Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



Дата30.01.2022
өлшемі341,31 Kb.
#116111
Байланысты:
16.11.2020 тәрбие
Оқу бағдарлама Бейнелеу өнер 1-4 кл , Оқу бағдарлама Бейнелеу өнер 1-4 кл

Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

«КЕНТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ
«Бекітемін»

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

_________Ә. Қайырбеков

«___» ________ 2020 ж


«Жемқорлықпен күрес»



Кентау – 2020 жыл.

«КЕНТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

ғимаратында

«Жемқорлықпен күрес»

атты тәрбие сағаты

Өтетін күні: 16.11.2020жылУақыты: 12:00

Өтетін орны: ZOOM бағдарламасы

Қатысқандар:

Топ кураторы Г.Назарова, Диз – 01-20 (9) топ студенттері


Мақсаты: Студенттерге “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту. Білімгерлерді Елбасымыздан үлгі алұға, патриоттылыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.Студенттердің туған жерін, елін, Отанын сүюге патриоттық тәрбие беру.

Мұғалімнің баяндамасы:

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың,  лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де  лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар. 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа байланысты  (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық), Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында ескерілген, сонымен қатар басқа да заңда бекітілген сыбайлас жемқорлық немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті еліктіретін іс-әрекетке байланысты тәртіптер. 

 Жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылады.

Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және оны жасаған тұлғалардың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы және әскери полициясы арқылы жүзеге асыралады.

Жемқорлық заң бұзушылық фактілер болған жағдайда азаматтар мемлекетке 1424 тегін call-центр арқылы хабарлай алады. Жемқорлық заң бұзу фактілерін хабарлаған, немесе қандайда болмасын басқа әдіспен мемлекетке жемқорлықпен күресуге үлесін қосқан тұлғалар 30 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін мөлшерде материалды ынталандырылатын болады.

Жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға мемлекет қорғауында болады. Жемқорлықпен күреске көмек берген тұлға туралы ақпарат мемлекеттік болып табылады. Бұл ақпаратты жариялаған тұлға Қазақстан Республикасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен бекітілген жауапкершілікке тартылады.
Қажет болған жағдайда, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар жемқорлыққа қарсы күреске ат салысқан тұлғаның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Құқық қорғау органында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер, жемқорлықпен күрес жүргізуші органға басқа құқық қорғау органына қатысты жемқорлық қылмыс туралы жалған ақпарат беретін болса, құқық қорғау органының қызметкері тәртіп бойынша қызметінен босатылады немесе жемқорлықпен күрес жүргізетін органның ұсынуы бойынша сәйкес функцияларды орындаудан босату жолымен жауапқа тартылады.



Қорытынды: Біздің еліміз демократиялы ел болу жолында қызмет етіп келеді. Ал демократиялы елде жемқор болуы мүмкін емес. Біздің еліміз дамыған отыз елдің қатарына жету жолында күресіп, сол жолда еңбек етіп келеді. Ал дамыған елдің сана сезімі жоғары, басқа елдерге үлгі болып келеді. Біздің қазақ елі тәуелсіз елдер ішінде көш бастап келеді. Сондықтан да біздің елімізді дүниежүзі танып, ықыласын білдіруде. Жемқор жайлаған елді дүниежүзі мойындамайды, сенім артпайды. Жемқор-жаман әдет. Халықтың байлығын қалтасына басып, елден ерекше көрінуге тырысады. Сол жолда қандай зұлымдық істер болсада тайынбайды. Өзінің әшкере болатынын, жазасын алатынын сездейді-ау деймін. Мен теледидардан жемқорлардың жазасын алып жатқанын естігенде: «Обалы жоқ, бұлардан үлгі алуға болмайды»-деп ойлаймын. Ойымды қорытындылай келе былай демекпін:

Жемқор болма ағайын, Жаза алдың талайын.

Жаман әдет жайлаған, Үлгі қалай алайын.

Халықпенен бірге бол, Бөлінсең егер сорың мол.



Сүйә білу халықты Әр адамға тура жол!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет