§ 15. Өсімдік өркендерінің құрылысы мен маңызы. Бүршік өсімдіктің ұрықтық (бастапқы) өркені. Вегетативтік және генеративтік бүршіктер. Бүршіктен өркеннің дамуы. Жылдық өркен. Өсімдіктің бұтақтануы



Дата01.04.2017
өлшемі63,67 Kb.
#13063

20.10.2016ж.

21.10.2016ж.



Биология 6


Сабақтың тақырыбы

§ 15. Өсімдік өркендерінің құрылысы мен маңызы. Бүршік – өсімдіктің ұрықтық (бастапқы) өркені. Вегетативтік және генеративтік бүршіктер. Бүршіктен өркеннің дамуы. Жылдық өркен. Өсімдіктің бұтақтануы. Бұтақтануды көбейтудің тәсілдері.

№ 9 зертханалық жүмыс.



Вегетативтік және гүл бүршіктерінің құрылысы.


Сабақтың мақсаты,міндеті

Өсімдіктің вегетативті мүшелері - өркен, бүршік жайлы мағлұмат беру.

Білімділігі – өркен, бүршіктің өзіндік ерекшеліктері, атқаратын қызметі, олардың түрлері туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүнетанымын дамытуға баулу;

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.


Оқыту нәтижелері

Өркен құрылысын, бүршік түрлерін біледі; жеке, жұппен және топпен жұмыс істеу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығы дамиды.

Сілтеме

Биология оқулығы 6 сынып

Негізгі идеясы

Өсімдіктің вегетативті мүшелері - өркен, бүршік жайлы мағлұмат беру

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Жеке, топпен жұмыс (Сыни тұрғыдан ойлау), әңгіме, түсінік беру (ақпараттық коммуникациялық технология), 
оқуды бағалау, сұрақ – жауап, пікірталас.

Ресурстар

Суреттер, сұрақтар жазылған парақтар

Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру: топқа бөлу(1-3 дейін санау арқылы топқа бөлу), мақсат қою

  2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

  3. Рефлексия

  4. Үйге тапсырма


Сабақ амандасып, сынып оқушыларын түгелдеуден басталады. Сергіту сәті ретінде сыныпқа бидай масақтарының қозғалысы тәрізді қимыл-қозғалыстарды қайталау ұсынылады.




Сабақтың кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.


Сәлемдеседі, бір-біріне сәттілік тілейді

Оқушыларды топқа бөлу:

Оқушыларды 1-3 дейін санау арқылы 3 топқа бөледі

Топтарға бөлінеді

Білу

Оқушылардан үй тапсырмасы сұралады.
«Адасқан өсімдіктер»

1.Жемтамырлар

А) Үнді фикусы

2.Емізік тамырлар

Ә) Мангр ағашы, орхидея

3.Тіреу тамырлар

Б)Сәбіз,қызылша

4.Түйнекті тамырлар

В)Сұңғыла, арамсояу

5.Тыныс алу қызметін

атқаратын тамырлар



Г)Батат,картоп

Жауаптары: 1-Б; 2-В; 3-А; 4-Г; 5-Ә

«Миға шабуыл»

1.Түрөзгеріс деген не,оның қандай маңызы бар?

2.Түрін өзгерткен тамыр түрлерін ата.

3.Емізік тамырдың нағыз тамырдан айырмашылығы

4.Түйнектердің жемтамырдан айырмашылығы қандай?

5.Жемтамырлар қандай өсімдіктерде болады?

6.Ауа тамырлары өсімдікке не үшін керек?

7.Түйнекті тамырлары бар өсімдіктерді ата .

8.Ауа тамырлары бар өсімдіктерді ата.

9.Жемтамырлар нешеге бөлінеді?




Тақырыптың басты идеясын табады. Сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыптағы

мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.




Түсіну

Жаңа сабақ түсіндіру. Сұрақтарға тез жауап алу.

Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді.

Өркенннің негізгі орталық тірек бөлімі сабақ дейді

Тамырдан өркеннің айырмашылығы- жапырағы болады, буын және буын аралығы болады.

Сабақтың жапырақ өсетін жерін буын деп атаймыз

Ал бір буын мен екінші буынның арасын буынаралығы дейміз

Буынаралығы ұзын болса ұзарған өркен

Буынаралығы қысқа болса қысқарған өркен

Жапырақтың сабаққа орналасқан жерін жапырақ қолтығы дейді

Бүршіктер орналасуына қарай төбе бүршік және қолтық бүршік деп бөлінеді.

Төбе бүршіктен өсімдік ұзарып өседі

Жанама (қолтық) бүршік жапырақ қолтығында орналасады, жан-жаққа бұтақтар өседі



Қосалқы бүршіктің ерекшелігі, ол өсімдіктің кез келген жерінен шығады.

Бұйыққан бүршік көпжылдық өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктер және қосалқы бүршіктер тыныштық күйге ауысады

Топтар талдап түсіндіреді



Қолдану

Теорияны тәжірибеде үйлестіру үшін тақырыпқа тиісті тапсырмалар береді.
«Білгіш өркендер» 

  1. Бүршік неліктен бастапқы өркен деп аталады?

  2. Буын,буынаралық дегенді қалай түсінесің?

  3. Ұзарған өркен мен қысқарған өркеннің айырмашылығы.

  4. Өсу бүршігі мен гүл бүршігінің айырмашылығы..

  5. Қосалқы бүршіктер қайдан дамиды?

  6. Бүршіктер нешеге бөлінеді?




Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады


Талдау

Тақырыпта берілген сұрақтарды талдауға үйренеді. Оқушылар бір-біріне жуан және жіңішке сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты тағыда бір пысықтайды.

Талдау жасау арқылы тақырыптың мағынасын түсінеді

Салыстырады, сараптайды



Жинақтау

Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, түйіндеу үшін?

«Биологиялық диктант»

1. Өркеннің негізгі орталық тірек бөлімі - ....... .

2.Кез-келген өркен тек …………..дамиды.

3. Бүршіктер ұзақ уақыт………….болады.

4.Бұйыққан бүршіктер ….............. бұталарында болады.

5. Егер бүршік өркеннің ең ұшында орналасса,оны……….....дейді.

6.Бүршіктің ішкі жағында тығыз ,ақшыл сары түсті………...... болады.




Берілген тапсырманы орындайды,білімдерін жинақтайды, сараптайды

Бағалау

Оқушылардың ерекше ой – пікірлері, өз көзқарастары, қорытынды шешім қабылдап қорытынды жаза білу.

Критерийлер бойынша бағалайды




Өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін сұрайды.

Нені үйрендің?

Не қиын болды?

Енді нені үйренгің келеді?




Сабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет