Зиянды заттар жєне кєсіптік ауруларды ескерту


Жердегі химиялық элементтер



бет53/104
Дата31.12.2021
өлшемі1,8 Mb.
#129046
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   104
Байланысты:
УМКД Биогеохимия

Жердегі химиялық элементтер


Жердегі хим. элементтер 4 топқа бөлінеді:

  1. Сидерофильдер [темірге жақындар (Fe, Nі, Co, т.б.)], көбінесе, орталық ядрода орналасқан;

  2. Халькофильдер [күкіртке жақындар (Cu, Zn, Sb, т.б.)] оксидті және сульфидті қабатта кездеседі;

  3. Литофильдер [тас құраушылар (Sі, Mg, Ca, Ba, т.б.)] — силикатты қабатта;

  4. Атмофильдер [ауа құраушылар (Не, Ar, Ne, т.б.)] ауа қабатында жиналады.

Ауа қабатында элементтер газ немесе жеке элемент түрінде кездеседі. Атомның газ түрінде болуы оның кеңістікте еркін таралуын немесе су мен тас қабаттардағы атомдармен жылдам алмасуын жеңілдетеді. Геохимиялық процестер, көбінесе, тропосфера қабатында өтеді. Су қабатында элементтер ерітінді түрінде, ал Жер қыртысында — минерал, молекула, атом, ерітінді, бу түрінде кездеседі. Геохимия, физика, геология, минерология ғылымдарының әдістеріне сүйенеді. Геохимияның магмалық жыныстар геохимиясы (петрохимия), гидротермальдік процестер геохимиясы, изотоптар геохимиясы, биогеохимия, шөгінді жыныстар геохимиясы, гидрохимия, гидрогеохимиясы, сондай-ақ, метаморфтық процестер геохимиясы, мұхит геохимиясы, мұнай геохимиясы, кен байлықтарын іздеудің геохимиясы әдістері сияқты бөлімдері дамып келеді. Аймақтық геохимиялық зерттеулер Қазақстанның көптеген кендерінің түзілу заңдылықтарын ашуға мүмкіндік берді. Табиғи шикізатты кешенді пайдалану қажеттігіне байланысты кентастағы қоспа элементтердің таралу ерекшеліктерін және қандай күйде кездесетінін зерттеу кеңінен дамыды. Қорғасын-мырыш кендеріндегі талийдің, индийдің, фтордың, т.б. серіктес элементтердің Геохимиясы жөніндегі алғашқы зерттеулер Қазақстанның кен байлықтарын жете білудегі жаңа бағыттың бастамасы болды. Сирек және шашыранды элементтерді зерттеу нәтижесінде көптеген кендердің кешенді екендігі анықталды. Түсті металдарды іздеуге байланысты шашыраудың бастапқы ореолдары бойынша іздеудің геохим. тәсілдері кеңінен дамыды. Түсті металдардың көптеген кендеріндегі бастапқы геохим. ореолдардың түзілу ерекшеліктері айқындалды.[2]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет