"зоология" пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен


Дәріс №6. Буылтық құрттар типі



бет3/5
Дата10.03.2017
өлшемі1,28 Mb.
#11267
1   2   3   4   5

Дәріс №6. Буылтық құрттар типі.

Мақсаты: Буылтық құрттар типі, негізгі өкілдері туралы сипаттама беру.

Дәріс жоспары:


  1. Буылтық құрттардың жалпақ және жұмыр құрттармен салыстырғанда құрылысының еркшеліктері.

  2. Көпқылтанды буылтық құрттар класының жалпы сипаттамасы.

  3. Азқылтанды буылтық құрттар класының жалпы сипаттамасы.

Буылтық құрттардың жалпақ және жұмыр құрттармен салыстырғанда құрылысының еркшеліктері.

Буылтық құрттар типінің негізгі белгілері:



  1. Буылтық құрттардың денесі бас жақтауынан, бунақталған кеудеден және артқы аналь жақтауынан – пигидийден тұрады.

  2. Жақсы жетілген тері-бұлшықет қапшығы болады.

  3. Екінші кезектегі дене қуысы – целом бар.

  4. Ауыз тесігі кеуденің бірінші буынының құрсақ жағында орналасады. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан, жұтқыншақтан, ортаңғы және артқы ішектен, аналь жақтауынан және ұшында ашылатын аналь тесігінен тұрады.

  5. Көпшілік буылтық құрттарда жақсы дамыған тұйық қан айналу жүйесі пайда болады.

  6. Зәр шығару қызметін нефридий атқарады, әр бунақта бір жұптан болады.

  7. Жүйке жүйесі жұп бас миынан, жұп жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасынан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады.

  8. Қарапайым құрылысты буылтық құрттар дара жынысты; кейбір аннелидтерде екінші рет гермафродитизм пайда болған.

  9. Типтің төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфозды жүреді, дернәсілі – трохофора.

Көпқылтанды буылтық құрттар класының жалпы сипаттамасы.

Көп қылтандылар класы. Бұл класс 5300 түрден тұратын өкілдерге бай буылтық құрттар, негізінде теңізде тіршілік етеді. Көпшілігі белсенді қоғалып судың түбінде жорғалайды, шөгіндіні қазады және жүзеді; басқалары – қорғаныш түкшелерінде қозғалмай отырады. Біраз ғана өкілдері паразиттер.

Полихеттер класына тән белгілер: бас жақтауының сезім өсінділері жақсы дамыған, әрқашан да бір жұп пальпасы болады, қозғалмайтын полихеттерде қармалауыштар тәрізді өсінділер шашағына, яғни желбезектерге айналады. Дененің әр буынында бір жұп қарапайым аяқшалар – қылтанды параподийлер орналасқан.

Азқылтанды буылтық құрттар класының жалпы сипаттамасы.

Олигохеттердің 3400 түрі белгілі. Алдыңғы бөлімінде кішкене қозғалмалы басжақтауы орналасқан, оның көздері, антенналары және пальпалары болмайды. Қылтан саны аса көп болмағандықтан аз қылтандылар деп атайды.

Ас қорыту жүйесі жақсы жіктелген бөлімдерден тұрады – жұтқыншақ, өңеш, етті қарын, ортаңғы және артқы ішек. Жауын құртының өңешіне үш жұп ерекше ізбес бездері ашылады. Қан айналу жүйесі көп қылтанды құрттардағы сияқты. Арқа қан тамыры және сақиналы тамырлары бар. Зәр шығару мүшелері бунақталып орналасқан көптеген метанефридийлерден құралған. Зәр шығаруға қатысатын хлорагогенді клеткалар ортаңғы ішек пен қан тамырларының үстінде жатады.

Жүйке жүйесі жұп бас миынан, жұп жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасынан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Сезім мүшелері аз қылтандыларда нашар дамыған. Көздері болмайды.

Жыныс жүйесі. Олигохеттер гермафродитті, гонадалары аз мөлшерде жыныс бунақтарында шоғырланған. Аналық жыныс жүйесі 13-бунақта орналасқан бір жұп өте ұсақ жұмыртқа бездерінен және 14-бунақта ашылатын бір жұп оймыш жұмыртқа жолдарынан, тұқымқабылдағыштардан тұрады.

Жауын құрттары айқас ұрықтанады. Олигохеттердің дамуы трохофора дернәсілінсіз жүреді. Жұмыртқалар пілләнің ішінде дамып, одан жетілген құрт шығады.

Сүліктер класының жалпы сипаттамасы.

Сүліктер класы. Сүліктер еркін өмір сүруші жыртқыштар немесе басқа жануарларға шабуыл жасап, олардың қанымен қоректенетін эктопаразиттер. Теңіз, тұщы су және сирек жағдайда құрлық жануарлары. Сүліктердің 400-ге жуық түрлері белгілі. Сүліктердің полимерлі жануарлар, бунақ сандары тұрақты, қылтандары жоқ. Денесінің алдыңғы және артқы ұштарында бір-бірден сорғыштары бар, айқын бас және аналь жақтаулары болмайды. Целомы жойылып, қаны бар лакунды жүйеге айналған. Ішкі мүшелерінің арасы паренхимаға толып тұрады. Гермафродиттер, тура дамиды.



Қолданылған әдебиеттер:

Дәуітбаева К.А. Омыртқасыздар зоологиясы. –Алматы Қазақ
университеті, 1997. 2 -бөлім.

Түсіпова К.С.Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы,1999ж.


4 Блок Буынаяқтылар типі
Дәріс №7. Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер класы.

Мақсаты: Буынаяқтылар типі, негізгі кластары туралы сипаттама беру.

Дәріс жоспары:


  1. Буынаяқтылдар типіне жататын жануарлардың негізгі кластары.

  2. Шаянтәрізділердің құрылыс ерекшеліктері. Даму типтері, дернәсілдік кезеңдері.

  3. Жоғары сатыдағы шаяндардың құрылысының және дамуының ерекшеліктері.



Буынаяқтылар типіне жататын жануарлардың негізгі кластары.

Шаянтәрізділердің құрылыс ерекшеліктері. Даму типтері, дернәсілдік кезеңдері.

Шаянтәрізділер су фаунасының маңызды бөлімін құрайды. Белгілі түрлерінің саны шамамен 20000. Шаянтәрізделер негізінде теңіздер мен әртүрлі тұщы суларды, сол сияқты жер асты суларында да мекендейді. Планктонды және бентосты түрлері де кезеседі. Кейбір шаяндар бекініп тіршілік етеді; көптеген паразиттері де белгілі. Шаяндардың әртүрлі топтарының құрлықта тіршілік етуге көшкендері де бар.

Басқа буынақятылардан шаян тәрізділер кейбір ерекшеліктерімен ажыратылды. Біріншіден, екі жұп мұртшаларының қатар болуы акронның өсіндісі – антеннулалар және дененің 1-ші бунағының түрі өзгерген аяқтары -– антенналар. Екіншіден, шаянтәрізділерде ғана аяқшалары қарапайым қос тармақты құрылымын сақтап қалады. Бірақ эволюция процесінде аяқтардың осы алғашқы түрі күшті өзгерістерге ұшыраған: аяқтары екінші рет бір тармақтан тұрады.

Шаянтәрізділерде аяқшалардың ерекше өсінділері – эпиподиттерде орналасқан желбезектердің көмегімен тыныс алады.



Жоғары сатыдағы шаяндардың құрылысының және дамуының ерекшеліктері.

Теңіздерде, тұщы суларда кең тараған, сонымен қатар құрлықта және паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Басқа класс тармақтарынақарағанда құрылыс деңгейі жоғары, сезім мүшелері күшті дамыған және соған сай іс-әрекетгері де күрделі, ірі шаяндар. Бұлардың басты ерекшелігі: дене сегменттерінің саны тұрақты, басы (акрон және 4 сегмент), 8 кеуде және 6 құрсақ сегмештері болады (Leptostraca отрядының өкілдерінде ғана

өзгеше). Кейде бас капсуласының құрамына акрон және 4 сегменттен басқа, кеуденің І-ші сегменті кіреді (Amphipoda және Isopoda отрядында) немесе басы протоцефалон (акрон және антенна сегменті) түрінде қалады. Соңғы жағдайда бастың жақ сегменттері кеуденің бірнеше немесе барлық сегменттерімен қосылып жақкеудені (гнатоторакс) түзейді. Дене сегменттерінің әрқайсысында жұп аяқтары болады, тек құрсақтың соңғы сегментінде аяғы жок, ол тельсон (telson) деп аталатын тақтаға айналған (Leptostraca отрядының өкілдерінде ғана айыршасы (furca) бар). Ересек түрлерінде антеннальды бездер зәр шығарады. Жыныс тесіктері аналығының 6-шы, аталығының 8-ші кеуде сегментерінде ашылады. Дамуы метаморфоз жолымен немесе тура (эпиморфоз). 19000-нан аса түрі бар. Жоғарғы сатыдағы шаяндар класс тармағы 14 отрядқа бөлінеді, солардың ішінде ең көп тараған әрі маңызды отрядтарды қарастырамыз: жұқасауытгы шаяндар - Leptostraca, ауызаяқты шаяндар - Stomatopoda, мизидалар - Mysidacea, эуфаузиялар - Euphausiacea, теңаяқты шаяндар - Isopoda, бүйірімен жүзуші шаяндар немесе амфиподалар - Amphipoda, онаяқты шаяндар - Decapoda.

Қолданылған әдебиеттер:

Дәуітбаева К.А. Омыртқасыздар зоологиясы. –Алматы Қазақ
университеті, 1997. 2 -бөлім.

Түсіпова К.С.Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы,1999ж.


Дәріс №8. Кеңірдектыныстылар тип тармағы. Бунақденелілер класы.

Мақсаты: Бунақденелілердің құрылысының ерекшеліктері туралы сипаттама беру.

Дәріс жоспары:


  1. Бунақденелілердің ауалы ортаға бейімделген буынаяқтылар ретінде құрылысының ерекшеліктері.

  2. Бунақденелілердің жалпы морфо-физиологиялық сипаттамасы. Сыртқы құрылысы.

  3. Бунақденелілердің ішкі құрылысы.

  4. Толық түрленіп және толық түрленбей дамитын бунақденелілер.

Бунақденелілердің ауалы ортаға бейімделген буынаяқтылар ретінде құрылысының ерекшеліктері.

Бунақденелілер – Жер бетінде саны бойынша көп шамамен 1 млн түрді біріктіретін жоғары топ болып саналады.

Бунақденелілер - буынаяқтылардың ішіндегі прогрессивті дамыған топ болып саналады.

Жер бетінде олардың кең таралуына құрылыс және даму ерекшеліктері әсер еткен. Олардың жабындары денені кеуіп кетуден сақтайтын эпикутикуламен жабылған. Оларда барлық мүшелерге дейін оттегіні жеткізетін кеңірдекті жүйе күшті жетілген. Олар буынаяқтылардың ішінде жақсы қозғалатын жануарлар. Сол сияқты олар ұшуға да бейімделган. Ұшу – бұл бунақденелілер эволюциясындағы маңызды прогресситві жетістік болып табылады.

Бунақденелілердің денесі анық үш бөлімнен тұрады: басы, кеудесі және құрсағы. Олар тек құрамына кіретін сегменттерде орналасқан өсінділер мен аяқтардың құрылысы және олардың атқаратын қызметтері бойынша ерекшеленеді.

Бунақденелілердің жалпы морфо-физиологиялық сипаттамасы. Сыртқы құрылысы.

Басы кеудеден анық бөлінген. Басы өте күшті хитинделген және бас капсуласына айналған. Вентральды жағында ауыз тесігі бар. Бас капсуласы ауыз аппараты мүшелерінің, антенналардың және көздің орналасу жері болса, ал ішкі жағынан бас миын жауып тұрады. Маңдай бет жабынымен, жоғары ерінмен, көзді қоса алғанда акронға сәйкес келеді.

Басының алдыңғы жағында жұп антеннасы, немесе мұртшалары болады. Мұртшаның кейбір буындарының мөлшері бекитін жерінде іріректеу, ал қалғандары – кішілеу, саны көп болып бірікенде бұрау құрайды. Мұртшалар жануар денесімен қозғалмалы байланысқан. Олар дәм және иіс сезу функцияларын атқарады.

Ауыз аппараты жоғары еріннен, жұтқыншақастынан, екі жұп жақтан және төменгі еріннен тұрады.

Кеуде үш бөлімнен тұрады: алдыңғы бөлім – алдыңғы кеуде, ортаңғы бөлім – ортаңғы кеуде және артқы бөлім – артқы кеуде. Вентральды жағындағы сегменттер стерниттер, ал дорзальды жағынан тергиттер деп аталады.

Кеудеде екі жұп қанаттары орналасқан, олар арқа жағынан дененің көп бөлігін жауып жатады.

Морфологиялық жағынан қанаттар аталықтарында жақсы жетілген, бірақ олардың қызметі нашар дамыған, ал аналықтарында олар тіпті редукциялануға дейін барған.

Кеудесінде үш жұп жүргіш аяқтары бар; сондықтан бунақденелілерді алты аяқтылар – Hexapoda (гексапода) деп атайды. Аяқтарының құрылысы біртекті; бірінші жұп алдыңғы кеудеге, екінші жұп ортаңғы кеудеге, үшінші жұп артқы кеудеге бекініп тұрады. Аяқ бес элементтен құралады. Негізгі буын – жамбас, ол жақсы жетілген, пішіні жалпақ ұзынша тақта тәрізді. Одан кейін кішкене буыны ұршығы бар, ол қозғалмай санмен байланысқан. Санға жалғасып жатқан сирақ жақсы жетілген; бұлар аяқтың ұзын бөліктері болып табылады. Соңында табан, ол өз алдына бес бунақтан тұрады. Табанның дистальды буынында тырнақтары бар, олардың арасында астыңғы жағында жастықша – пульвилла болады.

Кеуде мен құрсақ арасындағы шекара өте жақсы білінеді. Құрсақ мөлшері әртүрлі он сегменттен тұрады. Тергиттердің барлығы жақсы көрінеді. Кейбір бунақденелілерде церкийлері бар, бұлар иіс сезу мүшелері. Церкийлер түрі өзгерген құрсақ аяқтары.

Бунақденелілердің ауыз аппаратының негізгі қызметі қоректі тасымалдау. Бірақ бұл жалпы қызмет әртүрлі формада болады, яғни оның құрылысымен және ауыз аппараттарының әртүрлі типтерінің функцияларымен байланысты. Олардың шығу тегі бір болғандықтан әртүрлі құрылысты болса да олардың өзара байланысын және сәйкес мүшелердің ұқсастығын көруге болады. Ауыз аппарттарының төмендегідей типтері бар:

Ауыз аппаратының кеміргіш типі. Осы типтегі ауыз аппараты бар бунақденелі оның көмегімен ұнтақтауды, үзіп алуды, бөлшектеуді қажет ететін қатты қорекпен қоректенеді. Бұл ауыз аппараты түзуқанаттыларға, қоңыздарға және инеліктерге тән.

Жалағыш, немесе кеміргіш-жалағыш ауыз аппараты. Бұл ауыз типі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: жоғары ерін, жоғары жақ және тұмсық. Араның ауыз аппараты өсімдіктің шырынымен қоректенуге бейімделген. Ауыз тесігіне сұйықтықтың көтерілуі жұтқыншақ пен ауыз бөлімдерінің белсенді сору қызметі арқылы жүзеге асады.

Сорғыш ауыз аппараты. Барлық көбелектерге, немесе қабыршаққанаттыларға бір типті ауыз аппараты тән. Сыртқы түрі бойынша бұл ауыз аппараты да тұмсық болып табылады.

Тескіш–сорғыш ауыз аппараты. Бұл ауыз аппараты сырт жағынан қарағанда тұмсық сияқты, бірақ алдыңғы қарастырылған ауыз аппараттарынан өзгешелігі бар. Қандалалардың ауыз аппараты жануар немесе өсімдік жабынының астындағы сұйық қоректі қабылдауға бейімделген.

Тескіш-сорғыш аппараты. Атқаратын функциясы бойынша ол қандаланың ауыз аппаратына ұқсас. Морфологиялық жағынан оны құрайтын бөліктердің ұзындығы бойынша ерекшеленеді.

Бунақденелілердің ішкі құрылысы.

Бунақденелілердің ішкі құрылысы бұл буынаяқтылардың жер үстінде құрылықта тіршілік етуге көшу ерекшеліктеріне байланысты. Құрсақтың барлық сегменттерінде түтік екі шетінде жұп остиялары бар камералар түзеді, остиялардың клапандары бар. Тамырдың бұл бөлігі жүрек деп аталады, оны үлпершек қуысы қоршап тұрады. Жүректің артқы бөлігі тұйық, алдыңғы бөлігі қолқаны түзеді және ол дене қуысына ашылады.

Дене бойымен үш жұп негізгі кеңірдек бағаналары өтеді. Кеңірдекті бағаналар сыртқы ортамен стигмалар арқылы байланысады. Әр бүйірлі кеңірдек барлық тыныс тесіктерін дененің бір жағынан байланыстырып тұрады. Стигмалар арқылы ауа бүкіл кеңірдекті жүйеге еркін өтіп, кез келген мүшеге және ұлпаға барады.

Ас қорыту жүйесі және зәр шығару мүшелері. Асқорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады; оның артқы бөлігінде сілекей бездерінің жолдары ашылады. Сілекей бездері жұп, шоқ тәрізді, күшті жетілген және жұп резервуарларымен байланысқан. Одан әрі ол жұтқыншаққа барады, ол қысқа түтік тәрізді өңешке жалғасады. Өңеш біртіндеп қап тәрізді жемсауға айналады, оның артында бұлшықетті қарын бар. Жұтқыншақ, өңеш, жемсау және бұлшықетті қарын – құрамды бөліктер, немесе алдыңғы ішектің мүшелері.

Жемсауда қорек біраз бөгеледі және оған түскен сілекей әсерімен қорытылады. Шайнағыш қарынның күшті бұлшықетті қабырғалары бар.

Ортаңғы ішектің пішіні цилиндрлі түтік тәрізді. Алдыңғы бөліммен байланысқан шекарасында ол сегіз тұйық саусақ тәрізді өсінділер түзеді, олардың құрылысының және қызметінің ортаңғы ішектен айырмашылығы жоқ.

Эктодермальды артқы ішек бөлімдерге бөлінеді: ащы ішек – өте қысқа, тоқ ішек – салыстырмалы ұзын, ол кеңейген ректальды бөлімге ауысады және ол аналь тесігімен аяқталады. Артқы ішекте қорытылған қоректен судың сіңірілуі жүреді, қорытылмаған қалдықтар сыртқа шығарылады.

Зәр шығару жүйесіне ортаңғы ішек пен артқы ішектің шекарасында радиальды орналасқан жіңішке түтіктер – мальпиги тамырлары жатады. Мальпиги түтіктері негізгі зәр шығару мүшелері болып табылады. Бөлінетін заттар несеп қышқылы, натрий және кальций тұздары және тағы басқалар. Зәр шығару жүйесінің қосымша мүшесіне майлы дене жатады, ол көптеген бунақденелілерде күшті жетіледі. Сонымен қатар, майлы дене насекомның ашығу кезеңіне қажетті қоректік заттар қорын жинауға қатысады.

Жыныс және жүйке жұйесі. Аналық жыныс жүйесіне жұмыртқа бездері, жолдары және қосымша бездері жатады. Аталық жыныс мүшелері жұп тұқым безінен, жұп тұқым жолдарынан, сыңар тұқым шығарғыш каналынан және қосымша бездерден тұрады.

Орталық жүйке жүйесі жұтқыншақ үсті және жұтқыншақ асты ганглийлерінен және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады.

Бунақденелілердің постэмбриональды дамуы. Бунақденелілердің ұрықтан кейінгі дамуы әртүрлілігімен сипатталады, ол өкілдерінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Бунақденелілердің дамуы метаморфоз арқылы жүреді. Метаморфоздың әр типі бунақденелілердің белгілі бір тобына тән болып келеді, бұл класс төңірегінде топтарды танып-білуге және бір-бірінен бөлуге көмегін тигізеді. Бунақденелілердің дамуының кең таралған типі толық емес метаморфозда дернәсілден ересек стадияның, немесе имагоның қалыптасуы болып табылады. Постэмбриональдық дамуда толық емес метаморфозда дернәсілдік кезеңдердің сипаты бойынша дамудың екі типін бөліп қарастыруға болады. Бірінші жағдайда дернәсілде дамудың алғашқы кезеңдерінде ересек формаға тән белгілері бар. Мұндай дернәсілдер ересек формаға тіршілік әрекеттері және қоректену тәсілдері бойынша да ұқсас болады. Олардың негізгі айырмашылықтарына қанаттарының болмауы, жыныс жүйелерінің жетілмеуі және дене бөлімдерінің өзіндік мөлшерінің қарым-қатынасы жатады.

Толық түрленіп және толық түрленбей дамитын бунақденелілер.

Толық түрленбей дамитын бунақденеліге инеліктер, біркүндіктер, тарақандар т.б.отрядтар жатады.

Инеліктердің 3500 түрі белгілі, жыртқыштар. Басы және көздері үлкен, мұртшалары қысқа; екі жұп қанаттары күшті жүйкеленген және дене бойына жиналмайды. Ауыз аппараты кеміргіш-шайнағыш; құрсағы ұзын, таяқша тәрізді.

Постэмбриональды дамуы толық емес метморфоз арқылы, дернәсілі суда тіршілік етеді және 3-тен 5 жасқа дейін дамиды. Дернәсілінің ересек күйге ұқсастығы және провизорлы мүшелері бар.

Біркүндіктердің 1000 шақты түрі белгілі. Ересек күйі қоректенбейді, жақтары редукцияланған, ішектері жетілмеген және ауаға толып тұрады; тіршілік ету ұзақтығы бір күннен бірнеше күнге дейін, қанаттары тыныштық күйде арқа үстінде вертикальды жиналып тұрады, артқы қанаттары алдыңғыларына қарағанда кішілеу, кейде рекдукциялануға дейін барады, қатты жүйкеленген; құрсағында 2-3 ұзын құйрық жіпшелері бар.

Постэмбриональды дамуы толық емес метамофоз арқылы жүреді, дернәсілі бірнеше жыл суда өмір сүреді, ересек бунақденеліге үқсас, бірақ кеңірдекті желбезектері түрінде провизорлы мүшелері бар.

Тарақандар отрядының 2200 жуық түрі бар. Қорек талғамайды, денесі жалпақ, басы жоғары жағынан алдыңғы арқамен жабылған; мұртшалары ұзын, қылтанақ тәрізді; ауыз аппараты кеміргіш-шайнағыш; алдыңғы қанаттары терілі, үстіңгі қанаттарға айналған, артқы қанаттары жарғақты; тыныштық күйінде қанаттары құрсаққа жиналып тұрады; ақтары ұзын, жүгіргіш типті; құрсағында церкийлері бар. Дамуы толық емес метаморфоз арқылы жүреді.

Түзуқанаттылар – ауыл шаруашылығының зиянкестері. Қандалалар мен биттердің жыртқыш және паразиттік түрлері. Күресу жолдары.

Түзуқанаттылар отрядының 10000 жуық түрі белгілі. Өсімдікқоректі бунақденелілер, ауыз аппараты кеміргіш-шайнағыш типті; екі жұп қанаттары тыныштық күйде құрсаққа жиналып тұрады; аяқтары секіргіш (артқы), кейде қазғыш (алдыңғы); құрсағында жұмыртқа салғышы бар.

Қандалалар отряды, немесе Жартылайқатқылқанаттылардың, 22000 жуық түрі белгілі. Өсімдікқоректілер, өсімдіктердің шырынын сорады; суда өмір сүретін жыртқыш түрлері де бар; кейбір түрлері қансорғыштар. Ауыз аппараты тескіш-сорғыш; екі жұп қанаттарының құрылысы әртүрлі: алдыңғылары жартылай элитраға айналған – негізгі бөлімі күшті қаңқаланған, дистальды бөлімі - жарғақты; артқы қанаты жарғақты. Дамуы толық емес метаморфоз арқылы жүреді.

Толық түрлеін дамитын бунақденелілерге: қаттықанаттылар, көбелектер, жарғаққанаттылар, қосқанаттылар т.б. отрядтар жатады.

Қатқылқанаттылардың, 250000 түрі белгілі. Тіршілік ету орталары және жағдайлары, әсіресе қоректену типтері алуан түрлі. Ауыз аппараты кеміргіш-шайнағыш; жабындары қатты қаңқаланған; алдыңғы қанаттары элитраға айналған.

Дамуы толық метаморфоз арқылы; дернәсілі нағыз, немесе аяқсыз; қуыршағы ашық типті.

Қабыршаққанаттылар отряды, немесе көбелектердің, 140000 түрі белгілі. Ауыз аппараты сорғыш түтікті, басының төменгі жағында спиральды иілген; екі жұп қанаттары бар, бүкіл денесін және қанаттарын микроскопиялық қабыршақтар жауып тұрады.

Дамуы толық метаморфоз арқылы; дернәсілі – кеміргіш ауыз аппараты бар жұлдызқұрт; қуыршағы жабық немесе піллә типті.

Жарғаққанаттылар отрядының 90000 түрі бар. Өсімдікқоректілер, паразиттер және жыртқыштар; тіршілік әрекеттері аулан түрлі. Ауыз аппараты кеміргіш-жалағыш, кейде кеміргіш-шайнағышқа жақын келеді; аяқтары әртүрлі құрылысты, оның ішінде жинағыш та бар; екі жұп жарғақ қанаттары нашар жүйкеленеген; артқы қанаттары алдыңғыларына қарағанда кішілеу.

Дамуы толық метаморфоз арқылы; дернәсілдері жалғанжұлдызқұрт немесе аяқсыз типті; қуыршағы бос.

Қосқанаттылар отрядының 85000 түрлі белгілі. Биологиясы өте алуан түрлі; өсімдіктердің ұлпалық сұйықтығымен, ыдыраған және басқа заттармен қоректенеді; қансорғыштары да көп. Ауыз апараты тескіш-сорғыш, кейде шыбынға ғана тән құрылысты; бір жұп алдыңғы қанаттары жарғақты; екінші жұптарының орнында – колба тәрізді ызылдауықтары бар; дене жабындары әлсіз қаңқаланған.

Дамуы толық метаморфоз арқылы; дернәсілі аяқсыз типті, кейде құрттәірзді дернәсіл; қуыршағы бос немесе жалған піллә типті.



Қолданылған әдебиеттер:

Дәуітбаева К.А. Омыртқасыздар зоологиясы. –Алматы Қазақ
университеті, 1997. 2 -бөлім.

Түсіпова К.С.Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы,1999ж.



Дәріс №9. Былқылдақденелілер типі.

Мақсаты: Былқылдақденелілер құрылысының ерекшеліктері туралы сипаттама беру.

Дәріс жоспары:

1. Былқыдақденелілер класының жалпы сипаттамасы.

1. Құрылыс ерекшеліктері.

2. Систематикасы.

Дәуітбаева К.А. Омыртқасыздар зоологиясы. –Алматы Қазақ
университеті, 1997. 2 -бөлім.

Түсіпова К.С.Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы,1999ж.


2 Модуль Хордалылар типі

1 Блок Бассүйексіздер тип тармағы
Дәріс №10. Бас сүйексіздер тип тармағы.

Мақсаты: Бассүйексіздер типіне сипаттама беру.

Дәріс жоспары:

1.Бас сүйексіздердің тектері.

2.Құрылыс ерекшеліктері.

3.Систематикасы.



Бас сүйексіздердің тектері. 

Осы кезде тіршілік ететін бас сүйексіздердің тегі туралы, палеонтологияда ешбір маглұматтар жоқ. Сондықтан да, бұл жануарлар тобының тегі туралы, салыстырмалы анатомия мен эмбриологияның мағлұматтарына ғана қарап қорытынды жасауға тура келеді. Академик А. Н. Северцевтің айтуынша, бас сүйексіздердің тегі еркін жүзе алатын екі жақты симметриялы жануарлар болған. Олардың атриальдьік қуысы болмаған, хордасы бас бөліміне жетіңкіремеген. Желбезек саңылаулары аз болған (17-20) және оларда симетриялы түрде орналасқан. Сол алғашқы бас сүйексіздерден екі бұтақ тараған. Біреуі—еркін жүзіп жүріп тіршілік ететін омыртқалардың шығуына себепші болған топ та, екінші— жай қозғалуға сутүбінде топырақты қазып тіршілік етуге бейімделгендері. Бұдан осы заманда тіршілік ететін бас сүйексіздердің ата тектері шыққан болуы мүмкін.



Құрылыс ерекшеліктері.

Қандауыршатәрізділер (Amphіoxіformes) хордалы жануарлардың бассүйексіздер тип тармағының жалғыз отряды. Қандауыршатәрізділердің бір ғана тұқымдасына жататын 30-ға жуық түрі бар. Бұлардың бәрі негізінен теңіздерде тіршілік етеді. Сондай-ақ АтлантҮнді және Тынық мұхиттарының қоңыржай және тропиктік аймақтарындағы жылы теңіздерде де кездеседі. Қандауыршатәрізділер теңіз суының температурасы 17 – 30°С, және тұздығы 20 – 30‰ болғанда белсенді тіршілік етеді. Қандауыршатәрізділердің көпшілік түрлері теңіздің жағалауға жақын бөліктерінде құйрық жағымен су ішіндегі құмға жартылай батып жатады. Қауіп төнгенде шоршып шығып басқа жердегі құмға жартылай батады.

 Қандауырша – омыртқасы жоқ желілі жануар. Онда желі, жүйке түтігі және желбезек саңылаулары өмір бойы сақталады.

Қандауыршаның дене тұрқы 5–8 см. Денесі екі бүйірінен қысыңқы. Арқа жүзбеқанаты тұтас әрі жіңішке. Ол тікелей құйрық және құйрықасты жүзбеқанаттарымен тұтасып кеткен. Құйрық жүзбеқанатының пішіні медицина құралы – қандауырға ұқсас болғандықтан, қандауырша деп аталған. Желбезек саңылауларын жұқа тері қатпары жабады.

Оның артқы жағында желбезек саңылауларын су шайып шығатын арнайы тесік бар. Тері қатпардың алдыңғы жағы тікелей ауыз алды қуысына жалғасады. Ауыз алды қуысының айналасында бірнеше жұп қармалауыштар орналасқан. Қармалауыштар суды үнемі ауыз қуысына өткізіп тұрады.

 Қандауыршаның терісі жұқа. Оның сыртқы қабаты – эпидермис. Ол грекше «эпи» – сырты, «дерма» – тері, яғни сыртқы тері қабаты деген ұғымды білдіреді. Терінің ішкі қабаты нағыз тері деп аталады. Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік – терісінің сыртында жұқа сірқабықтың (кутикуланың) болуы.

 Қандауыршада қаңқаның қызметін әрі тығыз, әрі серпімді желі атқарады.

Арқа және құрсақ бұлшықеттері таспа тәрізді созылып жатады. Бұлшықеттерінің жиырылуы арқылы қандауырша бір орыннан екінші жерге баяу қозғалады. Асқорыту жүйесі ауыз алды қуысынан басталады. Аузы көлемді жұтқыншақпен байланысқан. Жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары орналасқан. Қандауыршаның жұтқыншағы асқорыту және тынысалу қызметін атқарады. Жұтқыншақ тікелей қысқа ішекке жалғасады да, артқы тесікпен аяқталады.



 

Ауыз қуысының айналасындағы ұсақ қармалауыштары үнемі қозғалып, суды ауыз қуысына өткізеді. Сумен бірге ұсақ қарапайымдар жұтқыншаққа, одан ішекке өтіп, қорытылады. Қорытылмай қалған қалдық заттар аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.



 Жұтқыншақтың екі бүйіріндегі желбезек саңылауларында суда еріген оттегі қанға өтеді. Ол қан арқылы бүкіл денеге таралады.

  

Қандауыршаның ішкі құрылысы: 1 – ауыз төңірегіндегі қармалауыштар; 2 – желбезек саңылаулары бар жұтқыншақ; 3 – желі; 4 – жүйке түтігі; 5 – бауыр өскіні; 6 – жыныс бездері; 7 – ішек; 9 – аналь тесігі

 

Қандауыршада жүрек болмайды, оның қызметін арқа және құрсақ қантамырлары атқарады. Қаны – түссіз. Қанайналым жүйесі – тұйық. Қандауыршаның құрсақ қантамырында көмірқышқыл газына қаныққан қан желбезек саңылауларына барады. Желбезек саңылауларындағы ұсақ қантамырларында қан оттегімен қанығады да, бүкіл денеге таралады.



Қандауырша жұтқыншағының маңында зәршығару түтікшелері орналасқан. Олардың бір ұшы дене қуысына, екінші ұшы жұтқыншақ маңындағы қуысқа ашылады. Қажетсіз қалдықтар сумен бірге арнайы тесік арқылы сыртқа шығарылады.

 Орталық жүйке жүйесінің қызметін жүйке түтігі атқарады. Жүйке түтігі желінің үстіңгі жағында ұзынынан созылып жатады. Одан бүкіл денесіне ұсақ жүйке талшықтары тарайды.

 Қандауыршаның жүйке түтігінің әр жерінде сезімтал жасушалар шоғырланып орналасқан. Олар жарықты ғана сезеді. Сезімтал жасушалар терісінде де бар. Басқа сезім мүшелері дамымаған.

 Қандауырша – дара жынысты жануар. Көптеген ұсақ жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Жетілген жыныс жасушалар жұтқыншақ маңындағы сумен бірге сыртқа шығарылады. Ұрықтану суда жүреді, яғни сырттай ұрықтанады.

 Қандауырша екі-үш жылда жыныстық жағынан жетіледі. Жыныс жасушалары бөлшектену арқылы дамиды. Дернәсілдері су ішінде үш айдай кірпікшелерімен еркін жүзе алады. Олар жыртқыштықпен қоректенеді. Дернәсілдердің кірпікшелері бірте-бірте жойылады. Су түбіндегі құмға құйрық жағымен жартылай батып, бір орында тіршілік етеді. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын көрнекті орыс ғалымы А. О. Ковалевский (1840–1901) зерттеді. Ол қандауыршаның басқа омыртқалы жануарлармен туыстық жақын екенін дәлелдеп берді.

Қандауыршалар Атлант, Тынық мұхиттарының жылы теңіздерінде 10–30 м тереңдікте тіршілік етеді. Кейбір түрлері су ағынымен бірге басқа аймақтарға таралады.

 Теңіз жағалауындағы тұрғындар қандауыршаларды теңіз түбіндегі құм арасынан сүзіп алып, тағам ретінде пайдаланады. Дене құрамында нәруыз мол болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет