¤зіњніњ µткен тарихыњды танып



бет1/4
Дата04.10.2022
өлшемі29,15 Kb.
#151571
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
Лекция 1

Тақырыбы: Алғашқы қауымдық дәуір. Ежелгі

адамзаттың дамуы және таралуы.


Лекцияның жоспары:





  1. Алғашқы қауымдық дәуір

  2. Ежелгі адамзаттың дамуы мен таралуы

  3. Алғашқы адамдар туралы түсініктеме



Алғашқы қауымдық дәуір

«Өзіңнің өткен тарихыңды танып,


білуге ұмтылу қазіргі уақытта болып
жатқан оқиғалардың мәнін ұғу үшін
және болашақ мақсаттарға апарар төте
жолды айыру үшін өте қажет».
А.М.ГОРЬКИИ.

Тарихи география өзінің аты айтып тұрғандай тарих және география арасындағы байланыс бар екендігін көрсетеді. Алғашқы этапта дифференциалды ғылыми білімдері, сонымен бірге тарих және география мамандарының бағыттары бір жүрген. Бірақ біздің дәуіріміздегі тарихи география облысындағы мамандар білімі және жұмыс бағыты бойынша не тарихшы, не географ маманы болып табылған.


Осы заманғы дүние жүзілік ғылымның асыл мұрасы, алтын қоры, географиялық материалдар бірте – бірте жиналды. Оларды адам баласы зор қиыншылықтарды жеңе отырып жинап – терді: талай – талай саяхатшылар, ғалымдар бұл жолға бүкіл өмірін сарып етті, құрбан болды. Бірақ адамзат алған бетінен қайтпады. Көздеген мақсатына жетті. Ақыры Жерді, оның формасын дұрыс түсінді. Адам жер шарының орасан үлкен екенін, ал бүкіл әлеммен салыстырғанда соншалық кіші екендігіне көзі жетті.
География – ғылымдардың ішіндегі ең көнелердің бірі. Сондықтан да бұл ғылымды терең зерттеп, дұрыс түсінуді қарастырып білу студенттер және бүкіл жастар зор міндет деп санауға тиіс. Мұны білмей табиғатты, оның ұшан – теңіз құпия сырларын танып білу, оны қоғам пайдасына жарату мүмкін емес. География ғылымының тарихы бізді адам баласының жер шарын бірте – бірте қалай ашып білуімен таныстырады. Бұл ұзақ әрі тамаша тарихи оқиға.
Біздің жыл санауымызға дейінгі ерте заманда алғашқы географиялық түсінік Ніл өзені бойында – Египетте, жалпы Жерорта теңізі жағалауын мекендеген елдерде пайда болды. Бірақ олар сол өздері тұрған жерлері мен әрі кеткенде көршілес елдердің жерлерімен ғана танысты. Платон мен Аристотель әлем, адам баласы дегенде, олар тек қана Жерорта теңізі жағалауын мекендеген эллиндер мен кейбір жауынгер тайпаларды айтады. Біздің заманымызға дейінгі жыл санаудың V – ІV ғасырында Геродот, Пифагор, Аристотельдер ғана жерді шар тәрізді деп дұрыс түсінді. Бұған орта ғасырлардағы арабтар мен Орта Азия және тағы басқа елдер ғалымдары да өз үлестерін қосты.
ХV – ХVІ ғасырларда жер шарының ұлы географиялық ашулары басталды. Бұған дейін белгісіз болып келген жаңа жерлер ашылып, кемелер алысқа сапар шекті. Испания, Португалия елдерінің Колумб, Магеллан сияқты саяхатшылары ұлы географиялық ашуларға аттанды. Кейінірек Англия, Франция, Голлондия, Ресей тағы басқа елдер саяхатшылары да жер шарын зерттеуге жұмыла кірісті. Енді белгісіз болып келген мұхиттар, теңіздер, құрлықтар, түбектер мен аралдар адамға аялы есігін аша бастады.
ХVІІІ ғасырда Батыс Еуропа елдерінде капитализмнің дамып, өріс алуына байланысты оған жаңа рынок, отар қажет болғаны белгілі. Осыған орай енді сол бұрын ашылған жаңа мекендерді түбегейлі мұқият зерттеу ісі нақтылы жүзеге асырыла бастады.
ХІХ ғасырда дүние жүзілік географиялық зерттеулердің құлаш жайғаны сонша, жер шарында елеулі белгісіз мекен – жай қалмады. Арктика, Антарктида ашылды. Солтүстік Мұзды мұхиттың, Арктика мен Антарктиданың жаратылыс байлығын дүние жүзі елдерінің географтары өз ара және ресми келісім жасау жолымен бірлесе отырып зерттеп, адам баласының игілігіне жаратуды көздеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет