Қазіргі заманғы мұғалімге мынадай ақпараттық құзыретілікті жатқызуға болады.
Заманауи ақпараттық алқаптарында ақпаратты ұтымды іздеу және пайдалану әдістерін білуі керек;
Компьютерлік ақпарат түрлерімен жұмыс жүргізу дағдысын игеру;
Ақпаратты Интернетке жеткізе білуі;
Компьютер және Интернет –технологияларының көмегімен ашық және сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру дағдысын меңгеру;
Интернет технологиялары арқылы оқушыларға өзіндік жұмысты ұйымдастыруды білуі.
Маманның ақпараттық оқыту ортасында ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың 3 деңгейі анықталған:
базалық – компьютерлік сауаттылығын ашу үшін базалық білім, білік пен дағды жинақталады; ақпараттық технологияны төменгі деңгейде пайдаланады (электрондық түрдегі ақпаратты құру, өңдеу, көшіру, сақтау, тасымалдаудың қарапайым тәсілдерін, ақпаратты презентациялық технология құралдары арқылы береді, Интернеттен ақпарат іздеу, желілік қарым-қатынас жасау, кездескен мәселелерді шешудің тиімді тәсілдерін таңдайды).
технологиялық – кәсіби қызметінде ақпараттық технологияны құрал ретінде пайдаланады (Интернет-қорларды, пән облысына қатысты интерактивтілік пен ақпарат беру деңгейін сараптайды; программалық жабдықтар мен ауқымды компьютерлік желі қорларын технологиялық, экономикалық, эргономикалық және техникалық талаптарды есепке ала отырып талдайды; Интернет желісінде программалық-технологиялық және ақпараттық жабдықтардың берілу түрін, құралдарын, сапасын бағалайды);
практикалық (кәсіби) – ақпаратпен жұмыс жасау үшін жаңа құралдар жасауды меңгереді.
Олай болса, егер мұғалім ақпараттық-коммуникациялық технологияға бағытталса, ақпаратпен жұмыс технологиясын жетік меңгерсе, онда ақпараттық қоғамда өмір сүріп, оның талабына сай бейімделе алатын келер ұрпақтың да іргетасы берік қаланады. Сондықтан әр оқу орнында веб-дизайн, компьютерлік дизайн, компьютерлік графика, музыкалық өнер бойынша әртүрлі студенттік студиялар көбейсе, болашақ мамандардың ақпараттық-коммуникациялық және кәсіптік құзыреттілігі арта түспек.
Кәсіби құзыретті, бүкіләлемдік ақпараттық кеңістікте дұрыс бағдар ұстап, қоғамды ақпараттандыру мәселелерін шеше алатын, ғылыми – зерттеу жұмыстарын жасау мүмкіндігі деңгейі жоғары маман дайындасақ, күні ертең ұрпақ тәрбиелер ұстаз бойында ізгі мұраттарды қалыптастырсақ, нұр үстіне нұр емес пе!
Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты. Ел президенті Н.Ә. Назарбаев «соңғы 10-15 жыл бойында бәсекеге қабілеттіліктің жаңа өлшемі пайда болды: салмақ жаһандық экономикалық жаңа сапаға – «білім экономикасына» өтуіне түсіріледі», – деген болатын. Олай болса, әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені, еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.