Зоопсихология және салыстырмалы психология


Проблемалық клетка әдісі -



бет8/8
Дата24.02.2022
өлшемі49,17 Kb.
#133123
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Зоопсихология және салыстырмалы психология 1 тапсырма

Проблемалық клетка әдісі - жануарларға арналған «приманканы» тордың ішінен алу, яғни оған жол табу ашу, кіру. Ол жануар үшін оңай емес.
Психикалық пайда болу мәселелері 2 аспектілік бағытта қарастырылады.
1. Психикалық материяның даму деңгейі бойынша қалыптасу аспектісі.
2. Ең алғашқы психика формасының пайда болуы немесе психиканың критериясына қандай негіз болды деген аспекті.
Психиканың дамуы мен қалыптасуын және шығу себептерін зерттеген бірінші бағыттылығы зерттеулер бірнеше көзқарастар деңгейінде дамиды. Олар мынандай көзқарастар:
1. панпсихизм психика барлығында бар;
2. антропропсихизм: психика тек қана адамға тән;
3. биопсихизм: барлық тірі материяда психика болады;
4. фитопсихизм: психика тек қана өсімдіктер мен барлық тірілерде бар;
5. нейропсихизм: психика жүйке жүйесі барларда болады;
6. анималпсихизм: психика барлық жануарларға тән;
7. өсімдіктегі психиканың критерийлары: өсімдіктерге электрлік құбылыстың арасында өсуімен қозғала білу қабілеті.
Ал Гальперин – психиканың қалыптасу негізін эволюциялық процесс барысында түйсіне білу қабілетімен қабылдай білу байланыстылығы негізінде түсіндіреді. Яғни түйсік пен қабылдау бір қалыпта, бір мезгілде болатынын айтқан. Ал жақсы жаман ықпалдарды эмоция арқылы білдіру жеткізу жануарларға да тән.
Симонов – Гальпериннің көзқарасын қолдай отырып, түйсіктің эмоционалдық ерекшелігін енгізген.
Бернштейн мен Вилюнас: жануарлар психикасының ерекшелігін зерттей келе белгілі бір туындаған жағдайға байланысты бағытталған іс-шараның ерекшелігін атайды. Жоғарыда көрсетілгендей психиканың критериялық мәселелері көптеген ойшылдардың көзқарасында орын тауып, зоопсихиканың ғылым ретінде қалыптасуына ықпалын тигізіп отырды. Психиканың даму қалыптасуының критерилары әртүрлі боғанымен, барлығы психикалық бейнелену мәселелерін қарастырады. Жануарлар психикасының даму деңгейі олардың қоршаған ортамен қарым-қатынас деңгейімен тығыз байланысты. Өйткені жануарлардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы өте маңызды. Ғалымның пікірінше жануарлардың қоршаған ортамен тығыз байланыстылығы мынандай топқа бөлінеді:
1. жануарлардың тұрған мекен-тұрағымен байланыстылығы (туған аймағымен байланысты) (ең негізгі сферасы), яғни, тіршілік ету териториясы және оның құрамы;
2. жануарлардың белгілеріне байланысты бағдарлауы;
3. функционалдық аймақтары (қоректену аймағы, аң аулайтын, тіршілік ортасы, қауіп қатерлі). Кейбір жануарлар өзіне тұрақты мекен-жайды таңдайды, бағалайды, ал екінші біреулері тіршілік ортадағы өзгерісті тез байқайды, бағдарлайды.
Психиканың пайда болуы – генезисі және оның дамуы туралы проблемалар өзара тығыз бйланысты. Психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің тоериялық ерекшеліктерімен сипатталады.
Ғылымда бірнеше теориялық бағыт қалыптасқан.
Зоопсихологияның ғылым ретінде қалыптастырылып дамуы және оның ғылыми маңызы адамзат үшін өте маңызды. Күнделікті өмірде зоопсихологияның ғылыми зерттеулері кеңінен қолданылады. Жануарлардың мінез-құлықтары туралы ұғым, білім адамзат үшін ерте кезден қажет болды. Әсіресе аңға шығуға, аңдарды қолға үйретуде, үй жануарларын ұстауда т.б.
Зоопсихологияның арнаулы салалары бар және бүгінгі күнде олардың маңызы артуда, мысалы, анималтерапия (анималтерапия психологиялық диагностика саласы, жануарлардың адамға әсерін зерттейтін ғалым). Анималтерапия ғылымының жетістігіне сүйене отырып, мынандай мәліметтер анықталған:
1. жануарлармен қарым-қатынас барысында адамның эмоциялық жағдайы жақсарып артады;
2. стресс жағдайы төмендейді;
3. қанның артериялық қысымымен зардап шегетін адамдардың қан қысымы реттеледі (әсіресе гипертоникалық жағдайларда);
4. шизофрениямен ауыратын адамдардағы жануарлармен қарым-қатынас жағымды әсер етеді (ламамен қарым-қатынас);
5. аутизммен ауыратын балалардың эмоциялық жағдайын арттыруда маңызы зор.
Зоопсихологиялық ғылымның жетістіктері бүгінгі күнде басқа да салаларда кең қолданылады. Мысалы балық шаруашылығында, аңдарды көбейту, өсіру жағдайында.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет