Зинелова Жібек «Әдебиеттану» мамандығы



бет2/3
Дата13.06.2022
өлшемі18,68 Kb.
#146500
1   2   3
Байланысты:
М.Мағауин Құмырсқа қырғын
16 2 Chto takoe TikTok, Mind Map interesy v TikTok, JD-OpenPositionNotificationForm SafetySpec (1)
қара құмырсқалар. Шымал. Шымалдың өзгеше бір ширақ тұқымы сияқты, жорғалағанда көз ілеспейді» дейді. Арада ай өткен жоқ, қара шымал өлшеусіз көбейді. Міне, нақ осы қара құмырсқа шымалдар – автордың астарлы ойымен Қыпшақ жерін жаулауға келген түрлі жаулардай көрінеді. Автордың бірде-бір ойы осы қазақ екен, мына басқа екен деп тұрмағанымен, астарлы мағынада осылай қолданғандай көрінеді. Себебі, «Мен құмырсқалар нәсілінің екі әулетінің тіршілік үшін күресіне қызықтай қарап, таңырқадым да қойдым. Қоңырлар көп еді. Әрі зор, әрі қайратты. Түптеп келгенде жеңілмеуге тиіс» деген жорамалы осы ойды қуаттай түсетіндей көрінеді. Бақтың әуелден мекендеушілер – қоңырлар. Автордың қоңыр құмырсқаға осылай айдар тағуы да тегін емес. Көпті меңзейді. Әсіресе, түптеп келген жеңілмеуге тиіс дегенді бекер жорымады.
Дегенмен: «Мен әрқилы ойға қалдым. Мына кейінгі озбырларды – шымал әулетінің екі ордасын бірдей у сеуіп қырып тастасам қайтеді. Бірақ әділетке жата ма сол. Осы жердің ежелгі иесі, байырғы тұрғыны қоңырлар неге осыншама берекесіз. Бірі үш-төрт қарақшымен қатарынан, жанталаса айқасып жатыр. Екіншісі қарап тұр, яғни, таяу төңіректе қамсыз жорғалап жүр. Ана аталас туысынан соң өзіне кезек келерін ойламайды. Ендеше, бұларға обал жоқ». Автор сөзсіз қоңырларға болысқысы келгендей ыңғай танытады. Оны сөздерінен байқауға болады. Міне, осы мысалдардан біз қоңыр мен қара шымалды – кейіпкер сипатына жақын алғандай боламыз. Бас кейіпкер баяндаушы болғанымен, сюжет көбінесе құмырсқалар арасында өрбиді.
Сондай-ақ, көркем шығарманы тудырушы автордың өнертанудағы бірнеше мағынасын анықтаған В. Хализевтің: «... біріншіден көркем туындыны тудырушы шынайы тұлға, яғни белгілі бір тағдыры, өмірбаяны, индивидуалды нышан белгісі бар. Екіншіден, көркем мәтінге шоғырланған автор образы, яғни, жазушының, мүсіншінің, суретшінің, режиссердің өзін-өзі сомдауы... үшіншіден (дәл қазір біз үшін аса қажеттісі), бұл көркем әлемді жасаушы тұлға яғни имманенті туындының бүтін бөлігі ретінде қатынасушы» [2;61] – деген пікіріне сүйенсек, екінші және белгілері осы шығармадағы автор бейнесін ашудағы теория болмақ.
Ғалымның авторға қатысты бірнеше ұғымдық қабаттарынан шынайы автор мен оқырманға әсер ететін автор бейнесі және имманенттік туралы айтқан ойына зер салып тереңірек тоқталуға болады. Біріншісінде көркем шығарманың шынайы авторы туралы айтылса, ал екіншісі мен үшіншісіне қатысты айтылған пікірге қосыла отырып, автор бейнесі мен имманенттік хақындағы ойлардың тоғысатынын байқауға болады. Әдебиеттанудағы автор бейнесі деген ұғым мен ғалымның имманенттікке қатысты айтқан пікірі бір-бірінен алшақ емес екенін көруге болады. Себебі автор бейнесі деген ұғымды көркем туындының шынайы авторынан емес, шығарманың өн бойынан табуға болады. Яғни, автор бейнесі дегеніміз – көркем туындымен танысу барысында оқырман санасында қалыптасатын бейне. Ал имманеннтік деген сөздің мағынасын кеңірек тарқатсақ, бұл сөз латын тілінен алынған іштей, жаратылысына тән деген мағынада жұмсалып тұр. Көркем мәтіннің ішіне, жаратылысына тән баяндаушы немесе әңгімелеуші ретінде көрінетін автор туралы айтылып тұрғаны анық. Ғалымның бұл тұжырымынан автор бейнесі мен имманенттік хақындағы ойлардың көркем шығарманың ішкі шеңберіне тән бір арнада тоғысып қызмет ететінін анық көруге болады [3].
Теориялық негіздерге сүйене отырып, автор бейнесі М.Мағауиннің «Мен» деп отырған кейіпкеріне сәйкес келеді. Сондай-ақ кейіпкер тұрғысынан алып қарағанда да осы «Мен» сәйкестігі келіп отыр.
«Құмырсқа қырғын» жай ғана жәндіктердің қырғыны ма, жоқ әлде автордың символдың бейнелеуінен туған үлкен идеялық мәнге ие ме? Құмырсқаларды сипаттай отырып автор қазақ тарихындағы кейбір оқиғаларды мысалға келтіргісі келгендей көрінеді. Әсіресе Дешті Қыпшақ жеріндегі кең байтақ әлемді мекен ететін жұртты – түркілер деп алсақ, мынау гектарға созылған бақшаны жайлаған

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет