1. Бәсекелік қабілет
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.
2. Прагматизм
Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.
Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды.
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.
4. Білімнің салтанат құруы
Мақалада құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіндігі баса айтылады.
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
Мемлекет Басшысы ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болғандығын атап өтті.
Біріншіден, ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды.
Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді.
Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады.
Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды. Мұндай жағдайда білім алушыларда апат қауіп-қатерінің азаюы мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылау маңызды.
Сонымен қатар, Президент ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де бергеніне назар аударды.
Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.
«Сондықтан, – деп жазады Н.Ә. Назарбаев – әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі».
Достарыңызбен бөлісу: |