Қ. Нақысбеков Білім мен өнерді сүй, сусында, Деп айтсын ел: “Осындай ер тусын да!” Арың-адал, әділ болсаң әрқашан



Дата25.01.2017
өлшемі11,97 Kb.
#7715
  • Қ.Нақысбеков
  • Білім мен өнерді сүй, сусында,
  • Деп айтсын ел: “Осындай ер тусын да!”
  • Арың-адал, әділ болсаң әрқашан
  • Дүниенің бір бақыты уысыныда
  • Түспегені абзал ғой арға дақтың,
  • Күйін кешпе түнде ұшар жарғанаттың.
  • Адал адам әрқашан-еңсесі тік,
  • Әділдікті ту еткін, қолғанатым.
  • Қазанның жиырмасы
  • Сынып жұмысы
  • Рабғузи
  • ХІV ғасыр
  • Жалпы мақсат:
  • 1.Білімділік: Оқушылар Рабғузи  және оның еңбегі туралы біледі.Қиссалар жайында оқып біледі.
  • 2.Дамытушылық: Оқушылардың  ойлау, есте сақтау қабілеті мен еркін сөйлеу қабілеті  артады. Шығармашылығын тудырады
  • 3.Тәрбиелік: Топтағы ынтымақтастыққа тәрбиеленеді.
  • Сыни тұрғыда ойлай отырып әділ баға береді.
  • Ортақ бір тұжырымға келуге дағдыланады.
  • Діни қиссалар - Пайғамбарлар мен әулие-әмбиелер, періштелер мен сахабалар, т.б. өмірі мен олардың дін жолындағы іс-әрекетін бейнелеген шығармалар. Діни қиссалар сюжеті Құран Кәрімнен алынған. Өйткені Құран Кәрім тек діни кітап қана емес, сонымен бірге, араб классикалық әдебиетінің де ғажайып үлгісі. Негізінен, қарасөз түрінде айтылатын ертегілер мен әңгімелерді, аңыздар мен әпсаналарды араб тілінде қисса десе, парсы тілінде «дастан» деп атайтыны мәлім. Алайда қазақ қауымы Шығыс хикаяларының өлең жырға айналдырған үлгілерін ғана «қисса» немесе «дастан» деп таныған.
  • Қисса туралы
  • Осындай қиссалардың бірі - Бурхонуддин Рабғузидің (XIV ғ.) «Қиссаси Рабғузий» немесе «Қисса-с ул әнбия» деп аталатын прозалық шығармасы. «Қиссаси Рабғузи» - Пайғамбарлар мен әулиелер, сахабалар мен жын-шайтандар, т.б. туралы әңгімелер жинағы.
  • Мұнда барлығы 79 хикая бар. Солардың барлығын идеялық мазмұны жағынан үш топқа бөліп қарастыруға болады:
  • 1. Аллаһ Тағаланың Жер мен Көкті, адамзатты, хайуанаттар мен тау тасты, бүкіл әлемді жаратқаны туралы хикаялар;
  • 2. Пайғамбарлар, әуле-әнбиелер, сахабалар, тағы басқалардың өмірі мен іс-әрекеттері жайындағы аңыздар;
  • 3. һижраның (мұсылман жыл санауы) алғашқы он жылы ішінде болған тарихи оқиғаларды бейне бір шежіре түрінде баяндайтын хикаялар болып келеді. Мәселен, «Нұх ғалейхиссалам» деп аталатын хикаяда бүкіл жер бетін топан су басып кеткені, сонда Нұх Пайғамбар кеме жасап, әртүрлі жан-жануарларды сақтап қалу үшін олардың әрқайсысынан бір-бір жұптан кемеге салып жүргені, кеменің түбін тышқан тескені, оны жылан бекіткені, т.б. әңгіме болады. Сондай-ақ, «Қиссаси Рабғузийде» Ибраһим, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Ілияс, Мұхаммед Пайғамбарлар (с.а.у.) туралы да қызықты хикаялар бар.
  • Жазылу тарихы
  • Аталған жәдігер дүниедегі аңыз-әңгімелерді жинақтап, құрастырған, біраз қиссаларды жазған автор - Рабғузи. Автордың шын есімі - Насретдинұлы Бұрһанеддин екен. Автор тарихта негізінен Рабғузи деген бүркеншік атымен белгілі. Рабғузи Оғыз Рабат деген қаланың қазысы болған көрінеді. Дерек көздерге қарағанда, автор аталған шығармасын сол қаланың әкімі Насретдин Тоқбоға бектің өтініші бойынша жазып, кітапты әлгі әкімге сыйға тартқан екен.
  • Қарлығаштың адамға достығы
  • Жоспар:
  • 1.Нұхтың кемесін тышқан тесті.
  • 2.Жылан тілегі
  • 4.Жылан құрбақа жейтін болды
  • Лұқман хәкімнің бірінші әңгімесі
  • Лұқман хәкім қарыз сұрап келген кісінің бетін қайтармайтын еді.
  • Бір күні бір кісі келіп, мың алтын алады. Іштей: “Қарызын бермей кетейін”,- деп ойлайды. Жолда бара жатып, бір жерге демалады. Сол кезде бір құс ұшып келіп, жатқан түйіншекті іліп ала жөнеледі. Құс Лұқман Хәкімнің үйінің төбесінен ұшып бара жатқанда, түйіншегі жерге түсіп кетеді.
  • Қарыз алған кісі Лұқман хәкімге қайтып келеді, тағы мың алтын
  • беруін өтінеді. Ішінен: “Егер осы жолы берсе, мың алтынын екі мың
  • қылып қайтарармын – ау”, - деп ойлайды.
  • Лұқман сұрағанын береді. Алтын алған кісі сауда жасап, мың алтыннан
  • он мың пайда көреді. Лұқманның алған қарызын екі есе қайтарады.
  • Сонда Лұқман Хәкім: “Бірінші алғанда бермей кетейін деп арамдық
  • ойлап едің, ол саған бұйырмады. Екіншіде адалдық ойлап едің,
  • пайда таптың. Бұдан былай қара ниет болма” – дейді.
  • Сұрақтар
  • мен
  • тапсырмалар
  • Сұрақ-жауап - Қазақ ертегілерінде осы әңгімемен сюжеті жағынан ұқсас ертегілер кездесе ме?
  • - Қарлығаш қандай құс? - Қандай оқиғаны жақсы іске, қайсысын жаман іске жатқызар едің?
  • "Ой жүйрік"
  • Сендердің ойларыңша Лұқман
  • хәкім
  • қандай адам?
  • Ойлан!
  • Рөлдік ойын
  • Екі тақырып бойынша
  • "Достық"
  • "Адамгершілік"
  • Осы екі сөзді қалай түсінесіңдер?
  • Бекіту сұрақтары:
  • 1.Насреддин Рабғузи туралы естігендерің бар ма?
  • 2.Қисса деген не?
  • 3.Лұқман хакім туралы не білесіңдер?
  • 1."Адамгершілік -
  • адамдықтың белгісі"
  • 2. "Құстар - біздің досымыз"
  • тақырыбында шығарма жазу

Каталог: kopilka -> uploaded files
uploaded files -> Оқып үйренудің негізгі мақсаты Оқытуда қалыптасатын әдіс-тәсілдер
uploaded files -> Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі дара тұлға
uploaded files -> Тақырыптың туындау себептері
uploaded files -> Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
uploaded files -> Ххі ғасыр көшбасшысы өткізген
uploaded files -> Жарық туралы дуализм Квант дегеніміз не? Абсолют қара дене Фотон
uploaded files -> Өмірбаяны 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл
uploaded files -> Презентация №50 Абай атындағы орта мектеп
uploaded files -> Атақты жазушы Біздің жерлесіміз
uploaded files -> Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет