Ежелгі адамзаттың дамуы мен таралуы
Жалпыға мәлім болатындай біздің дәуірде ғылымдар тез дамиды. Бірақ өздеріңіз көріп отырғандай тарихи география ғылымының қалыптасуы мен дамуы көп жылдарға созылды. Себебі, мамандар саны бойынша және мақалалар саны бойынша басқа ғылымдардан артта қалуда. Сондықтан да кейбір мәселелер осы уақытқа дейін өз шешімін таппағандығын осымен түсіндіреді. Мәселен, бұл ғылым – толық қалыптаспаған. “Географиялық энциклопедия сөздігінде”, (1988) өткен дәуірдің географиясы мен география мәселелерін тарихи география зерттейді деп айтылған. Және де ол бірнеше бағытқа бөліненді. Жалпы бұл анықтама И.А.Ройтвер кітабында жазылғанмен сәйкес келеді. “Тарихи география өткен географиямен және оның әртүрлі тарихи этаптардағы өзгерісін нақты зерттейді”. В.К.Яцужский және басқа да ғалымдардың тарихи географияға берген анықтамалары көп. Егер де олардың біреуін мысал ретінде қарастырсақ, тарихи географияны келесі 8 бағытқа бөлуге болады:
Тарихи уақыттағы географиялық ортаның дамуы мен өзгеруінің жалпы мәселелерін зерттейтін тарихи физикалық география ( тарихи жертану).
Өткен дәуірдегі мемлекеттік құрылымды, мемлекеттік шекараны және саяси картаны зерттейтін тарихи саяси география.
Демографиялық, этникалық, діни ерекшеліктерін, сонымен қатар соған байланысты әртүрлі тарихи даму этаптағы миграция және халықтың орналасуын зерттейтін тарихи география.
Әртүрлі қоғамдық ара-қатынастарды және олардың кластарын, қоғамның әлеуметтік құрамын зерттейтін тарихи әлеуметтік география.
Өндірістердің жалпы дамуы және жеке салаларының дамуын, сонымен бірге олардың кеңістіктік құрылымының өзгеруін зерттейтін тарихи экономикалық география.
Материалдық және рухани мәдениеттің тарихи-географиялық аспектілерінің дамуын зерттейтін тарихи мәдени география.
Әлеуметтік-экономикалық даму арасындағы тура және кері байланысын және қоршаған ортаға антропогендік ландшафтардың түрлі типтерінің әсер етуін зерттейтін қоғам және табиғат арасындағы өзара байланыстағы тарихи география.
Жоғарыда айтылған мәселелерді қарастыратын және жеке территорияларды зерттейтін тарихи-географиялық елтану.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басында жоғарыда айтылған мәселелер туралы мына географтар еңбектерінен көруге болады: В.В.Докучаев, А.И.Воейков, Д.Н.Анучин, Н.И.Вавилов, Л.С.Берг, А.А.Григорьев, Н.Н.Баранский, И.И.Герасимов, т. б.
Соңғы уақытқа дейін адамдардың қалыптасуы туралы ұғымды шамамен біздің эрамызға дейінгі VІІ-VІ мың жылдарға шектеледі. Бұл адамзаттың табиғатпен тығыз байланыста өмір сүріп, өзіне қажеттінің барлығын ортадан алуға бейімделген уақыты «алғашқы қауымдық» немесе «алғашқы қауымдық кезең» деген ұғыммен байланысады. Бұл алғашқы ежелгі өркениеттің пайда болуын, оның даму стадиясын көрсетеді. Сондықтан алғашқы қауымдық кезең б.э.д. ІІІ – І мың жылдықтардан басталған уақытты, яғни бұл уақыт миллион жылға дейін созылған дәуірді айтамыз. Алғашқы кезде мәселен, Х – ғасырдың өзінде Шығыстың философы Омар Хаямның рубаятына келетін болсақ, былай делінген: «Шынымен де бұл дүниенің бастауы бар ма? Бұл бізге Құдайдың жіберген жұмбағы. Ол қаншама данышпандар бұл туралы қаншама рет талқыласа да ешқайсысы бұл жұмбақты шеше алмайды» - дейді. Арада қаншама жылдар, яғни мыңдаған жылдар өткеннен кейін, әсіресе соңғы мыңжылдықта ғалымдар адам ұрпағының шамамен қай жерден таралғаны туралы нақты жорамалдар жасап, пайда болуын, территорияларын анықтады. Бұны әсіресе қазіргі археологтардың антропологиялық және палеографиялық зерттеулерінің нәтижесінен білуге болады. Мұнымен айналысқан ғалымдар көбінесе А.П.Окладников, Н.Н.Чебоксарова, В.П.Алексеев, Я.Я.Рогинский, М.М.Герасимов, Г.Н.Матюшина, Б.В.Андриянов, А.А.Величко және т.б. авторлардың еңбектерінен байқауға болады. Осы мәліметтерге сүйенсек, маймыл тәріздес адамдардың пайда болуы және қалыптасуы бұдан 45 млн жыл бұрын Африка мен Азияның тропикалық және экваторлық аудандарында пайда болған. Кейін 5-6 млн жыл бұрын осы жерлерде австралопитектердің өкілі алғашқы маймыл тәріздес формадан ежелгі архантропты адамдардың формаларына ене бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |