Этология(грекше «ethos»-ар, мінез,өзін-өзі ұстау) - жануарлардың мінез-құлқы, қимыл-қозғалысы, жүріс-тұрысы туралы ғылым. 1895 жылы Л.Долло негізін қалады. Этология ғылымының негізгі функциясы - фило- және онтогенездегі жануарлардың мінезінің дамуы, эволюциялық дамуындағы даралық және популяциялық бейімделуі. Әртүрлі қимыл-қозғалыстық әрекеттері «этограмм» түрінде бейнеленеді.
Этология (грекше «ethos»-ар, мінез,өзін-өзі ұстау) - жануарлардың мінез-құлқы, қимыл-қозғалысы, жүріс-тұрысы туралы ғылым. 1895 жылы Л.Долло негізін қалады. Этология ғылымының негізгі функциясы - фило- және онтогенездегі жануарлардың мінезінің дамуы, эволюциялық дамуындағы даралық және популяциялық бейімделуі. Әртүрлі қимыл-қозғалыстық әрекеттері «этограмм» түрінде бейнеленеді.
Зерттеу әдістері
Жануарлардың жүріс-тұрысын, қимыл-қозғалысын зерттеуде бақылау, эксперимент әдістерін қолданады. Жануарлардың өмір сүру ортасына қарай табиғи зерттеу әдісі – бақылау, сондай-ақ зерттеуші арнайы орта жағдайларында экспериментальды зерттеулер жүргізеді. Оларға: лабиринт әдісі (тамағын, тұратын орнын анықтау үшін), айналып өту әдісі (әр түрлі кедергілер арқылы не айналып өту арқылы объектіге қол жеткізу), сурет не сигналды таңдау әдісі (дифференциальды үйрету), ашық жол әдісі (жануарларға еркіндік беру, өзі таңдау), проблемалық жәшік әдісі (клеткадан шығу не ену, ашу не жабу), құралды қолдану әдісі (өз әрекеттерінде әр түрлі ағаш, тас, жәшіктерді қолдану).
Осы әдістер арқылы жануарлардың сенсорлы, эффекторлы қабілеттері, бағдарлау әрекеттері, эмоция, есі, даралық тәжірибесін тарату, ақыл-ой әрекеттерін зерттеу.