42
Қайғы-қасіретке тап болған сәтте оқылатын дұға
«Лә иләһә илләллаһул-ъазыймул-халиму, лә иләһә илләллаһу
раббул-ъаршил-ъазыйми, лә иләһә илләллаһу раббус-сәмәуәти уә
раббул-ардый уә раббул-ъаршил-кәрим».
Мағынасы: «Ерекше Ұлы әрі (пенделеріне) Жұмсақ Аллаһтан
басқа ешбір құдай жоқ. Ұлы аршының Раббысы Аллаһтан басқа
ешбір құдай жоқ, көктер мен жердің Раббы әрі ардақты аршының
Раббы Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ».
(әл-Бұхари)
Мазасыздыққа ұшырағанда және уайымдық
басқанда оқылатын дұға
«Аллаһуммә инни ъабдукә ибну ъабдикә, ибну әмәтикә, нәсыйяти
би йәдикә, мәдыйн фийә хукмукә, ъадлун фийә қада-укә, әс-әлукә
бикуллисмин һууә ләкә, сәммәйтә биһи нәфсәкә, әу әнзәлтәһу фи
китәбикә, әу ъалләмтәһу әхадәм-мин халқикә, әуистә’сәртә биһи фи
43
ъилмил-ғайби ъиндәкә, ән тәжъаләл қур-анә рабиъа қалби, уә нура
садри, уә жәлә-ә хузни уә зәһәбә һәмми»
(кім осы дұғаны оқыса,
Аллаһ тағала мазасыздығын кетіріп, уайым орнына қуаныш береді)
.
Мағынасы: «Уа, Аллаһ! Шын мәнінде мен Сенің құлыңмын.
Сенің құлың мен күңіңнің ұлымын. Менің тағдырым Сенің қолыңда
әрі Сенің үкімің маған жүреді. Сенің маған жасаған шешімің әділ,
Саған тән болған барлық есімдеріңмен Өзіңді атаған немесе
кітабыңда түсірген немесе жаратылыстарыңның біріне үйреткен
немесе Өзіңнен басқаға құпия еткен барлық есімдеріңмен Өзіңе
жалбарынамын. Маған Құранды жүрегімнің көктемі, кеудемнің
нұры, сонымен қатар мазасыздығым мен уайымымды әкетушісі ете
гөр!»
(Ахмад)
Қайғы-қасіретке ұшырағанда оқылатын дұға
«Иннә лилләһи уә иннә иләйһи ражиъун. Аллаһуммәжурни фи
мусыйбәти уә әхлиф-ли хайран минһә».
44
Мағынасы: «Шын мәнінде біз Аллаһқа тәнбіз және Оған қайтып
барушымыз. Уа, Аллаһ! Осы бақытсыздығым себепті маған сауап
бере гөр әрі маған оның орнына одан да жақсысын нәсіп ет».
(Муслим)
Аллаһтан қарызын өтеуге көмектесуін сұрап оқитын дұға
«Аллаһуммәк-фини бихалаликә ъан харамикә уә әғнини би
фәдликә ъаммән сиуәк»
(осы дұғаны оқыған адамның таудай қарызы
болса да Аллаһ оны өтеуге жәрдем береді)
.
Мағынасы: «Уа, Аллаһ! Мені харам еткен нәрселеріңнен сақтап,
адал
еткен
нәрселеріңмен
қанағаттандыр.
Сондай-ақ
Өз
кеңшілігіңмен мені Өзіңнен басқаларға мұқтаж етпе».
(әт-Тирмизи)