1. Қара шаңырақ дегенді кім қалай түсінеді?



Дата08.02.2022
өлшемі13,15 Kb.
#119405
Байланысты:
мәтіндер


Қара шаңырақ
Қазақта кенже ұлға мұра болып қалатын әкенің үйі «қасиетті қара шаңырақ», «үлкен үй» деп аталады. Бұл үй әкесі тірі кезінде де, қайтыс болған соң да қара шаңырақ атала береді. Халқына беделді, сыйлы, құрметті адамдардың қара шаңырағын оның ел-жұрты қанша уақыт өтсе де киелі деп санап, ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеп жеткізіп отыырған.
Отбасынан қыз бала ұзатылып, үлкен ұл үйленіп, бөлек шығып кеткен соң, кенже ұлға қара шаңырақпен бірге әке-шешені бағып-қағу, күту міндеті де жүктеледі. Сондай-ақ осы кенже ұлға тиесілі болған қара шаңырақты басқа ұлдары кенже ұлдың үйі емес, әке шаңырағы деп есептеп, сый-құрметпен қарайды.Оны өздеріне тірек, медет тұтады. Сондықтан қазақы ортада ас беру, соғым басына шақыру сияқты әдет-ғұрыптарды атқаруда алдымен қара шаңырақ ескеріледі. Қара шаңырақтың кенже ұлға мұрагерлікке қалдырылу салты сонау сақ, үйсін, ғұндар заманынан бастау алады.
1. Қара шаңырақ дегенді кім қалай түсінеді?
2. Оны неге қасиетті дейміз?
3. Қара шаңыраққа ие болып отырған ұлға қандай сый-құрмет көрсетіледі?
4. Қазақ халқында қай ұлға әке үйі мұра болып қалады?
5. Не себепті кенже ұлға әке үйі мұра етіп қалдырылады?
«Қара шаңырақ» тіркесіндегі «қара» сөзі қандай мағынада қолданылған?

«қара» сөзі 1. Ақ түске қарама-қарсы түс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет