Глоссарий
1. АККЛИМАТИЗАЦИЯ - бір бөлмеден екінші бөлмеге немесе басқа жерге ауыстырғанда жәдігер сол ортаға үйренгенше уақыт.
2. АКСИОЛОГИЯЛЫҚ аспект - бағалылық аспект. АТТРАКТИВТІК қасиетт- көңіл аудару, назарды күшейту.
3. АТРИУМ – мемлекеттік рәміздері - Елтаңба, Мемлекеттік Ту, Әнұран мен Ата Заң қойылған мұражайдағы бөлім.
4. ГЕРМЕТИЗАЦИЯЛАУ- ауа кірмейтіндей саңылусыз бекіту.
5. ГИГРОСКОПИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР- органикалық ылғал тартқыш материалдар
6. КОММУНИКАТИВТІК аспект - хабарламалық аспект
7. МҰРАЖАЙ – арнайы жабдықталған, қоғамдық қажеттіліктерді өтеуге арналған, тарихи – ғылыми дерек ретінде жәдігерлерді сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізетін, әлеуметтік ақпарат құжаттарын жинайтын, эстетикалық құндылықтары бар мекеме.
8. МҰРАЖАЙ ЭӘДІГЕРІ – нақты өмірден алынған, музейге қоюға құндылығы бар, музей қорына тіркелген, ұзақ сақтауға бейім зат.
9. РЕПРЕЗЕНТАТИВТІК қасиет- ұқсас жәдігерлердің артықшылығын анықтай білу
10.. СЕМАНТИКАЛЫҚ қасиет -мәнерлілік, дәлділік, мәндік қасиет
11. ЭКСПЕССИВТІК - толқыту, көңілде әсер қалдыру қасиеті
Дәріс.1 Мұражайтану негіздері
Мұражай – арнайы жабдықталған, қоғамдық қажеттіліктерді өтеуге арналған, тарихи – ғылыми дерек ретінде жәдігерлерді сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізетін, әлеуметтік ақпарат құжаттарын жинайтын, эстетикалық құндылықтары бар мекеме.
Мұражай ісі – қоғамдағы өзгерістермен, қоғам дамуымен тығыз байланыстағы ерекше сала. Ол – ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына тікелей әсер ететін ғылыми мекеме. Барлық музей ісіне байланысты жинақталған тәжірибе мен музей ісінің мәселелерін көтеретін арнайы әдебиеттерде жарық көрген ғылыми білімдер жиынтығын “музейтану” деп атайды. Бұл термин ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана пайда болғанымен, көптеген тілдерде ертерек орнығып қалды. Ғылымда бұрынғы қолданылған “музеография” деген термин музейге қатысты барлық шығармаларда қолданылып келеді, ал ХХ ғасырдың ортасынан бастап тек музейді ғана сипаттауға ғана пайдаланылды. “Музейтану” терминін көбінесе “Музей ісіндегі ғылыми ілім” немесе “Музей теориясы” деп қарастырады. 1997 жылы Кеңес Одағында өткен музей ісіне байланысты Халықаралық ХІ шешуші басты конференциясында Халықаралық музеология комитеті құрылды. Онда іргелі ғылыми – зерттеу еңбектерді жазуға бағдарламалар қабылданып, музейтануды университеттерде оқытуға ұсыныс жасалды.
Мұражай ісінің негізгі белгілері – музей жәдігерлерін жинау, есепке алу, сақтау, консервациялау, зерттеу. Музей арқылы ақпарат тарату қоғамдағы байланыстың айрықша жүйесі болып табылады. Жұмысты ұйымдастыру формалары әртүрлі. Оған заттық көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, дәрістер оқуды ұйымдастыру тағы басқалар жатады.
Мұражайтану – қоғамдық ғылым, әлеуметтік ақпараттың сақталу процестерін, музей жәдігерлері арқылы танымдық білім беріп, эмоциял
әсер қалдыратын және әртүрлі қоғамдық – экономикалық жағдайдағы әлеуметтік заңдылықтардың формалық қызметін музей жәдігері, музей ісі арқылы зерттеп, жүзеге асыратын пән.
Мұражайтанудың зерттеу нысанасы – мұражай, мұражай ісі, мұражай жәдігері. Музей және музей ісі тарих, мәдениет, өнертану, социология және басқа ғылыми салаларда зерттеу нысанасы ретінде қарастырылады. Сондықтан зерттеу пәні үнемі өзіндік, арнайы заңдылықтарды анықтайтын ғылыми жүйе ретінде қарастырылуы қажет. Зерттеу пәні арқылы белгілі бір саланы зерттеуге қызығушылық тудырып, гносеологиялық міндеттерді шешуге болады. Музейтану пәні негізінен “Музей жәдігері”, “Музей”, “Музей ісі” сияқты терминдердің төңірегінде оқытылып, зерттеледі.
Дәріс. Мұражайдың пайда болуы
Мұражайтану пәні деп - әлеуметтік информацияны жинайтын және сақтайтын процестерге музей заттары арқылы танымдық білім беретін, дәстүрді, эмоцияны, көріністерді жеткізетін, музей ісінің шығу, даму және қоғамдақ қызмет ету функцияларына қатысты объективті заңдылықтардың ауқымын айтамыз.
1997 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің ХІ конференциясында 18 мамыр музей күні болып қабылданды. Өткен заманның көптеген ұлы ғалымдары әуесқой ынтық коллеционерлер болды. “Коллекциялау” деген ұғымды осыдан 2000 жыл бұрын көне Рим шешені Марк Тулий Цицерон енгізді деп есептеледі. Ол өзінің атақты шешендік сөзінде бұл ұғымды “коллекция – шашыраған заттарды бір топқа біріктіру” деп атады.
Музейлер ХVІ – ХVІІІ ғғ. ғана пайда бола бастады. Музейдің өнерлік мәнін алғаш ашқан француз суретшісі Жан Луи Дэвид болды.
Достарыңызбен бөлісу: |