Тірі заттың негізгі массасы — өсімдіктерде. Олар жерге түсетін күн энергиясының 1%-ке жуығын сіңіреді. Биогеохимиялық процестердің қарқыны организмдердің шапшаң көбеюіне байланысты. Тірі дене құрамының негізгі массасы химиялық элементтердің аз ғана тобынан құралады. Геохимияның салалары - теориялық геохимия, кристаллохимия, жеке элементтер геохимиясы, радиогеология, физикалық геохимия, топогеохимия, биогеохимия сияқты салалары бар.
Жердегі хим. элементтер 4 топқа бөлінеді:
Сидерофильдер [темірге жақындар (Fe, Nі, Co, т.б.)], көбінесе, орталық ядрода орналасқан;
Халькофильдер [күкіртке жақындар (Cu, Zn, Sb, т.б.)] оксидті және сульфидті қабатта кездеседі;
Литофильдер [тас құраушылар (Sі, Mg, Ca, Ba, т.б.)] — силикатты қабатта;
Атмофильдер [ауа құраушылар (Не, Ar, Ne, т.б.)] ауа қабатында жиналады.
Достарыңызбен бөлісу: |