Субъектілік құрылым білім беру жүйесін дамытудың барлық субъектілерінің инновациялық қызметін қамтиды. Бұл құрылым ең алдымен инновациялық процестің әрбір кезеңінде қатысушылардың рөлдік және функционалдық арақатынасын ескереді. Субъектілік құрылым инноваторлар деп аталатын инновациялық үдерісті тасымалдаушылардың әлеуметтік базасын сипаттайды.
Деңгейлік құрылым субъектілердің халықаралық, федералдық, өңірлік, аудандық, қалалық деңгейлердегі өзара байланысты инновациялық қызметін көрсетеді. Әрбір деңгейдің инновациялық қызметі бір-біріне өзара ықпал етеді. Түрлендірудің әсері барынша жоғары болуы үшін, олар жүйелі, үйлестірілген болуы тиіс.
Білім берудегі инновациялық үдерістің басқару құрылымы басқарушы-лық әрекеттердің төрт түрінің өзара әрекеттесуін ұсынады: жоспарлау – ұйым – басшылық – бақылау. Жаңашылдар мен басшылар инновациялық бағдарламаның басқару объектісі ретінде оқу-тәрбие үдерістерінен сапалы айырмашылығы бар екендігін және басқару функцияларын іске асырудың басқа да тәсілдерін талап ететінін анық түсінуі қажет. Тиімді басқару басқарылатын нысанды нақты түсінусіз мүмкін емес.
Білім берудегі инновациялық үдерістің ұйымдастырушылық құрылымы, әдетте, екі негізгі кезеңді қамтиды. Біріншіден, осы оқу орнында бар педагогикалық проблемаларды талдау және бағалау негізінде инновациялық саясаттың мәнін қалыптастыру, оларды инновациялар арқылы шешу қажет. Екіншіден, педагогикалық құрамды аттестаттау, оның инновациялық әлеуетін анықтау және оқушылардың білім алу қабілеті мен шеберлігі тұрғысынан диагностикасын қамтитын оқу орнының жұмыс істеу көрсеткіштерінің диагностикасы.
Инновациялық процесті ұйымдастыру инновациялық қызметтің материалдық-техникалық және қаржылық мүмкіндіктерін, сондай-ақ экологиялық салдарларын есепке алуды көздейді. Егер бұл нәтижеге оқушылар мен оқытушылардың денсаулығы есебінен қол жеткізілсе де, тіпті жоғары білім деңгейін алған кезде де инновацияны тиімді деп санауға болмайды.
Білім берудегі инновациялық процестің мазмұнды құрылымы мынадай негізгі кезеңдерге бөлінеді: инновацияға қажеттілікті анықтау және осы инновацияның идеясының пайда болуы; инновацияны таңдау, моделді, бағдарламаны әзірлеу және алғашқы игеру; инновацияны кеңінен қолдану және енгізу; инновацияның үстемдігі, бұл инновация өзінің "жаңалығын" жоғалтқан кезде; инновацияны қолдану ауқымын қысқарту және оны неғұрлым тиімді жаңалықпен ауыстыру.
Сондай-ақ білім берудегі инновациялық процестің мынадай ерекшеліктерін атап көрсетеді: нақты қоғамдық қатынастармен, мәдениетпен тығыз өзара байланыс; инновациялық қызмет субъектісі мен объектісінің топтық және жеке қасиеттерінің елеулі әсері; зертханалық жағдайларда емес, нақты білім беру процесі жағдайында эксперименттік тексеру жүргізу; инновацияны құру процесін жылдамдататын жобалаумен қосылатын "дайындау" сатысының болмауы; материалдық, қаржы қаражатының аз шығындары; инновациялық қызметтің субъективті факторының рөлін арттыру және т. б.
Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқушылары) және өзінің басқарушы ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. Ал жаңа өзгеріс нәтижесі білім беру мекемелері үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі.
Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке түлғаның дамуы. Демек, жаңалықтың ену қажеттілігі білім алуға деген коньюктураның (бір нәрсеге әсерін тигізетін жағдайлардың кездесу мұқтаждығынан пайда болады. Ол сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынаспен, жалпы білім беруге дайындық деңгейімен, педагог қызметкерлерінің кадрлық әлеуетімен және басқа да факторлармен анықталады. Технологияны, ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Сондықтан да мектеп басшылары үнемі өзгерістің болып тұруы бірден-бір дұрыс факт екенін мойындаулары қажет. Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.
Басқару қызметтерінің арасында инновациялық процестерді басқару және оларды бұдан былай дамыту мақсатындағы арнайы қызметтер салаларының (сапа менеджменті, білім маркетингі, мектеп психодиагностикасы және т.б.) пайда болуы – бүгінгі оқу-тәрбие орындарындағы жаңа құбылыстар. Мектептер өзін қоршаған ортаны және ол ортаның болашақ өзгерістер бағытында талдау жұмыстарын жүргізе бастады. Мектеп өзінің бәсекелестік заман жағдайына дайындығын ойластырып, одан жеңіп шығу жолдарын іздестіретіндей санаға жетуде. Бұл орайда білім ордасы өзінің барша тіршілігінің нәтижесін тек оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы табыстарымен ғана байланыстыруы тиіс.
Сөйтіп, мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру, мектепте оқытудың жаңа технологиясын енгізу, тұлғаның дамуына жағдай жасау және тек білімін арттырып қана қоймай, танымдық қасиеттерін, істеген еңбегінің нәтижесін көріп, саралау – мектеп басқаруда басшылыққа алатын негізгі қағидалардың бірі. Мектеп басшыларының педагогикалық ұжым жұмысына дұрыс және жанды басшылық жасау, оқушылардың білім деңгейін әлемдік стандартқа жеткізу үшін күрес болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ангеловски К. Учителя и инновации / Пер. с макед. М.: Просвещение, 1991.
2. Бабанский Ю.К. Оптимизация педагогического процесса. Киев: Рад. школа, 1982.
3. Глобализация и конвергенция образования: технологический аспект / Под общ. ред. Ю.Б. Рубина. М.: ООО «Маркет ДС Корпорейшн», 2004.
4. Де Калувэ Л., Маркс Э., Петри М. Развитие школы: модели и изменения / Пер. с англ. Калуга: Калужский институт социологии, 1986.
5. Косалс Л.Я. Социальный механизм инновационных процессов. Новосибирск: Наука, 1989.
6. Орлова Т.В. Развитие инновационного процесса в школе: проблемы, состояние, прогноз. М.: МПТУ, 1995.
Орындаған:Абдулова А.А.
Қабылдаған: Cултанбекова Айман Женисовна оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі.
Достарыңызбен бөлісу: |