ағаштан, сүйектен жасалған архитектуралық қолданбалы өнер түрлерінде кездесетін таңбалар, өрнектері, бояулары оның сырт пішіні арқылы ерекшеленеді.

Өркениетті ел алдымен тарихы және мәдениетімен мақтанады.Ол ұлттық мақтаныш сезімінің қайнар көзі болып табылады.

2004 жылдың қаңтарында қабылданған 2004-2006 ж.ж. “Мәдени мұра ” бағдарламасының басты мақсаты-ұлттық мәдениетімізді ұлықтап бар мен жоғымызды түгелдеп, жүйелеп келер ұрпаққа аманаттауымыз керек деген.

Мәдени мұра бағдарламасы 3 тарудан тұрады. Оның алғашқы бөлімдері археологиялық ескерткіштерге арналған. Ал үшінші бағытында ұлттық әдебиетіміз бен өнеріміз, мәдениетіміздің бай мұрасын зерттеп, жүйелеп көп томдық түрінде шығару деген.

Отырардың заттық және рухани мәдениетіне байланысты деректердің барлығы, қолжазбалар, жазба деректер, Отырар өңірінде жүргізілген археологиялық қазба нәтижесінде табылған заттар. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде сақтаулы тұр. Олар зерттеуді қажет етеді.

Отырардың көп ғасырлық қабат-қабат қыртысынан К.Акишев, К.Байпаков, Л.Б.Ерзакович сияқты археологтар қала өмір сүре бастаған алғашқы жылдардан ХҮІІІ ғ. бастапқы сирегіне дейінгі заттық мәдениет Мұның біз үшін маңыздылығы, олардың қазіргі қазақ тұрмысы мен мәдениетіне меңзейтін ұқсастығы./95/

Отырар өркениетінің жетістіктері оның құрылыс ісінен, суландыру жүйесінен әуездік аспаптардан, қолөнерімен оның қазақ мәдениетінің ізашары болғанын көреміз.

Отырарды қазақ халқының алғаш қалыптаса бастаған жерлерінің бірі деп қарауға болады. Себебі, қаңлы қыпшақ сияқты тайпалар осы жерде өмір сүрген болатын.



Отырар өркениеті қазақ мәдениетін қалыптастыруда аса маңызды роль атқарған./96/ Бұл туралы әлі де зерттеуді өте көп қажет етеді деп Ө.Жәнібеков өз еңбектерінде айтып өткен.

Ө.Жәнібеков әдет ғұрыптық, тұрмыстық, әуездік, археологиямен айналысуды, оның мәдениеті, тұрмысының қандай болғанын зерттеуді аса қажет деп санаған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет