1. Қандай қозғалысты жылулық қозғалыс деп атайды ?



Дата13.05.2022
өлшемі47,76 Kb.
#142991
Байланысты:
8-synypty-kajtalaugha-arnalghan-korytyndy-test-fizika-12-n-581e01b83ab42


1- нұсқа
1. Қандай қозғалысты жылулық қозғалыс деп атайды ?
А. Жылы ауаның қозғалысын; В. Сыртқы күштің әсерінен болатын қозғалысты; С.Молекулалардың ретсіз қозғалысын; Д. Жылулық сәулеленуді; Е.Броундық бөлшектердің қозғалысын .
2. 50 К температураны Цельсий шкаласы бойынша өрнектегенде қандай температураға сәйкес келеді ?
А. 323 0С ; В. -223 0С ; С. 50 0С ; Д. -500С ; Е. 2230С .
3. Массасы 200 г затты 100С-тан 200С –қа дейін қыздыру үшін 760 Дж жылу қажет . Заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңыз .
А. 760 Дж/кг0С ; В. 0,76 Дж/кг0С ; С. 380 Дж/кг0С ; Д. 0,38 Дж/кг0С ; Е. 3,8 Дж/кг0С .
4. 5 кг бензин толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді ? Бензиннің меншікті жану жылуы 4,6*107 Дж/кг .
А. 23 кДЖ ; В. 23 МДж ; С. 230 мДж ; Д. 230 кДж ; Е. 230 МДж .
5. Егер газдың көлемін өзгертпей , температурасын арттырсақ , оның қысымы қалай өзгереді ?
А. Артады ; В. Кемиді ; С. Өзгермейді ; Д. Бастапқыда артады , содан кейін кемиді;
Е. Қысымның өзгерісі газдың құрылымына тәуелді .
6. Жылу қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициенті 30 % , жұмыстық дене қыздырғыштан 5 кДж жылу алды . Жұмыстық дененің жасаған жұмысын анықтаңыз .
А. 150000 Дж; В. 1500 Дж ; С. 150 Дж ; Д. ≈ 67 Дж ; Е. 0,15 Дж .
7. Іштен жанатын қозғалтқыщтың қай тактісінде жұмыс жасалады ?
А.Сору; В.Сығу; С.Жұмыстық жүріс; Д. Шығу; Е. Сығу және жұмыстық жүріс .
8. 2 МПа тұрақты қысымда газ көлемі 2-ден 12 м3-ге дейін артты. Газдың осындай ұлғаюы кезіндегі жұмысты анықтаңыз .
А. 2 МДж ; В. 0,2 МДж ; С. 2*10-3 Дж ; Д. 20 МДж ; Е. 24 МДж
9. Қыздырғыш температурасы 4270С және суытқыш температурасы 270С болатын жылу машинасының ПӘК-і қандай ?
А. 70 % ; В. 43 % ; С. 94% ; Д. 6 % ; Е. 57 % .
10. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы қандай формуламен анықталады ?
А.=(m /m0)100% ;В. =( p / pқ)100%;С.=( ν/νқ)100% ;Д.=(T / T0)100% Е.=(Q /Qқ)100%
11. Электроскоптың өзегіне денені жақындатқанда оның жапырақшалары төмен қарай түседі . Бұл жағдайды қалай тұжырымдауға болады ?
А. Аттас зарядты дене жақындатылған ; В. Заряды жоқ дене жақындатылған
С. Жерге орнықтырылған дене жақындатылған ; Д. Жерге орнықтырылған диэлектрик жақындатылған ; Е. Кез-келген дене жақындатылған .
12. Қай суретте зарядталған бөлшектердің әрекеттесуі дұрыс кескінделген ?
А . 1 ; В. 2 ; С. 3 ;
Д. 1 , 2 ; Е. 1 , 3 .
13. Оңашаланған өткізгішке 2*10-9 Кл заряд беріп , 100 В потенциалға дейін зарядталды. Өткізгіштің электр сыйымдылығын табыңыз .
А. 20 кФ ; В. 20 мФ ; С. 20 мкФ ; Д. 20 нФ ; Е. 20 пФ .
14. Бөлмеде үш қыздыру шамы бар люстра , теледидар және үтік электр тізбегіне жалғанған. Олар бір – біріне қатысты қалай жалғанған ?
А. Бәрі параллель ; В. Бәрі тізбектей ; С. Шамдар параллель , ал үтік пен теледидар тізбектей; Д. Шамдар мен үтік – тізбектей , ал теледидар - параллель; Е.Шамдардың қосылуы аралас , ал үтік пен теледидар - параллель
15. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 15 секундта 120 Кл электр заряды өтеді . Тізбектегі ток күші неге тең ?
А. 1,8 кА ; В. 18 А ; С. 180 мА ; Д. 8 А ; Е. 8 Дж .
16. Кернеудің өлшем бірлігі қандай ?
А. Ватт ; В. Ом ; С. Вольт ; Д. Ампер ; Е. Джоуль .
17. Ұзындығы 100 м , көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 сымның кедергісін анықтаңыз . Сымның меншікті кедергісі – 5*10-7 Ом*м .
А. 500 Ом ; В. 50 Ом ; С. 5 Ом ; Д. 0,5 Ом ; Е. 2*10-5 Ом .
18. Қуаты 0,5 кВт электр қыздырғыш 90 с ішінде қанша жылу бөледі ?
А. 45 Дж ; В. 19800 Дж ; С. 110000 Дж ; Д. 450 Дж ; Е. 45000 Дж .
19. Тізбектегі ток күшін есептеуге арналған құрал –
А. Вольтметр; В.Амперметр; С.Омметр; Д. Электр есептегіш ; Е. Ваттметр .
20. Электр шамнан 300 Кл заряд 10 минут ішінде өтеді . Ток күші неге тең ?
А. 30 А ; В. 0,5 А ; С. 3 А ; Д. 0,05 А ; Е. 0,3 А .
21. Линзаның оптикалық центрінен 10 см ара қашықтықта , бас оптикалық осьте , Күннің кескіні алынды . Линзаның фокус ара қашықтығы қандай ?
А. 0 ; В. 5 см ; С. 20 см ; Д. 10 см ; Е. Шексіз үлкен .
22. Күн сәулесі айна бетіне 300 бұрышпен түседі. Шағылу бұрышы неге тең ?
А. 1500 ; В. 1200 ; С. 900 ; Д. 600 ; Е. 300 .
23. Жарықтың сыну заңы қалай өрнектеледі ?
А. sinα/sinβ = n; В. sinα/cosβ = n ; С. cosα/sinβ = n ; Д. α/β = n ; Е. cosα/cosβ = n .
24. Электромагнитті ойлап тапқан кім ?
А. Х. Эрстед; В. А. Ампер; С. Д. Араго; Д. М. Фарадей ; Е. У. Стерджен .
25. Катушкадан өтетін магнит өрісінің өзгерісінде индукциялық ток пайда болады . Осы құбылыс қалай аталады ?
А.Электростатикалық индукция ; В. Магниттеу құбылысы ; С. Өздік индукция ; Д. Магниттік индукция ; Е. Электромагниттік индукция .
2-нұсқа
1. Күннен Жерге берілетін жылу берілуі қандай жолмен жүзеге асырылады ?
А.Жылу өткізгіштікпен;В.Сәулеленумен;С.Конвекциямен;Д.Жоғарыда аталған жолдармен; Е. Диффузиямен .
2. Сұйықтың кебу жылдамдығы неге тәуелді ?
А. Тек қана сұйықтың тегіне ;В. Тек қана температураға ; С. Тек қана сұйықтың еркін бетінің ауданына ; Д. А , В , С және желдің болуына ;Е. Тек қана температураға және ауданға
3. 168 кДж жылу мөлшерін бере отырып , қанша мөлшердегі суды 100С-қа қыздыруға болады ? А. 8 кг . В. 4 кг ; С. 2 кг ; Д. 40 кг ; Е. 20 кг .
4. Массасы 2 кг кірпішті 20 0С –тан 120 0С –қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет ? Кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығы – 750 Дж/(кг* 0С) .
А. 30 кДж ; В. 150 кДж ; С. 180 кДж ; Д. 210 кДж ; Е. 480 кДж .
5. Газ адиабаталық сығылғанда оның көлемі 2 есе азайды . Осы кезде қысым қалай өзгереді ?
А. Өзгермейді ; В. 2 есе кемиді ; С. 2 есе артады ; Д. 3 есе артады ; Е. 3 есе кемиді 6. Газ көлемін 0,3 м3-ден 0,7 м3 дейін ұлғайтты . Осы кездегі газдың жұмысы 400 Дж . Газ қандай қысымда болды ? Жұмыс орындалу барысында қысым өзгермеді деп есептеңіз
А. 1600 Па ; В. 160 Па ; С. 280 Па ; Д. 120 Па ; Е. 1 кПа .
7. Газға 300 Дж жылу мөлшері берілгенде , оның ішкі энергиясы 200 Дж-ге артты . Газдың атқарған жұмысын анықтаңыз.
А. 0 ; В. 200 Дж ; С. 100 Дж ; Д. 300 Дж ; Е. 500 Дж .
8. Қаныққан және қанықпаған булардың арасындағы айырмашылығы неде ?
А. Қаныққан будың тығыздығы көбірек ; В.Қаныққан будың қысымы көбірек ; С. Қаныққан бу өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болады; Д. Қаныққан бу атмосферамен динамикалық тепе – теңдікте болады ; Е. Қаныққан будың температурасы көбірек .
9.Температурасы 190С су буының қысымы 1,1 кПа – ға тең . Қаныққан будың осы температурадағы қысымы – 2,2 кПа . Бөлмедегі салыстырмалы ылғалдылық қандай ?
А. 20,9 % ; В. 11 % ; С. 19 % ; Д. 22 %; Е. 50 % .
10. Денелердің электрленуін байқауға арналған аспап –
А. Кинескоп ; В. Кодоскоп ; С. Телескоп ; Д. Электроскоп ; Е. Спектроскоп .
11. Гальвани элементтерінде зарядталған бөлшектердің бөлінуі қалай жүзеге асады ?
А. Механикалық энергия арқылы ; В. Химиялық энергия арқылы ; С. Ішкі энергия арқылы ; Д. Ядролық энергия арқылы ; Е. Химиялық және ядролық энергиялар арқылы .
12. 3*10-6 Кл нүктелік зарядтан 10 см қашықтықтағы электр өрісінің кернеулігін анықтаңыз. ( k = 9*109Нм2/Кл2 )
А. 2,7*104 Н/Кл ; В. 2,7*105 Н/Кл ; С. 2,7*106 Н/Кл ; Д. 270 Н/Кл ; Е. 2,7*103 .
13. Шамасы 4 Кл заряд потенциалы 40 В нүктеден потенциалы 0 В нүктеге орын ауыстырғанда электростатикалық өрістің күші қандай жұмыс атқарды ?
А. 80 Дж ; В. 16 Дж ; С. 0 Дж ; Д. 160 Дж ; Е. 10 Дж .
14. Пәтердегі электр желісін айыратын автоматтар қалай жалғанады ?
А. Тізбектей ; В. Параллель ; С. Біреуі тізбектей , ал екіншісі параллель ; Д. Аралас ; Е. Автоматтар еркін қосылады .
15. Ток күшінің өлшем бірлігі -
А. Ватт ; В. Ампер ; С. Вольт ; Д. Ом ; Е. Джоуль .
16. Кедергісі R1 =1 Ом резистор арқылы 3 А ток өтеді . Кедергісі R2 = 4 Ом резистор арқылы өтетін ток күшін анықтаңыз .
А. 1 А ; В. 3 А ; С. 4 А ; Д. 0 ; Е. 2 А .
17. Ұзындығы 100 м, көлденең қимасының ауданы 2 мм2 алюминий сымның кедергісін анықтаңыз . Алюминийдің меншікті кедергісі – 0,028*10-6 Ом*м .
А. 1400 Ом ; В. 1,4 Ом ; С. 0,014 Ом ; Д. 0,0014 Ом ; Е. 14*10-17 Ом
18. Ток көзінің ЭҚК – і 6 В , өткізгіш кедергісі 1 Ом , ішкі кедергісі 2 Ом болатын электр тізбегіндегі ток күші неге тең ?
А. 18 А; В. 6 А ; С. 3 А ; Д. 2 А; Е. 24 А .
19. Кедергіні реттеуге арналған құрал –
А. Реостат ; В. Резистор ; С. Термистор ; Д. Транзистор ;
Е. Диод .
20. Өткізгіштерді тізбектей қосқанда орындалатын формулаларды анықтаңыз
А. I = I1 = I2 ; U = U1 + U2 ; R = R1 + R2 ; В. I = I1 = I2 ; U = U1 = U2 ; R = R1 + R2 ; C. I = I1+ I2 ; U = U1 = U2 ; R = R1 + R2 ;
Д. I = I1+ I2 ; U = U1+ U2 ; R = R1 + R2 ; Е. I = I1 = I2 ; U = U1+ U2.
21. Жарық тегіс бетке 450 бұрышпен түседі . Шағылу бұрышы неге тең ?
А. 150 ; В. 450 ; С. 60 0 ; Д. 0 ; Е. 300 .
22. Қандай оптикалық аспап үлкейтілген кескінді алу үшін қолданылады ?
А. Жазық айна ; В. Жинағыш линза ; С. Жазық – параллель шыны пластина ; Д. Кез – келген линза ; Е. Шашыратқыш линза .
23. Жарық сәулесі айна бетіне 550 бұрышпен түседі . Түскен және шағылған сәулелердің арасындағы бұрыш неге тең ?
А. 350 ; В. 900 ; С. 700 ; Д. 1100 ; Е. 550 .
24. 1820 ж. тогы бар өткізгіштің магнит тілшесіне тигізетін әсерін байқаған ғалым –
А. Г. Ом ; В. Х. Эрстед ; С. М. Фарадей ; Д. А. Ампер ; Е. А. Вольт
25. Өткізгіштен тұрақты ток өтеді . Осы токтың магнит өрісінің болуын қалай анықтауға болады ?
А.Электроскоппен; В. Амперметрмен; С. Вольтметрмен; Д. Болат ұнтағымен; Е. Ағаш ұнтағымен .
Физика 8 сынып. тест жауаптары
1 н: 1с, 2в, 3с, 4е, 5а, 6в, 7с, 8д, 9е, 10в, 11с, 12с, 13е, 14а, 15д, 16с, 17а, 18е, 19в, 20в, 21д, 22д, 23а, 24е, 25е
2 н: 1в, 2д, 3в, 4в, 5с, 6е, 7с, 8с, 9е, 10д, 11в, 12с, 13д, 14а, 15в, 16в, 17в, 18д, 19а, 20а, 21в, 22в, 23с, 24в, 25д

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет