Эволюциялық ілім – жер бетінде тіршіліктің пайда болу және оның тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін биология ғылымының негізгі тарауы болып саналады. Дарвин өзінің эволюциялық теориясының негізгі тұғыры етіп организмдердің өзгергіштік, тұқымқуалаушылық, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу қасиеттеріне сүйенді.
ХІХ ғасырдың аяғында бихевиористік ағымның негізін қалаушылардың бірі Э.Торндайк пен Дж.Уотсоннның зерттеулері маңызды. Э.Торндайктың «Хайуанаттар ақылы: ассоциативтік процестерді эксперименталды зерттеу» (Animal Intelligence: An Experimental Study of the Assotiate Processes of Animals, 1898) диссертациясы басылып шыққаннан кейін хайуанаттар психологиясы жүйелі ғылыми пән болды. Торндайк салыстырмалы психологияға - проблемалық жәшік және лабиринт әдісін енгізді. Проблемалық жәшікте жануар сыртқа шығу не сыртта тұрған тамақты алу үшін бірнеше рет қайталап, қателесу арқылы өз әрекетіне жетеді. Бұдан жануарлардың әрекеті бірнеше рет қайталау және қателесу, үйрету, эффект заңдылығы (бір ситуацияда-әр түрлі реакциялардың әсері), жаттығу заңы (қайталаудың ұзақтығы, күші, жиілігі), дайындық заңдылығы (жаттығудың нерв жүйесіне әсері) арқылы жүзеге асатынын көрді. 1901 жылы «Маймылдардың ақылы» деген монография жазды. Бұл зерттеулері жүріс-тұрысты, тәртіпті зерттеуге жол ашты.