1-АПТА
Тақырып: Инновациялық қызметтің әдіснамалық негіздері
СӨЖ 1. Әдебиетті пайдалана отырып, инновациялық үдерістің құрылымын құру
Жаңашылдық немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірбиеге енгізудің нысанасына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.
Инновация − жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Білім беру саласындағы инновациялық процесс – бұл білім беру тұжырымдамаларын, оқу бағдарламаларының мазмұнын, әдістері мен әдістемелерін, оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін жаңарту және өзгерту. Білім берудегі инновациялық үдерістің мақсаты – білім беру жүйесінің қалыптасқан дәстүрлі элементтерін немесе олардың өзара байланысын түбегейлі өзгерту және жүйенің жаңа сапалық жағдайына қол жеткізу.
Білім беру саласындағы инновациялық үдерістің ерекшеліктерінің бірі-көп құрылымдылық. Білім берудегі инновациялық үрдістің келесі құрылымдарын атап өтуге болады: субъектілік, деңгейлік, мазмұнды, өмірлік циклдің құрылымы, басқарушылық, ұйымдастырушылық.
Достарыңызбен бөлісу: |