1 аббревиатура сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚш америка Құрама Штаттары



бет1/5
Дата27.02.2020
өлшемі395 Kb.
#58704
  1   2   3   4   5

УМКД 042-18-15.1.8/03-2013


2013 жылғы

№1 басылым



42 беттің -шісі




5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған

«Этика, Заңнама және БАҚ» пәнінің
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР



СЕМЕЙ

2013
МАЗМҰНЫ

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық (семинар) сабақтар

4 Курстық жұмыс тақырыптары

5 Студенттердің өздік жұмысы

6 Өзгерістерді тіркеу парағы

7 Әріптестердің танысуы



1 ГЛОССАРИЙ

1 АББРЕВИАТУРА – сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаттары.

2 АБЗАЦ – жаңа жолдан әрі кейін шегеріліп басталатын текс бөлігі. Ол бірнеше жолды қамтып, сөйлемдер мағынасын біріктіріп тұрады.

3 АБСТРАКЦИЯ – зат пен құбылыс туралы нақты ойламай, ауытқушылық, дерексіз ұғымға ұрыну.

4 АВТОБИОГРАФИЯ – қандай да бір тұлғаның өмірбаяндық өз туындысы.

5 АВТОР – түрлі салаларда шығарма жасаушы тұлға. Әдебиеттегі, өнердегі, ғылымдағы, т.б. твочестволық еңбек иесі.

6 АГИТАЦИЯ – ауызша немесе баспасөз арқылы қалың көпшілікке идеялар мен лозунгілер таратып, саяси тұрғыдан үгіттеп, әсер ету қызметі.

7 АКСИОМА – дәлелдеуді қажет етпейтін, онысыз да белгілі ақиқат.

8 АКТУАЛЬНЫЙ – бүгінгі күні уақыты пісіп жетілген, тез шешімді қажет ететін, маңызды да, өзнкті мәселе.

9 АЛЬМАНАХ - әр түрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы. Кезең – кезең сайын шығып тұруы мүмкін.

10 АНАЛИЗ – тиісті оъектіні жан – жақты талдап көрсететін, ғылыми – логикалық тұрғыдан ой – топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі.

11 АНОНИМ - өз есімін жасырушы шығарма авторы.

12 АРГУМЕНТ – бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалық тұжырым.

13 БРИФИНГ – белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған бағытты арнаулы өкілдің бұқаралық ақпарат құралдары журналистері алдына шағын мәжіліс өткізіп, баяндап беруі. Мысалы, халықаралық келіссөздерде болған мәмілені мәлімдеу, түсіндірме жасау.

14 БРОШЮРА – шағын көлемдегі шығарма берілген, жұмсақ мұқабамен шығатын жұқа кітап.

15 ВЕРСИЯ – факті немесе оқиға туралы бір-бірінен айырмашылығы бар әрқилы түсіндірмелер, ұғымдар.

16 ВЕРСТКА – терілген материлдар гранкілері арқылы типографияда газет, журнал беттерін дайындау.

17 ВУЛЬГАРИЗМ - әдеби тілде қолданылмайтын дөрекі сөздер.

18 ГОНОРАР – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары үшін авторға берілетін қаламақы.

19 ГРАНКА - әлі верстка жасалмаған баспаханалық терімнің бір бөлігі. Әдетте жүз жолдай көлемнен аспайды.

20 ДЕЗИНФОРМАЦИЯ – жалған хабар арқылы жаңылыстыру.

21 ДЕНЬ ПЕЧАТИ – дәстүрлі баспасөз күні. Жыл сайын 28 маусым күні аталып өтеді. “Түркістан уалаяты” газетінің 1870 жылы алғашқы нөмірі шыққан күнге орай белгіленген. Аталмыш мерекелік күні творчестволық арнайы сыйлықтар тапсырылады.

22 ЖАНР - әдеби немесе публицистикалық шығарма түрлері.

23 ЖУРНАЛИСТ – бұқаралық ақпарат қүралдарында тұрақты жұмыс істейтін, арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер. Оның жұмысы идеологиялық, қоғамдық саланы қамтып, творчестволық тұрғыда еңбек етеді. Отанға, халыққа қызмет етіп, публицистика саласында шығармалар береді. Ішкі-сыртқы мәселелерге белсене араласып, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысады.

24 ЗАМЕТКА – бір оқиғаның, фактінің негізінде жазылатын қысқаша хабар.

25 ИДЕОЛОГИЯ – қоғамдық санадағы идеялар жүйесі, ілім. Саясат, мораль, ғылым, өнер, дін жөніндегі ұғымдар мен көзқарастар жиынтығы. Ол қоғам дамуына белсене әсер етеді. Идеология прогресшіл немесе реакцияшыл болуы да мүмкін.

26 ИЛЛЮСТРАЦИЯ–кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін суреттер.

27 ИНТЕЛЛЕКТ – ақыл, адамның ойлау қабілеттілігі.

28 ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ – ой еңбегінің адамдары. Мәдениет пен ғылымның әр түрлі салаларынан арнаулы білімі бар адамдар.

29 ИНТЕРВЬЮ – сұрақ-жауап түрінде белгілі бір тұлғаның оқиға мен факті жөнінде журналистке айтқан әңгімесі, сұхбаты. Оның зәру мәселе бойынша пікірлері мен көзқарасын, берген мәліметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін журналистің жазып алуы.

30 ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – бір нәрсенің мәнін ашу, ұғындыру,. Қайсыбір текстке түсіндірме жасау.

31 ҚазТАГ – Қазақстан мемлекеттік телегреф агенттігі. Республиканың бұқаралық ақпарат құралдарын информациямен қамтамасыз етеді. Ішкі-сыртқы хабарларды жинап таратады.

32 КАЛЛИГРАФИЯ – анық, әдемі жазу өнері.

33 КОНЦЕПЦИЯ - өмір құбылысына көзқарас білдіріп, тұжырым жасау. Жазушының, ғалымның, журналистің т.б. негізгі түйінді ойлары.

34 КОРРЕКТОР – баспасөз материалдарын баспаханада теру кезінде кеткен қателерді гранкіден, не версткалау кезінде беттерден жөндеп, түзететін қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан сауатты болуы тиіс. Типографиялық техникадан хабары болуы керек.

35 КОРРЕКТУРА – баспаханалық терімнен кейін оттискіде байқалған қателерді жөндеу.

36 КОРРЕСПОНДЕНТ – бұқаралық ақпарат құралдарының жер-жерден хабар жинап беріп тұратын тілші қызметкері.

37 КОПИЯ – түпнұсқаның тура көшірмесі.

38 КУРСИВ–формалық тұрғыдан қолжазба әріптерге ұқсайтын типографиялық қаріп.

39 ЛЕТУЧКА – редакция ұжымының жедел әрі қысқаша өткізетін өндірістік жиналысы.

40 МАКЕТ – арнаулы бланкіге сызықтар арқылы түсірілген газет беттерінің дәл жасалынған жоспары.Сонын үлгісінде шығатын газет беттері дайындалып ,безендіріледі.

41 ОФСЕТ – типографияда жасалынған цинк қаңылтырдағы газет бетінін бейнесі сол күйінде резина пленкасына түсіріледі де, одан соң қағазға басылатын тәсіл.

42 ОЧЕРК – көркем жанрға жатады, публицистикалық сарында жазылады. Негізінен фактіге құрылады,ойдан шығарылмайды. Оқиға,фактілер зерттеліп,баяндалады. Оныңкейіпкерлері өмірде бар адамдар, нақты деректер баяндалады.Көбіне кейіпкерлер бейнесі суреттеліп беріледі.

43 ПАМФЛЕТ – заманға кереғар, қоғамдық- саяси өмірдегі кейбір келеңсіз құбылысты, сондай-ақ әлдебір жеке қайраткерлер туралы әшкерлеу, келемеж мақсатындағы актуальды да, көркем публицистикалық шығарма.

44 ПАРАДОКС - әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек, күтпеген тосын пікір, құбылыс.

45 ПЕТИТ – ұсақ типографиялық шрифтің түрі.

46 ПОЛЕМИКА – баспасөзде, жиналыста бір нәрсеніталқылау кезінде болатын айтыстар.

47 ПОЛИГРАФИЯ – баспа өнімдерінің барлық түрін шығаратын өндіріс саласы.

48 ПРЕССА – мерзімді басылымдар, газеттер мен журналдар т.б.

49 ПРИНЦИП – негізгі идеалға сай ауытқымай іс-әрекет көрсету тәртәбі.

50 ПРОБЛЕМА – теориялық және практикалық мақсаттағы шешімін күткен өзектіде, аса қажетті мәселе.

51 ПРОГРЕСС – алға жылжу, қоғамда неғұрлым жақсы жағдайға жету, дамудың жоғары сатысына өту.

52 ПРОПАГАНДА – ілімді, саяси теорияны, көзқарасты, идеяны баспасөзде және ауызша түрде тарату мен түсіндіру, насихаттау.

53 ПУБЛИКАЦИЯ – баспасөзде жалпыға арналып жарияланған хабар, жазылған материал.

54 ПУБЛИЦИСТ – қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып жүрген журналист, қаламгер.

55 ПУБЛИЦИСТИКА – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық өмір мәселелерінің жазылып,жариялануы. Журналистика саласының материалдары.

56 ПСЕВДОНИМ – жазушы. журналистердің

баспасөзде шын аты-жөнінің орнына ойдан шығарылған бүркеншік есімді пайдалануы.

57 РЕДАКТОР – мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллективінің басшысы. Газет,журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына, жалпы оқырмандар үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті мәселелерді шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші.

58 РЕКЛАМА – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлдебір нәрсені кеңінен білгізу мақсатында жарнамалау.

59 РУБРИКА – газет бетіндегі біріктіріліп берілген материалдарға, сондай-ақ жүйелі түрде жарияланып тұратын кезеңдік материалдарға тағылатын ортақ айдар.

60 СТАТЬЯ – мақалада ірі өмір құбылыстары мен фактілері терең анализ жасалып, теориялық және практикалық тұрғыдан жинақталып, қорытылады.

61 ХРОНИКА - әдетте тақырыпсыз берілетін қысқаша хабар түрі.

62 ЦЕНЗУРА – баспасөзде жарияланатын шығармаларға ерекше бақылау жасау.

63 ЭТИКА – адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттер жөніндегі нормалар жүйесі. Отанға, қоғамға және өзара қарым – қатынас мәселелерін, міндеттерін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.

2 ДӘРІСТЕР

1-2 дәріс

тақырыбы:Қазақстан Конституциясы және БАҚ пен этика
Дәріс мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциясы, оның тарихы туралы талдап, түсіндіру. БАҚ-ы туралы заңның қашан қабылданғанын, оның маңызы туралы түсінік.

Дәрістің жоспары:


  1. Журналистикаға қатысты тұжырымдар.

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі.

  3. Сөз бен шығармашылық еркіндігі.

ҚР Конституциясында БАҚ-қа, журналистикаға қатысты тұжырымдар бар. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады.

Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді.

Республиканың Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.

Сондай-ақ Конституцияда қоғамдық-саяси мәселелерге байланысты БАҚ және жалпы журналистика қызметімен ұштасып жататын жайлар бар. Соған байланысты БАҚ өзінің күнделікті жұмысында айтылған концепцияларға сәйкес тиісті іс-әрекетін үйлестіріп ұйымдастырып отыруы керек.


Дәрісті бекіту сұрақтары:

  1. ҚР Конституциясындағы БАҚ-қа, журналистикаға қатысты

тұжырымдарды жазыңыз.

  1. Цензураға тыйым салу дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995

  2. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.

  3. Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы // Заң, 13 қазан, 1994.

  4. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң // Егемен Қазақстан, 6 тамыз, 1999.

  5. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң. – Алматы, 1996.


3-4 – дәріс

тақырыбы: Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдағы негізгі ұғымдар
Дәріс мақсаты: Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңның негізгі қағидалары мен ондағы негізгі ұғымдар туралы түсінік беріп, талдау.

Дәрістің жоспары:

  1. Журналистикаға қатысты ұғымдар.

  2. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдағы негізгі ұғымдар.

Бұқаралық ақпарат- тұлғалардың шектеусіз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлар мен материалдар.

Бұқаралық ақпарат құралы- мерзімді баспасөз басылымы, радио мен теледидар бағдарламасы, кино-құжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басқа да нысаны.

Мерзімді баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень және олардың қосымшасы.

Теледидар, радио, бейне, кинохроникалық бағдарламасы- толық атауы бар кемінде жылына бір рет эфирге шығатын мерзімді дыбыс-бейне хабарлары мен берілімдердің жиынтығы.

Эфирге шығу - ұқсас және цифрлық электромагниттік жүйелерді пайдалана отырып, теледидар, радио бағдарламаларын, дыбыс-бейне жазбаларын тарату.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімі- мерзімді баспасөз басылымының жеке нөмірінің немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы, радио, теледидар, кино, хроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы.

Ресми хабар – БАҚ арқылы одан әрі тарату мақсатымен мемлекеттік органдар беретін ақпарат.

БАҚ өнімнің тарату – мерзімді баспасөз басылымдарын сату (жазылуы, жеткізу, үлестіру) радио, теледидар бағдарламаларын эфирге шығару, кинохроникалық бағдарламаларды көрсету.

БАҚ редакциясы – жеке тұлға не БАҚ-қа материалдарды жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын шығармашылық ұжым.

Бас редактор – БАҚ редакциясын басқаратын және оны шығару мен таратуға эфирге шығаруға тиісінше өкілеттілігі бар жеке тұлға.

Журналист – еңбек қатынастары немесе өзге де шарттар негізінде БАҚ үшін хабарлар мен материалдар жинау, өңдеу және әзірлеу жөніндегі қызметті атқаратын жеке тұлға.
Дәрісті бекіту сұрақтары:


  1. БАҚ өнімнің таратудағы негізгі ерекшеліктер.

  2. БАҚ редакциясын кім басқарады?

  3. Қандай хабарлар ресми хабар болып табылады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995



  1. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.

  2. Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы // Заң, 13 қазан, 1994.

  3. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң // Егемен Қазақстан, 6 тамыз, 1999.

  4. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң. – Алматы, 1996.


5-6 – дәріс

тақырыбы: БАҚ қызметін ұйымдастыру этикасы

Дәріс мақсаты: Бұқаралық ақпарат құралдарын ұйымдастыру, журналист этикасы туралы түсінік.

Дәрістің жоспары:

  1. БАҚ-ты құру және ұйымдастыру заңдылықтары.

  2. БАҚ баспагері.

БАҚ-ты құруға ҚР заңдарына сәйкес жеке заңды тұлғалардың құқығы болады. Заңды тұлғаның – ҚР-дағы БАҚ меншік иесінің немесе осы саладағы қызметті жүзеге асырушысының акцияларының 20 проценттен астамын шетелдік және заңды тұлғалардың тікелей немесе жанама иеленуіне, басқаруына тыйым салынады. Меншік иесі дегеніміз-БАҚ құралын иелену, билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, олардың бірлестігі.

БАҚ меншік иесі тиісті шарт негізінде БАҚ-қа қатысты редакция, редактор, журналист, баспагер, таратушы ретінде іс-қимыл жасауға құқылы. БАҚ редакциясы меншік иесінің тапсыруы бойынша БАҚ-ты әзірлеуді және шығаруды, оның ішінде эфирге шығаруды да жүзеге асырады. Редакцияға редактор басшылық етеді. Меншік иесі мен редакция арасындағы қатынастар жарғымен және шартпен реттеледі.

Сондай-ақ ақпарат агенттіктері де құрылады. Олар ҚР заң актілеріне сәйкес тіркелген, қызметі ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинауға, қайта өңдеуге және таратуға бағытталған заңды тұлға. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарында оның атауы мен шығарылған уақыты қоса берілуі тиіс. Ал БАҚ ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарын таратқанда, жариялағанда оған сілтеме жасауы керек.

Сонымен бірге БАҚ баспагері болады. Ол – БАҚ өнімін өндіруді материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.



Дәрісті бекіту сұрақтары:

  1. БАҚ-тағы этика ұғымы, оның мәні.

  2. Ақпарат агенттіктері қалай құрылады.

  3. БАҚ баспагері деген кім?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995

  2. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.

  3. Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы // Заң, 13 қазан, 1994.

  4. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң // Егемен Қазақстан, 6 тамыз, 1999.

  5. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң. – Алматы, 1996.


7-8 дәріс

тақырыбы: БАҚ-ты тарату немесе журналистік этиканың бұзылуы
Дәріс мақсаты: Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін таратудағы ерекшеліктер мен журналистік этиканың бұзылуы туралы түсінік.

Дәрістің жоспары:

  1. БАҚ-ты тарататын жеке немесе заңды тұлғалар.

  2. Мерзімді басылымның әрбір шығарылымында берілетін мәліметтер.

БАҚ-ты таратуды меншік иесінің шешімі бойынша оның өзі шарт негізінде немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспагер сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар жүзеге асырады. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада соған арнап әдейі бөлінген тұрақты үй-жайларда сатуға жол беріледі. Олардың орналасқан жері мен ондағы сату ережелерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

Порнографиялық және арнаулы сексуальдық-эротикалық сипаттағы радиотеледидар бағдарламаларының эфирге шығарылуына, сондай-ақ кино және бейне өнімінің көрсетілуіне, қатыгездік пен зорлықты насихаттауға тыйым салынады. Темекі және алкаголь бұйымдарын насихаттайтын телерадио бағдарламалары мен жарнамалық роликтердің эфирге шығарылуына жергілікті уақыт бойынша 23 сағаттан 6 сағатқа дейін рұқсат етіледі. БАҚ-та алкаголь және темекі бұйымдарын жарнамалау оларды пайдаланудың зияны туралы айқын оқылатын мәтінмен бірге берілуге тиіс.

Заңды негіздерде жүзеге асырылатын БАҚ-ты таратуға жеке немесе заңды тұлғалар, сол сияқты мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары тарапынан кедергі жасауға, заңсыз тәркілеуге, сондай-ақ таралымын немесе оның бір бөлігін жоюға заңды күшіне енген шешімі негізінде болмаса жол берілмейді. Мерзімді басылымның әрбір шығарылымында мынадай мәліметтер болуға тиіс. Бұқаралық ақпарат құралының атауы, БАҚ меншік иесі, бас редактордың тегі және аты-жөні, есепке қою туралы куәліктің нөмірі мен берілген күні және оны берген органның атауы, басылымның мерзімділігі, БАҚ-тың рет нөмірі мен жарық көрген күні, таралымы немесе тиражы, баспахананың атауы, оның мекен-жайы, БАҚ, оның ішінде телерадио хабарларын таратуда эфирге әрбір шыққан сайын, ал үздіксіз хабар таратқан жағдайда тәулігіне кемінде 4 рет өзінің атауын жариялап отыруға міндетті.


Дәрісті бекіту сұрақтары:

  1. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарына қойылатын талаптар.

  2. Темекі және алкаголь бұйымдарын насихаттайтын телерадио бағдарламалары мен жарнамалық роликтерге қойылатын талаптар.

  1. Мерзімді басылымның әрбір шығарылымында берілетін мәліметтер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995

  2. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.

  3. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң // Егемен Қазақстан, 6 тамыз, 1999.

  4. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң. – Алматы, 1996.


9-10 – дәріс

тақырыбы: БАҚ-тың азаматтармен және ұйымдармен этикалық қатынасы
Дәріс мақсаты: Бұқаралық ақпарат құралдарының азаматтармен және ұйымдармен этикалық қатынас сипаттарын түсіндіру.

Дәрістің жоспары:

  1. БАҚ-тағы интеллектуалдық меншік.

  2. Азаматқа немесе заңды тұлғаға нұқсан келтіретін мәліметтерді БАҚ арқылы тарату ерекшеліктері.

Редакция пайдаланылатын туындыларға құқықты, оның ішінде интеллектуалдық меншікте авторлық және өзге де құқықтарды сақтауға міндетті. Оқырмандар хаттарын жариялау кезінде олардың мәтінін қысқартуға және оның мазмұнының мағынасын бұрмаламай редакциялауға жол беріледі.

Егер заңда өзгеше көзделмесе БАҚ редакциясын ол қабылдамай тастаған материалды жариялауға ешкімнің де міндетті құқығы жоқ. Мемлекеттік органдардың ресми хабарлары БАҚ-та ҚР заң актілеріне сәйкес орналастырылады. Мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдеріне, олардың меншік нысанына және кімге қарайтынына қарамастан, өтініш жасаған кезде ҚР Мемлекеттік құпиясы болып табылатынынан басқа ақпаратты кең шарттарда беруге міндетті. Сұралып отырған мәліметті беруден бас тартылуға БАҚ өкілі мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың азаматтар құқығына қысым жасайтын заңсыз әрекеттеріне шағым жасауға арналған заңда көзделген тәртіппен жоғары тұрған органға немесе лауазымды адамға, ал одан соң сотқа шағым жасауы мүмкін.

Азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиеті не болмаса іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді, егер мұндай мәліметтер таратушы олардың шындыққа сәйкестігін дәлелдемесе, сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы. Егер азаматтық немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер БАҚ-та таратылса, олар сол БАҚ-та тегін теріске шығарылуға тиіс. Егер аталған мәліметтер ұйымнан шыққан құжатта болған жағдайда, мұндай құжат алмастырылып немесе қайтарылып алынып, бұл құжаттағы мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіндігі туралы адресатқа міндетті түрде хабарлануға тиіс.

Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер таратылған болса, олар мұндай мәліметтерді теріске шығарумен қоса олардың таратылуынан өздеріне келтірген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Дәрісті бекіту сұрақтары:


  1. БАҚ-та тегін теріске шығарылуға қойылатын талаптар?

  2. Мемлекеттік органдардың ресми хабарлары БАҚ-та неге сәйкес орналастырылады?

  3. Моральдық зиян шегушілік дегенді қалай түсінесің?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995

  2. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.

  3. Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы // Заң, 13 қазан, 1994.

  4. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң // Егемен Қазақстан, 6 тамыз, 1999.

  5. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң. – Алматы, 1996.


11-12 – дәріс

тақырыбы: Журналистің құқықтары мен міндеттері
Дәріс мақсаты: Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін журналистің құқықтары мен міндеттері туралы талдап, түсіндіру.

Дәрістің жоспары:

  1. Журналистің құқықтары.

  2. Журналистің міндеттері.

Журналист ақпаратты іздестіруді жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға құқықты. Журналист мемлекеттік органдарға, барлық меншік нысанындағы ұйымдарға баруына және өзінің қызмет бабындағы міндеттерін жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткізу туралы шешім қабылданғаннан басқа жағдайда өзін тіркеген орган өткізетін барлық шараларға қатысуға құқықты. Журналист ҚР Заң актілерінде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның ішінде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсіру құралдарын пайдалана отырып жасауға құқықты. Журналистің куәлігін көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда, митингілер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды өзге де білдіру нысандарына қатысуға құқықты. Журналист құжаттар мен материалдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар үзінділерін қоспағанда олармен танысуға рұқсат алуға құқықты. Журналист алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге кезінде мамандарға жүгінуге құқықты. Журналист өзі дайындаған хабарлар мен материалдарға талап қойып, шартты атын (бүркеншік атын) көрсетіп таратуға құқықты. Журналист материалдың мазмұндық редакциялық түзетуден кейін оның жеке сеніміне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға құқылы. Журналист авторлық және ақпарат көздерінің құпиясы соттың талап етуімен жарияланған жағдайларды қоспағанда бұл құпияларды сақтауға құқығы бар.

Журналистің міндеттері:

1) Журналист ҚР заңдарын басшылыққа ала отырып, өзі шарттық қатынастарда тұрған БАҚ қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға міндетті. 2) Журналист шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратпауға міндетті. 3) Журналист ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтініштерді қанағаттандыруға міндетті. 4) Журналист жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін құрметтеуге міндетті. 5) Журналист ҚР заңдарына сәйкес өзіне жүктелген өзге де міндерді орындауға міндетті.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет