Құзыреттілік тапсырмалардың тиімділігі



Дата08.02.2022
өлшемі16,65 Kb.
#124447
Байланысты:
мақала Құзыреттілік тапсырмалардың тиімділігі


Құзыреттілік тапсырмалардың тиімділігі
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай білімнің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзыреттіліктерді қалыптастыру мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым бағыттарының бірі болып табылады.
Оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік, мәселені шешу құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған құзыреттілік тапсырмалар теориялық тұрғыда алған білімді іс - тәжірибеде жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыруға, сыни тұрғысынан ойлау дәрежесін жетілдіруге көмектеседі. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Қазақ тілінен күтілетін нәтижелер үш түрлі құзыреттілік бойынша саралануы оқушының ойлау қабілеттілігін дамытып, оның танымдық әрекетін, белсенділігін арттыруға көмектеседі. Құзыреттілік тұрғысынан білім берудің басты ерекшелігі дайын білімді игерту емес, бұл білімді өз бетімен игеруге, оны практикада қолдана білуге жағдай туғызу. А.В.Хуторский анықтамасында «Құзырлылық жеке бастың білім, білік, дағдысының жиынтығы, құзыреттілік жалпы адамның өз ісін жақсы білу арқылы сапалы қызмет ету қабілетін білдіреді» деп берілген. Мектептегі білім беру міндеттерінің бірі - оқушыны шынайы өмірге дайындау. Оқушыны ойлануға, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдеріне үйрету міндеті тұр. Оқу материалдарын оқушылардың дайындық деңгейлеріне қарай сұрыптап ұсыну, сабақтың типі мен түрін оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау, мақсаттарды және күтілетін нәтижені анықтау, оқу біліктілігін жетілдіру. Оқу тапсырмалары сабақтың белгіленген мақсаты мен күтілетін нәтижесіне жетудің негізгі құралы ретінде көп қызмет атқарады. Әрине пәннің ерекшелігіне қарай тапсырмалар мазмұндық негізімен, түрімен, сабақта қолдану амал-тәсілімен де ажыратылады.
Ақпараттық құзыреттілік келесі әрекеттер жасауға мүмкіндік береді:
ақпаратты саналы түрде қабылдап, саналы шешімдерді табуға; жеке өз бетінше мақсат қоя білу, бұл мақсатқа жету үшін танымдылық қызметін жоспарлап, жүзеге асыруға; қазіргі ақпараттық-қарым-қатынастық технологияларды пайдалана отырып, өз бетінше ақпаратты тауып, талдап, таңдап, өзгеріс жасап, сақтауға, басқа жерге жеткізуге;логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпаратты өндеуге /талдау, синтез, қорытындылау, жүйелеу, дәлелдеу/өз қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға.
Карым - қатынастық құзыреттілік келесі әрекеттер жасауға мүмкіндік береді:
нақты өмірлік жағдайларда өз мәселелерін шешу үшін қарым-қатынастың түрлі ауызша және жазбаша құралдарын қолдануға; қарым-қатынастық міндеттерін шешуге сай стиль мен жанрды таңдап қолдануға; әдепке сай өз көзқарасын білдіруге; басқа мәдениет өкілдерімен өзара әрекеттестік жасай білуге; жалпы нәтижеге жету үшін топтағы адамдармен қарым-қатынас жасай білуге.
Мәселені шешу құзыреттілігі келесі әрекеттер жасауға мүмкіндік береді:
- түрлі жағдайларда мәселені анықтап, шешу жолдарын тауып,өз шешімдерінің нәтижесін бағалауға; өз қызметінің мақсатын қоя білу, мақсатты жүзеге асыру жағдайларын анықтау, мақсатқа жету үрдісін жоспарлап, ұйымдастыруға / яғни мәселеге сай технологияларды жасай білу;өз жұмысына рефлексия жасай білу, өз қызметі мен жеткен нәтижесін бағалай білуге;жағдаятқа байланысты өз қызметінің нормасын таңдауға;мәселеге сай технологияларды таңдауға.
Құзыретті тапсырмаларды сабақта қолдану
Ақпараттық құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар «Ақпаратты таңдай біл», «Ақпаратпен бөліс», «Ойлан тап», «Сөздік ойыны», «Зердеге тоқу», «Білгенге маржан» т.б. тапсырмалар жаңа мағынаны тану, жаңа сабақты қорыту кезеңдерінде жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында қолдануға болады.
Коммуникативтік құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар ауызша және жазбаша қатынаста диалог құрастыру, сұхбат жүргізу,пікір білдіру, мәтін, ойтолғау жазу,өлең шығару, сахналық көрініс қою жаңа сабақты бекіту немесе үй тапсырмасыретінде орындатуға ыңғайлы.
Мәселені шешу құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар «Фактілер мен ережелерді қолдану», «Ұқсастық пен айырмашылық», «Құзыреттілік таныт», «Ережеге құлақ сал», жоба қорғау т.б. тапсырмалары жаңа сабақты бекіту немесе үй тапсырмасына беруге болады.
Құзыреттілік тапсырмалардың құрылысы: Мәселені, мақсатты қою. Мәселе ішіндегі әрекетті анықтау (теріп жаз, дұрысын қой) Бірнеше нақты ақпараттарды көрсету (тыңда, оқы).Соңғы нәтижені көрсету (нұсқау, ереже, эссе т.б).
Ж. Аймауытов «баланың ынтасын артыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» деген екен. Құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды тиімді қолдану - оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді әдісі.
Ибраева Нұргүл Қуантайқызы
Рудный қаласы «Бейімбет Майлин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет