№ хаттама елбасының бағдарламалық мақаласы төңірегінде өткізілген «Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары Қауымдастығының» кеңейтілген отырысы



Дата06.07.2018
өлшемі48 Kb.
#47681
___ ХАТТАМА

Елбасының бағдарламалық мақаласы төңірегінде

өткізілген «Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары

Қауымдастығының» кеңейтілген отырысы

 

Алматы қаласы                                 2017 жылғы «21» сәуір

 

Өткізілетін жері: «Тұран» университеті,  4-қабат, ректорат отырысының залы

Қатысқандар:37

1.Төрағалық етуші: Алшанов Р.А.– «Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары Қауымдастығының» (бұдан әрі-Қауымдастық) президенті;

2.Хатшы: Әйтішев Б.Ш. – Қауымдастықтың атқарушы директоры.

 

Қауымдастық Басқармасының кеңейтілген отырысының



КҮН ТӘРТІБІ:

 

1.Елбасының бағдарламалық мақаласын талқылау;



2.Қауымдастықтың мемлекет тапсырысы бойынша шығарып жатқан Жоғары оқу орындарына арналған оқулықтары бойынша толық ақпараты (баяндамашы Арпабеков Сейтжапар Арпабекұлы).

Тыңдалды:

1.Елбасының бағдарламалық мақаласын талқылауда:

Төраға- профессор Р. Алшанов Қазіргі кезде мемлекет деңгейінде Елбасының бағдарламалық мақаласы қызу талқыланып жатқанын атап өтті. Өкімет тарапынан келіп жатқан ұсыныс бұл мақаланы қоғамға дұрыс жеткізе білу екендігін айта келіп, тіл мемлекеттің маңызды құралы, сондықтанда осы мәселеге аса көңіл бөлу, оның ішінде жастар білім алып жатқан оқу орындарының негізгі мақсаты, Елбасы жолдауының маңыздылығын жастарға дұрыс жеткізе білу екендігін атап айтты.



2.Қауымдастықтың мемлекет тапсырысы бойынша шығарып жатқан Жоғары оқу орындарына арналған оқулықтары бойынша толық ақпараты (баяндаушы: Арпабеков С.А.):

Сөз сөйлегендер: 1.Арпабеков С.А. – Қауымдастықтың Баспа орталығының директоры: «2003 жылдан бастап құрылған Қауымдастық Жоғары оқу орындарына кітап шығарумен айналысып келеді. Алғашында ескі оқулықтарды шығардық, содан кейін министрліктің тапсырысымен, жоғары оқу орындарының тапсырысымен оқулықтар шығара бастадық. Қазіргі кезге дейін қазақ тілінде шығарылған оқулықтар 500 атаудан асады. Жарты миллион данадан астам оқулық жарық көрді. Оны біз өткізіп, тапсырыстардың бәрін орындадық. Ендігі кезекте қазір екі жыл болды, ағылшын тіліндегі оқулықтармен айналысып жатырмыз. Ол да министрліктің тапсырысы бойынша жасалынып жатқан дүние. Биыл үшінші жыл, 120-дан астам шетелдің оқулықтары аударылды. Оның 90% техникалық бағыттағы кітаптар. «Техника», «Технология», «Ақпарат», "Мұнай-газ", «Химия», «Физика». Сол кітаптардың көбісі «Математика», «Физика» сияқты. Сол 120-дан астам болады. Биыл 30 кітапты аударып бітіріп, сараптамадан өткізіп, жоғары оқу орындарына таратып беріп жатырмыз»,-деді. Сонымен қатар, Арпабеков С.А. оқулықтарды аудару жолында кездесетін қиындықтар туралы атап өтті. Әр оқулықтың мазмұнына байланысты өзіндік күрделі терминдері бар, аудару кезінде олардың мәнін, мағынасын тура жеткізу негізгі шарт болып табылады, аудару дәл болмаса, оқулықтардың  мазмұны өзгереді. Сондықтанда аударма, авторларға оңай тиіп жатпағанын айта келіп, бұл атқарылып жатқан жұмыстың оңай еңбек емес екендігін атап көрсетті.

«Қазіргі таңда  3 тілге байланысты, ағылшын тілінде оқулықтарды әзірлеу жоспары басталды. Ол да министрліктің жобасы. Соның бірінші жобасы 50 кітап, министрліктің бекітіп берген тізімі. Сонымен бірге, қазір  Елбасының мақаласы бойынша саясатымыз өзгерейін деп, соған қатысты бағытымыз өзгерейін деп жатыр аударма жағынан. Елбасының тапсырмасы бойынша гуманитарлық бағыттағы 100 кітапты таңдау керек деп жатыр»,- деді Арпабеков С.А.

Сол 100 кітап бойынша ұсыныстар дайындап жатқанын,  мұндай ұсыныстар жоғары оқу орындарынан келіп түсуі керек екенін түсіндіріп айтты.

Төраға – профессор Р.А. Алшанов: «Қазір біз электрондық кітапханада Ашық университет ашайық деп жатырмыз. Осында біраз университеттермен келістік. МУИТ, Демирель университеті, Назарбаев университеті, КазГУ бар, бес-алты университетпен бірігіп, олардың мамандары ағылшын тілін білетін, сіздердің университетке ағылшынша сабақ береді. Бітіргеннен кейін оқуды бітіріп шыққандарға сертификат береміз»,- деді.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Алтынбек Нұхұлы Елбасының мақаласын талдау төңірегінде пікірін айтты. Бұл мақаладағы қозғалып отырған мәселе экономика саясатына да, дінімізге де, тілімізге де тигізетін пайдасының зор екендігін атап өтті.



«Елбасының мақаласы дер кезінде туған, бұл бағдар Елбасының ұлтына деген ыстық ықыласының, жастарға деген қамқорлығының айқын белгісі» деді.«Білім – қазіргі басты капитал десек, осы білім деген сөз құранда 787 рет келтірілген.  Рухани жаңғырудың түп тамыры туған тілде. Ал туған тілдің қадір қасиетін көтеру үшін латын қарпіне көшудің стратегиялық пайдасы көп, өйткені 80 пайыз әлем халқы латын әліпбиін пайдаланады»деді.

Осы орайда институт ректоры жуырда ғана білім ордасында болған министрлік комиссиясы Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтына Университет мәртебесін беруге толық негіз бар деп шешкенін хабарлады. Ректордың айтуынша, институт  «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша республиканың оңтүстік өңірлерінен 442 студентті қабылдады. Демек, аталмыш бағдарлама бойынша биыл бітіретін 150 студент енді осы оқу ордасында магистратурада, одан әрі докторантурада қалу мүкіндігіне ие болмақ.

Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру"  бағдарламалық  мақаласының «Туған жер» және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобаларының маңызын атап өте отырып, Алтынбек Нұхұлы, Павлодар облысының бір ғана Баянауыл ауылынан Қазақстанға танымал 20 академик, 10 генерал шыққанын атап өтті.

 Назарбаев университеті Мәдени бағдарламалар орталығының директоры Құрманбай Гүлтас Сайынқызы жоғары оқу орындарының күндерін  өзара ұйымдастырудың маңызы жайлы ұсынысын ортаға салды. Бұл студенттердің бір-бірін танып білуіне ғана емес, сол арқылы өз елін, туған жерін тануға да септігін тигізетінін тілге тиек етті.

Еуразиялық технологиялық университеті «Кәсіби оқыту және жалпы кәсіби тәртібі» кафедрасының профессоры  Масырова Римма Рамазанқызы прагматизм ұғымын дұрыс түсінбеу жайына тоқталды.

«Прагматизм - өзіӊніӊ ұлттық және жеке байлығыӊды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыӊды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даӊғойлық пен кердеӊдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттіӊ белгісі - орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді»,- деген Елбасының пікірі толғандыруға тиіс деп атап өткен оқытушы, университетте осыған байланысты жүзеге асырылып жатқан тың тәжірибелерге тоқталды.

 

Шешім қабылданды:

1.Бірінші мәселе бойынша, Елбасының бағдарламалық мақаласы жан-жақты талқыланып, пікір-ұсыныстар айтылып бір ауыздан қабылданды.

 

Шешім бірауыздан қабылданды.

 

 



Төраға:                                                                                  Р.А. Алшанов

 Хатшы:                                                                                      Б.Ш. Әйтішев
Каталог: cms -> uploads -> files
files -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
files -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
files -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
files -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
files -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты күндізгі және сырттай оқыту нысандары бойынша экономикалық мамандықтар студенттері үшін диплом
files -> Крымская геморрагическая лихорадка (кгл) профессор, д м. н


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет