1. Бейіндеу жағдайында толығымен білім беру мазмұнына көп деңгейлі тәсіл енгізіледі. Оның материалды жүзеге асырылуы оқушыларға күнделікті кең тереңдікпен даярлық алуына мүмкіндік береді



Дата07.02.2022
өлшемі41 Kb.
#92119
Байланысты:
бейіндік оқыту


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру пәнінен


МЕЖЕЛІК БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ № __1____



1.Бейіндік білім беру мазмұнына көп деңгейлі тәсіл мен көп деңгейлі курстарды құрастыру қағидалары

2. Саралау бейіндік оқытуды жетілдіру жолы

3. Оқушылардың бейіндік оқуларын ұйымдастырудағы құзыреттілік ұстаным

1. Бейіндеу жағдайында толығымен білім беру мазмұнына көп деңгейлі тәсіл енгізіледі. Оның материалды жүзеге асырылуы оқушыларға күнделікті кең тереңдікпен даярлық алуына мүмкіндік береді.


Біздің пікірімізше, бейіндеу жағдайында екі деңгейдегі курстар болуы тиіс: жалпы білім беретін және арнайы. Көп деңгейлі курстарды белгілеуге арналған терминдер психологияда (жалпы және арнайы) қабылданған қабілеттіліктер түрлерінің атауларынан шығады. Ал біздің пікірімізше, олар оқушылардың қабілеттілік потенциалының дамуы бойынша көп деңгейлі білім берудің негізі мен қызметін бейнелейді.
Жалпы білім беру курстары нақты пән материалына, сонымен қатар олардың пән қызметінің салаларына тәуелді емес. Барлық адамдарға жалпы деңгейдегі арнайы қабілеттіліктерінен жалпы қабілеттіліктің дамуын қамтамасыз етеді.
Арнайы курстар сол бейін бойынша білім алатын оқушылардың барлығы үшін жалпы деңгейдегі арнайы қабілеттіліктердің дамуын қамтамасыз етеді.
Арнайы курстар оқу оқушының сол пәннің толық қызметін алуға мүмкіндік беретін пән аралық білімдердің жиынтығын білдіреді. Бұл екі деңгейден басқа тағы да бір деңгей мамандандырылған-арнайы қабілеттілік интенсивін білдіреді.
Жалпы білім беретін курстардың мазмұнын таңдаудың өлшемдерінің бірі, біздің пікірімізше, курстың ақпараттық, операционалды-қызметтік, тәрбиелік бірлігін қамтамасыз ету үшін әрбір берілген үзіндінің бір-бірімен байланысы болып табылады. Басқа өлшемі білім беру мазмұнының берілген үзіндісінің тәжірибелік маңыздылығы болып табылады. Бұл білім беру мазмұнының бастамаларының күшеюін білдірмейді, басқа білім салаларына бағытталған оқушылардың пәнге қызығушылығының мүмкін жолдарының бірі болып табылады.
2. Саралап оқыту- әрбір оқушының мақсатқа жетуіне оң ықпал етудің тиімді жолы.
Саралап оқыту дегеніміз - бір материалды барлық оқушыларға әртүрлі оқыту тәсілдерін қолданып оқыту дегенді білдіреді және мұғаліммен әрбір оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі бойынша жіктей отырып, сабақты ұйымдастыруды талап етеді.
Бейіндеудің өзі де, мектепішілік саралау да оқу үдерісінің саралануынсыз елеулі нәтижелер әкелмейді.
Сараланған оқытуды жүргізу бойынша негізгі жүктеме оқытушыларға түседі. Олар оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыратын олардың дайындық деңгейлеріне сәйкес келетін мазмұндық, әдістемелік, ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырулары тиіс.
Саралық оқыту жоғары нәтижеге жету үшін мұғалім оқушылардың алға жылжуларын жоғары дәрежеде қамтамасыз ететін оқытудың сондай тәсілдері мен әдістерін қолданатын психологиялық-педагогикалық, әдістемелік білімді меңгеруі қажет. Атап айтқанда педагог материалды жақсы меңгеретін оқушы үшін дидактикалық материалды таңдағанда қандай тәсілді сандық немесе сапалық тәсілді ұстанатыны маңызды.
Мұғалім саралау жағдайындағы дамыту мазмұнының ерекшеліктерін, мақсаттарын анық біліп, сол мазмұнды меңгеруді қамтамасыз ететін әдістерді ашып көрсетуі тиіс. Мұнда саралауды жүзеге асыруға ішкі сенімділігі маңызды.
Саралап оқытуды жүргізгенде мұғалім сабақта ыңғайлы психологиялық орта құра білуі үлкен маңызға ие болады. Жақсы атмосфера оқуда табысқа жетуге әсер етсе, ал жаман атмосфера – оқу мотивінің жоғалуына, оқушының оқу мүмкіндігіне сенбеуіне әкеледі. Саралап оқыту нәтижелерді бағалау мен оларға қол жеткізу жолдарын, мазмұнын, мақсатын, мотивтерін ашуды көздейтін қызметтік тәсілдің негізінде анықталады. Саралау жағдайында оқу үдерісінің әрбір компоненті өз ерекшелігін иемденеді. Ол саралап оқытудың өлшемділігімен (оқушылардың жеке ерекшеліктері саралап оқыту өлшемі болып табылады) және жеке басқа (оқушы өзінің алға жылжу траекториясын аықтайтын оқу қызметінің субъекті ретінде көрінеді) негізделеді.
3. Құзыретті тәсіл төмендегілерге мүмкіндік береді:

  • «педагогикалық мәдениет», «педагогикалық шығармашылық» сияқты заманауи ұғымдарға сәйкес келетін педагогикалық білім мен іскерліктің кәсіби жоспарда маңызды даму номенклатурасы мен логикасын дәлірек анықтауға;

  • оның негізінде педагогикалық білім беру мен бейіндік оқытудың мазмұнын жобалауда бағдарларды дәлірек анықтауға мүмкіндік туады;

  • оның негізінде бейіндік оқыту мен педагогикалық білім беру мазмұнын жобалауда бағдарларды толығырақ анықтауға мүмкіндік беріледі;

  • негізгі, жалпы және арнайы құзырлықтарды анықтау болашақ маманның даярлығының барлық кезеңдеріндегі кәсіби-педагогикалық құзыреттілік деңгейінің дәл және диагностикалық түзетілген өлшеуіштер жүйесін жасауға мүмкіндік береді;

  • заманауи мұғалімнің іскер қасиеттері мен кәсібилігі туралы ойды бейнелейтін құзыретті тәсіл технологиялық білім беру жүйесіндегі инновациялық процестердің дамыуна позитивті әсер етеді.

Құзыретті тәсіл бірінші орынға оқушылардың ақпараттылығын емес, түрлі жағдайларда проблемаларды шеше білуін алға тартады: шындық құбылыстарын тану; заманауи техника мен технологияларды меңгеру; жеке іс-әрекеттеріне баға бере білуі; азаматтың, отбасы мүшесінің, сатып алушының, клиенттің, көрушінің әлеуметтік рөлдерін атқаруы, қалалық еңбең нарығына бағдарлануға қажет болғанда кәсіптік оқу орындарында оқуға өзінің даярлығын бағалау мен мамандық таңдауы; жеке өмірлік проблемаларын шешу, өмір стилі мен жанжалдарды шешу әдістерін таңдау.
Жалпы білім беру саласындағы құзыретті тәсіл – отандық дидактика үшін жаңа құбылыс. Кәсіби құзыреттіліктен айырмашылығы қалыптасқан қызмет нәтижелерінің үлгілері және олардың сапаларына талап, негізгі (жалпы білім беретін) құзыреттілік функционалды сауаттылықтың анықталған деңгейі ретінде бейнеленеді. Құзыреттіліктің осы екі түрі білім мен іскерлік жинағына кірмейтін тәжірибені біріктіреді, жағдайды қабылдаудың толықтығы мен нақтылығы, жағдайды шешуге даярлық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет