"зоология" пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет1/5
Дата10.03.2017
өлшемі1,28 Mb.
#11267
  1   2   3   4   5

ОӘК 042-18-22-1.116/03-2014

Басылым 1

69-беттің -сі




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қалАсының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжат

ОӘК

042-18-22.1.13/02 -2014

"Зоология" пәні бойынша

ОӘК


№1 басылым




"ЗООЛОГИЯ" пәні бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
5В070600 –"Биология»

мамандығына

Семей


2014

Мазмұны

1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Тәжірибелік сабақтар

4. Білім алушының өздік жұмыстары

5. Білім алушының оқытушымен бірге өзіндік жұмыстары



Глоссарий
Зоология – жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, құрылысын, тіршілік әрекеттерін, экологиясын оқытатын ғылыми пән;

зоогеография – жануарлардың орта жағдайларына байланысты Жер бетінде таралу заңдылықтарын қарастырады;

морфология – жануарлар организмдерінің сыртқы және ішкі құрылысының заңдылықтарын оқытатын ғылым;

онтогенез – особьтің жеке дамуы, ұрықтанған жұмыртқадан бастап особьтің өлгенге дейінгі кезеңі;

омыртқасыз жануарлар – осьтік мүшелер комплексі жоқ жануарлар;

палеозоология – құрып кеткен жануарлардың қазба қалдықтарын, олардың құрылысын, шығу тегін және қазіргі кезде тіршілік ететін формаларымен туыстық байланыстарды зерттейді;

симметрия - бүтін организмнің құрылымдарының реттілік дәрежесінің көрсеткіші;

таксономия – Жануарларды ғылыми жүйесінің және классификациясының теориясы мен практикасы;

тіршілік циклі – көбеюдің және ядролық циклдардың фазаларының заңдылықты ауысып отыратын түрдің даму циклі;

ұрық жапырақшалары – гаструляция процесінде пайда болатын және әртүрлі ұлпалар мен мүшелерге бастама беретін, көпклеткалы ұлпалы жануарлардың ұрық денесінің гомологиялық қабаттары;

ұлпа – организмде белгілі бір қызмет атқаратын клеткалардың, клеткаралықзаттардың және т.б. құрылымдардың жиынтығы;

филогенез – тірі материяның, оның систематикалық топтарының, организмдердің, жеке мүшелердің және олардың жүйелерінің тарихи дамуы;

физиология – тірі организмнің функцияларын, зат алмасуын, тіршілік ету ортасына бейімделу механизмдерін оқытатын ғылым;

экология – организмдердің бір-бірімен және олардың бірлестіктерінің қоршаған ортамен қарым-қатынасын оқытатын ғылым саласы;

протистология немесе протозоология – қарапайым бірклеткалы организмдерді зерттейтін ғылым;

гельминтология – паразиттік тіршілік ететін құрттарды зерттейтін ғылым;

карцинология – шаян тәрізділерді зерттейтін ғылым;

арахнология - өрмекші тәрізділерді зерттейтін ғылым;

акарология – кенелерді зерттейтін ғылым;

энтомология – бунақденелілерді зерттейтін ғылым;

малакология – моллюскаларды зерттейтін ғылым;

ихтиология – балықтарды зерттейтін ғылым;

герпетология – қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды зерттейтін ғылым;

орнитология – құстарды зерттейтін ғылым;

териология (маммалогия) – сүтқоректілерді зерттейтін ғылым.
2. Дәрістердің тезисі:
Модуль 1 Омыртқасыз жануарлар

Блок 1 Біржасушалылар патшалық тармағы
Дәріс №1. Кіріспе. Зоология пәні, міндеттері. Зоологияның қысқаша даму тарихы. Біржасушалылар патшалық тармағы. Саркомастигофоралар, споралылар типі. Инфузориялар типі.

Мақсаты: Зоология ғылымының биологиялық пәндер жүйесіндегі орнын көрсетіп, зоологияның даму тарихы туралы мәлімет беру. Бірклеткалы организмдердің дене құрылысы, көбеюі туралы мәлімет беру.

Дәріс жоспары:


  1. Пәннің мақсаты және міндеттері.

  2. Жануарлар органикалық әлемнің құрамды бөлігі. Жануарлардың табиғаттағы маңызы.

  3. Зоологияның жекелеген бөлімдері.

  4. Зоологияның қысқаша даму тарихы. Классификацияның негізгі принциптері. Жануарлар әлемін қорғау.

  5. Бірклеткалылар патшалық тармағының жалпы сипаттамасы. Саркомастигофора типі. Саркомастигофорлардың классификациясы.

  6. Споровиктер класының жалпы сипаттамасы. Паразиттік тіршілік етуге байланысты құрылыс ерекшеліктері. Жыныссыз және жыныстық көбеюдің алмасуы.

  7. Инфузориялардың жалпы сипаттамасы. Инфузориялардың көбеюі (коньюгация). Инфузориялардың негізгі кластары.

Пәннің мақсаты және міндеттері.

Зоология – жануарлар туралы ғылым. Ол биологиядан мамандарды дайындау саласында іргелі пәндердің бірі болып саналады. Жануарлар әртүрлі ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті материалы болып келеді, сондықтан зооология көптеген биологиялық ғылымдардың – систематиканың, салыстырмалы анатомияның, жануарлар физиологиясының, цитологияның, гистологияның, экологияның, зоогеографияның, протозоологияның, гидробиологияның, паразитологияның және т.б. ғылымдардың, сол сияқты жануарлардың аулан түрлілігін, дамуын, шығу тегін, органикалық дүниенің эволюциясын, заңдылықтарын зерттейді.

Зоологияның негізгі мақсаты – жануарлардың алуан түрлілігін, құрылыс ерекшеліктерін, тіршілік әрекеттерін, ортаға бейімделушіліктерін, таралу заңдылықтарын зерттеу, олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану және оның табиғаттағы қорын сақтау болып табылады.

Зоологияның міндеттері – жануарлардың негізгі типтерінің және кластарының өкілдерімен таныстыру, олардың морфологиясын, физиологиясын, экологиясын, этологиясын, көбеюін, дамуын, маңызын, филогениясын оқып білу.

Жануарлар әлемінің алуан түрлілігіне және оларды зерттеу әдістерінің ерекшеліктеріне байланысты зоология екі үлкен бөлімге бөлінеді: омыртқалылар зоологиясы – хордалылар типіне жататын жануарларға қатысты деректерді біріктерді және омыртқасыздар зоологиясы – жануарлар дүниесінің қалған 22 типтерін зерттеумен айналысады.

Жануарлар органикалық әлемнің құрамды бөлігі.

Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы зор және алуан түрлі. Жануарлар азық-түлік, әртүрлі өнеркәсіп, шикізат өнімдері, ет, май, сүт, тері, бал, балауыз, жібек, мүйіз, бақалшақ және т.б. береді. Олардың көпшілігі ауылшаруашылық дақылдарының тозаңдандырушылары, топырақ түзушілер, басқа жануарларға азық, органикалық заттарды ыдыратушылар болып келеді.



Зоологияның жекелеген бөлімдері.

Жануарларды зерттейтін негізгі пәндерге жатады:

зоогеография – жануарлардың орта жағдайларына байланысты Жер бетінде таралу заңдылықтарын қарастырады;

морфология – жануарлар организмдерінің сыртқы және ішкі құрылысының заңдылықтарын оқытатын ғылым;

палеозоология – құрып кеткен жануарлардың қазба қалдықтарын, олардың құрылысын, шығу тегін және қазіргі кезде тіршілік ететін формаларымен туыстық байланыстарды зерттейді;

физиология – тірі организмнің функцияларын, зат алмасуын, тіршілік ету ортасына бейімделу механизмдерін оқытатын ғылым;

экология – организмдердің бір-бірімен және олардың бірлестіктерінің қоршаған ортамен қарым-қатынасын оқытатын ғылым саласы;

протистология немесе протозоология – қарапайым бірклеткалы организмдерді зерттейтін ғылым;

гельминтология – паразиттік тіршілік ететін құрттарды зерттейтін ғылым;

карцинология – шаян тәрізділерді зерттейтін ғылым;

арахнология - өрмекші тәрізділерді зерттейтін ғылым;

акарология – кенелерді зерттейтін ғылым;

энтомология – бунақденелілерді зерттейтін ғылым;

малакология – моллюскаларды зерттейтін ғылым;

ихтиология – балықтарды зерттейтін ғылым;

герпетология – қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды зерттейтін ғылым;

орнитология – құстарды зерттейтін ғылым;

териология (маммалогия) – сүтқоректілерді зерттейтін ғылым.



Зоологияның қысқаша даму тарихы

Жануарлар туралы мағлұматтар көне дәуірлерден белгілі. Ежелгі ҚытайҮндістан, т.б. елдерде жануарлар туралы кітаптар шығарылған. Дегенмен, зоология ғылым ретінде алғаш Ежелгі Грекияда дамыған және ол Аристотель (б.з.б. 384–322) есімімен тығыз байланысты. Ол өз еңбектерінде тұңғыш рет жануарлар дүниесін жүйеге келтіріп, оларды қаны бар жануарлар және қаны жоқ жануарлар деп екі топқа бөлді. Зоологияның дамуына 16 ғасырдың аяғы – 17 ғасырдың басында ойлап табылған микроскоптың маңызы зор болды. Оны ойлап тапқан голландия ғалымы А.Левенгук (1632–1723) алғаш рет жануарлардың қан түйірлері мен қан капиллярларын сипаттап жазды. Левенгуктың басты жаңалығы – микроскоп арқылы су тамшыларын зерттеп, оның құрамында қарапайым жәндіктердің тіршілік ететінін ашуы болды. 17 ғасырдың аяғы және 18 ғасырдың басында жануарлар жүйеленімінің негізін ағылшын табиғат зерттеушісі Д.Рей жасады. Ол өзінің «Жануарларға жүйеленімдік шолу» (1693) атты кітабында жануарларды сыртқы белгілеріне қарай жіктеді. Мысалы, сүтқоректілерді ол екі топқа: саусақты сүтқоректілер және тұяқты жануарлар деп бөлген. Одан кейін швед ғалымы К.Линней «Systema naturae»(1735) деген еңбегінде жануарлар мен өсімдіктерді жүйелеуде түр, туыс, класс деген зоологиялық атаулар ұсынды. 18 ғасырдың аяғы – 19 ғасырдың басында француз ғалымы Ж.Кювье жануарлардың салыстырмалы анатомиясы палеонтологияның негізін салды. Ал 1825 жылы француз зоологыА.Бленвиль жануарлар жүйеленіміне тип деген ұғымды енгізді. 19 ғасырда француз ғалымы Ж.Б.Ламарк тірі табиғаттың тарихи дамуын зерттеді. Оның «Зоология философиясы» (1809) деген еңбегінде органик. дүние эволюциясының ғылыми теориясы баяндалды. Зоологияның дамуына 19 ғасырдың 30-жылдары неміс биологтары М.Шлейден мен Т.Шванн ашқан клеткалық теорияның үлкен әсері болды. Бұл теория клеткалық деңгейде тірі организмдердің біртұтас екендігін толық дәлелдеді. Ағылшын табиғат зерттеушісі Ч.Дарвиннің «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы» (1859) атты белгілі еңбегінен кейін зоология ғылымы дамуының жаңа кезеңі басталды. 19 ғасырдың 2-жартысында неміс ғалымдары Э.Геккель мен Ф.Мюллер эволюция іліміне сүйене отырып, филогенетткалық зоологияның негізі – биогенетикалық заңды ашты. Эволюциялық салыстырмалы эмбриологияның дамуы Ресей зоологтары И.И.Мечников, А.О.Ковалевскийдің еңбектерімен тығыз байланысты. Қазақстан зоологиясы Қазақстан жануарлары туралы алғашқы ғылыми жазба деректер ВизантияРим, Араб халифаты елшілерінің жолжазбалары мен Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігінде», «Кодекс Куманикусте» («Қыпшақ тілінің сөздігі») кездеседі. Қазақстанға 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында келген географ-саяхатшылардың экспедициялық зерттеулерінің қорытындысы мен жеке мамандардың еңбектерінде де біздің өлкедегі жануарлар туралы деректер мол. Мысалы, П.С.Паллас құс пен аңның 41 түріне, Э.А.Эверсман құстың 8 түріне сипаттама берген. Сондай-ақ Н.А.Северцовтің «Түркістан жануарларының таралуы», П.П.Сушкиннің «Қырғыз даласының құстары», Н.А.Зарудныйдың «Арал теңізі құстары», т.б. ғылыми еңбектері аңдар мен құстардың жаңа түрлерін ашып, хайуанаттардың географиялық таралуы мен биологиясын зерттеп білуде маңызы зор болды. 20 ғасырдың басында Л.С.Берг Арал теңізі мен Балқаш көлі балықтарын зерттеді. Алынған ғылыми мәліметтері оның үш томдық «КСРО және көрші елдер тұщы су балықтары» (1948–49) деген кітабына енді. Сондай-ақ республикамыздың жануарлар дүниесін зерттеуде КСРО ҒА-ның Зоология институты, Мәскеу мемлекеттік университеті, т.б. жоғары оқу орындарының ғалымдары (К.И.Скрябин, Д.Н.Кашкаров, А.Л.Бродский, Б.С.Виноградов, В.А.Селевин, т.б.) үлкен үлес қосты. 20 ғасырдың 20-жылдары Жетісуда көрнекті ғалым В.Н.Шнитников көптеген коллекциялық материалдар жинады. Соның нәтижесінде ол «Жетісу сүтқоректілері» (1936) және «Жетісу құстары» (1949) атты ғылыми еңбектерін жариялады. 20 ғасырдың 30-жылдары Е.Н.Павловский, В.А.Догель, Б.Е.Быховский, т.б. белгілі ғалымдардың басшылығымен жануарлар паразиттері және олар тарататын ауру түрлерін кеңінен зерттеу қолға алынды. Соның нәтижесінде «Арал теңізі балықтарының паразиттері» (1934) және «Каспий теңізі балықтарының паразиттері» (1938) сияқты ғылыми еңбектер жарық көрді. 1924 жылы Алматыда Қазақ өсімдік қорғау стансасы (қазіргі Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты) ашылып, онда ауылшаруашылығы дақылдарына зиянын тигізетін кеміргіштерді зерттеп, оларға қарсы күрес жолдары анықталды. 1929 жылы ашылған обадан арылу стансасында (қазіргі Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталық) қауіпті оба ауруын тарататын кеміргіштер мен олардың паразиттері зерттелді. Республикада жануарлар жөніндегі жүйелі зерттеулер КСРО ҒА-ның қазақстандық базасының құрамында Зоология секторы ашылғаннан кейін (1932) басталды. Зоология саласындағы іргелі ғылыми-зерттеулер 1943 жылы құрылған Зоология институтында жүргізілді. Қазақстанның зоолог-ғалымдарының көп жылдық ғылыми-зерттеу жұмыстары: «Қазақстанның бауырымен жорғалаушылары», (1956), «Қазақстан құстары» (1–5 т., 1960–74), «Қазақстан тұяқты жануарларының ішкі паразит құрттары» (1–2 т., 1962–63), «Қазақстан сүтқоректілері» (1–4 т., 1969–85), «Қазақстан балықтары» (1–5 т., 1986–92), «Қазақстанның қызыл кітабы» (1996) сияқты іргелі еңбектерде қорытылған. Қазақстанда сүтқоректілер мен құстардың, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің түрлері мен жалпы саны анықталды; кейбір топтарға жататын омыртқасыз жануарлардың фаунасы мен жүйеленімі, жабайы жануарларды халық ш-нда пайдаланудың ғылыми негіздері кеңінен зерттелді. Соңғы жылдары республикамызда жануарлар дүниесінің әртүрлілігін сақтау, оларды ұдайы өсіру және ұтымды пайдаланудың ғыл. жолдарын жасау, жануарлар мен адамның табиғи ошақты және паразиттік ауруларын болдырмау тәсілдерін іздестіру, жануарлар әлемінің кадастрін жасау жұмыстары Қазақстан ғалымдары Е.В.Гвоздев, Т.Досжанов, А.Бекенов, Э.И.Гаврилов, А.Ф.Ковшарь, И.Д.Митяев, Г.Уәлиева, Б.Шайкенов, Л.А.Бурделов, Д.Жатқанбаева, т.б-лардың басшылығымен жүргізілді. Сондай-ақ зоология проблемалары ҚазҰУ мен облыс орталығындағы университеттердің биология факультеттерінде, мемлекттік қорықтар мен зоологиялық қорықшаларда, ұлттық табиғи саябақтарда зерттеледі.

Бірклеткалылар патшалық тармағының жалпы сипаттамасы. Саркомастигофора типі. Саркомастигофорлардың классификациясы.

Қарапайымдылар – бір клеткалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жануарлар. Морфологиялық жағынан бр клеткалы болғанымен, олар дербес өмір сүретін жеке организм, зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму және т.б. қызметтерін атқарады. Клеткасы цитоплазмадан, ядродан және органоидтардан құралған. Органоидтарға: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты т.б. жатады. Органикалық заттар және сұйықтық тамшылар клеткаға фагоцитоз және пиноцитоз жолдарымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі болады.

Қарапайымдыларда қозғалыс органоидтары жақсы жетілген. Олар: жалған аяқтар, талшықтар және кірпікшелер. Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюде негізгі бөліну тәсілі - митоз. Жынысты көбеюі аталық және аналық жыныс клеткаларының немесе гаметаларының бір-бірімен қосылуы арқылы жүреді. Бұл процесті копуляция деп атайды.

Қарапайымдылардың 70000 аса түрлері белгілі, тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда кең тараған және жануарлар мен адамның денесінде паразиттік тіршілік етеді.

Қазіргі қарапайымдылар 5 типке бөлінеді: Саркомастигофорлар типі, Споралылар немесе Апикомплекстер типі, Микроспоралылар, Миксоспоралылар және Инфузориялар немесе Кірпікшелілер типі.

Споровиктер класының жалпы сипаттамасы. Паразиттік тіршілік етуге байланысты құрылыс ерекшеліктері. Жыныссыз және жыныстық көбеюдің алмасуы.

Споралылар буылтық құрттардың, моллюскалардың, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлардың және адамдардың ішегінде, дене қуысында, қан клеткаларында паразиттік тіршілік ететін бір клеткалы қарапайым жәндіктер. Паразиттік тіршіліктің әсерінен ас қорыту, жиырылғыш вакуольдері жойылған, қоректік заттарды бүкіл денесі арқылы сіңіріп алады, ешқандай қозғалыс органоидтары болмайды, тек жынысты клеткаларында - микрогаметаларында - талшығы болады. Споралылар жыныссыз, жынысты және спорогония жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюі ядроның көпке бөлінуі арқылы жүзеге асады, бұны шизогония процесі деп атайды, нәтижесінде мерозоиттар деп аталатын жас особьтар шығады. Жынысты жолы - гаметогония деп аталатын, гаметалардың пайда болуы. Копуляция нәтижесінде түзілген зигота қалың қабықшамен қапталынып ооцистаға айналады. Осыдан спорогония кезеңі басталады. Ооцистаның ішіңце, спорогонияның нәтижесінде, ең алдымен споробластар - бұлардан майда спорозоиттар пайда болады және олар споралардың ішінде орналасады. Споралылар типі екі класқа бөлінеді: Грегариналар - Gregarinina және кокцидиятәрізділер - Coccidiomorpha.



Инфузориялардың жалпы сипаттамасы. Инфузориялардың көбеюі (коньюгация). Инфузориялардың негізгі кластары.

Инфузориялар тұщы суларда, теңіздерде, планктонды, су түбінде, су өсімдіктерінде немесе теңіз жағасындағы құмның арасында (псаммофильді түрлері) тіршілік етеді. Паразит инфузориялар да кездеседі. Денелерінің ұзындығы 30 - 40мкм-нан 1 мм-ге дейін. Кірпікшелі инфузориялардың денесін (өмір бойы) кірпікшелер қаптап тұрады. Кірпікшенің құрылысы талшықтың құрылысына өте ұқсас. Кірпікшенің ортасында қалың орталық 2 фибрилла, ал қалған 9 фибриллалар екеуінің айналасында орналасқан.

Фибрилдер кинетосомаға жалғасады. Кірпікшелілер жыныссыз және жынысты - конъюгация жолымен көбейеді. Инфузориялардың көп таралған белгілі түрлерінің біреуі - инфузория туфелька немесе парамеция - Paramaecium caudatum (20-сурет). Ұзынша сопақтау болып келген, тұщы суларда өздігімен қозғалып жүретін күрделі құрылысты қарапайым жәндік. Денесін кірпікшелер біртегіс жауып тұрады, тек артқы жағында кірпікшелері ұзындау болады. Кірпікшелері қозғалу қызметімен бірге асты ауыз тесігіне жеткізу қызметін де атқарады. Ауыз ойықтың айналасында толқын тәрізді әрдайым қозғалып тұратын мембранелла орналасқан. Цитоплазмасы эктоплазма және эндоплазмаға бөлінген. Эктоплазма қабаты сыртынан мықты майысқақ пелликуламен қапталынған. Пелликула екі сыртқы және екі ішкі мембранадан құралған.Пелликуланың сыртын алты бұрышты, қатар орналасқан құрылым жауып тұрады, соған байланысты парамеция денесінің пішіні өзгермейтін тұрақты болып келеді. Пелликуланын, астында бір-бірімен ұштасып жатқан фибрилл торы болады - олар тірек қызметін атқарады. Эктоплазма қабатында қорғаныш қызметін атқаратын қысқа таяқшалар - трихоцисталар орналасқан. Олар тітіркенген кезде ұзын, серпінді жіпше түрінде сыртқа атылады. Инфузория денесінің алдыңғы жағында ауыз ойығы немесе Цитоплазмадағы артық сұйық заттар қосымша вакуольдеріне жиналып, түтікшелер арқылы орталық вакуольге немесе резервуарға құйылады. Резервуар жиырылып сұйықтарды арнайы тесікпен сыртқа шығарады. Туфельканың алдыңғы және артқы жағындағы орналасқан вакуольдері кезектесіп жиырылады. Цитоплазмада екі ядро орналасқан. Үлкен - макронуклеус және кіші - микронуклеус. Макронуклеус хроматинге бай, үрме бұршақ дәні тәрізді, көбеюден басқа денедегі барлық қызметті реттейді, сондықтан да макронуклеус вегетативті ядро деп аталады. Макронуклеустің ойыс жағында кішкене микронуклеус орналасқан, ол тек қана көбею қызметін атқарады, сондықтан ол - генеративті ядро. Парамеция барлық инфузориялар сияқты жыныссыз жолмен көлденең бөлініп, көбейеді.Жыныссыз жолмен бірнеше рет бөлінген инфузория, енді жынысты жолмен көбеюге көшеді. Жынысты көбею жолы конъюгация деп аталады. Коньюгацияның копуляциядан айырмашылығы - екі ядроның қосылуы. Конъюгация кезеңі екі инфузорияның бауыр жағымен бірігуінен басталады. Бүлардың пелликулалары аздап ісінеді, сондықтан инфузориялар бір-біріне тығыз жанасып тұрады. Бұндай инфузорияларды коньюганттар деп атайды

Қолданылған әдебиеттер:

Дәуітбаева К.А. Омыртқасыздар зоологиясы. –Алматы Қазақ
университеті, 1997. 2 -бөлім.

Түсіпова К.С.Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы,1999ж.


Блок 2 Көпжасушалылар (Metazoa) патшалық тармағы
Дәріс №2. Көпклеткалылар патшалық тармағы. Губкалар типі.

Мақсаты: Көпклеткалы организмдердің шығу тегі туралы мәліметтер беру. Төменгі сатыдағы көпклеткалыларға жататын Губкалар типі туралы сипаттама беру.

Дәріс жоспары:


  1. Көпклеткалы организмдердің шығу тегі туралы теориялар. Губкалар типі. Ізбесті губкалар класы.

  2. Шынылы губкалар класы.

  3. Кәдімгі губкалар класы. Губкалар типінің кластарының негізгі өкілдері.

Көпклеткалы организмдердің шығу тегі туралы теориялар. Губкалар типі. Ізбесті губкалар класы.

Көпклеткалылар бірклеткалылардан шыққан. Біршама қарапайымдылардың әр топтарында көпклеткалы құрылысы жасауға бейімділіктері байқалады.

Э.Геккель көпклеткалылардың шығу тегі туралы гастрея теориясын ашты. Геккельдің айтуынша, клеткалардың арғы ата-тегі шар тәрізді қауымды қарапайымдылар болып табылады.

Келесі теорияны И.И.Мечников ұсынған. Төменгі сатыдағы көпклеткалылардың онтогенезін қарастырып, олардың энтодермасы ойыстанып енбей, жеке клеткалардың бластула қуысы – бластоцельге енуі арқылы жасалған, яғни ол жеке клеткалар алдымен борпылдақ, онан кейін тығыз ішкі қабат түзген. Геккель сияқты Мечников та көпклеткалылардың қауымды талшықтылардан дамыған деген. Клеткалардың ішкі қабатын Мечников фагоцитобласт деп, ал филогенетикалық кезеңді «фагоцителла» деп атаған.

Қарапайымдылар қауымының көпклеткалы дараға, яғни бір-бірімен физиологиялық нашар байланысқан талшықтылар клеткаларының бірігіп – қарапайымдыларға қарағанда жоғарырақ деңгейдегі организмдерге айналу заңдылықтарын А.А.Захваткин анықтаған.

Эволюция процесінде жеке қарапайымдылар тұтасымен көпклеткалы жәндітерге ауысқан деген гипотеза бар. Бұл пікірді югославия зоологы Иован Хаджи қолдайды. Оның ойынша көпклеткалылар көп ядролы инфузориялардан шыққан.

Губкалар типі. Губкалар өте төменгі құрылысты көпклеткалы, негізінен теңіз жануарлары, жабысып қозғалмай тіршілік етеді. Денесі мүшелер мен ұлпаларға бөлінбеген. Қазіргі фаунада 5000-ға жуық губкалардың түрлері кездеседі.

Губкалардың пішіні қапшық сияқты, үлкен тесігі жоғары қарайды. Бұл тесіктен губканың қабырғаларындағы ұсақ тесіктер ішкі парагастраль қуысына барып жалғасады. Денесі екі қабат клеткалардан тұрады: сыртқы – эктодерма, ішкі – энтодерма. Олардың арасында ерекше құрылымсыз заттардан тұратын қабат – мезоглея болады. Көпшілік губкалардың мезоглеясы өте қалың, онда қаңқа жасалады. Гастраль қабаты ерекше жағалы клеткалардан құралады.

Губкалардың ең қарапайым құрылысы аскон типті деп атайды. Жеке даму кезіндегі күрделену сикон типті форманың шығуына әкеліп соғады немесе бұл әрі қарай лейконға айналады.

Губкалардың қоректенуі хоаноциттер мен амебоциттер арқылы жүзеге асады. Губкалардың тыныс алуы мен зәр шығаруы диффузды жүреді.

Кейбір губкалардың ғана денесі жұмсақ болады, ал көпшілігін қаңқасы қатты және дене мен өзектер жүйесінің қабырғасына тірек қызметін атқарады. Қаңқасы минералды зат – көмір қышқыл ізбестен немесе кремнеземнан, органикалық зат – қасиеті ұқсас спонгиннен, кремнезем мен спонгиннің қосылысыныан тұруы мүмкін. Қаңқа түзетін клеткаларды склеробластар және спонгиобластар деп атайды.

Губкалар жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді.

Ізбесті губкалар. Қаңқасы көмірқышқыл ізбесті төрт, үш немесе бір осьті инелерден тұрады. Тек қана таяз теңіз суларында кездесетін онша үлкен емес губкалар, оладың құрылысы аскон, сикон немесе лейкон типті болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет