1 Сұраныс дегеніміз не ?



Дата07.02.2022
өлшемі18,2 Kb.
#86620
Байланысты:
упражнение


1)Сұраныс дегеніміз не ?
Сұраныс - тауар сатып алуға жұмсалған және қызмет көрсеткені үшін төленетін ақының ақшалай сомасы. Сұраныс - нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі, нарықта ұсынылған игіліктерге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге) төлем кабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді, яғни тұтынушы белгілі бір бағамен және белгілі бір уақыт кезеңінде сатып алуға келісетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, мөлшері. Нарықта әрекет ететін сұраныс заңы бойынша — баға неғұрлым жоғары болса, тұтынушылар сатып алуға келісетін игіліктердің көлемі де солғұрлым аз болады және осыған керісінше. Нарықта тауарларды қажетсіну ақшалай нысанда көрсетіледі және ақшалай қаражатпен қамтамасыз етіледі. Сұраныстың мөлшері халықтың ақшалай табысының денгейіне және өндірушілердің ендіріс құрал-жабдығын сатып алуға бөлетін сомасына, сондай-ақ тұтынушылардың талғамына немесе артықшылықтарына, нарықтағы сатып алушылардың санына, тұтынушылардың ақшалай табысына, сабақтас тауарлар- дың бағасына, тұтынушылардың болашақтағы баға мен табысқа катысты үмітіне байланысты. Сұраныс тауар өндірісінің көлемі мен құрылымын айқындайды, яғни тек тұтыным деп танылған нәрсе ғана өндіріледі. Экономикалық зерттеулерде сұраныс ұсыныспен өзара ықпалдастықта қаралады. Сұраныс мен ұсыныс капиталдың неғұрлым тиімді жұмсалу бағыты мен аясын көрсететін бағдар болып табылады. Сұраныс жекелеген игілікке жеке, нарықтық сұраныс, сондай-ак жалпы ел шеңберінде біріктірілген сұраныс ретіндегі жиынтық сұраныс болып бөлінеді. Сұраныстың көлемі мен құрылымы экономикалық, әлеуметтік-саяси, демографиялық, мәдени-тарихи, табиғи-климаттық факторларға байланысты. Сұраныс көлемі- сатып алушының тауарлардың (қызметтердің) осы көлемін (осы бағамен) сатып алуға дайын болуы. Сұраныс инфляциясы - сұраныс жағындағы факторлар тудырған инфляция.
2)Ұсыныс неге тәуелді ?
1. Өндірістік шығындар: тауар өндірілуінің бағасы. Өндірістік шығындар – ол ең алдымен еңбекке, капиталға, энергия мен материалдарға арналған шығындар. Олар өндірісте пайдаланылатын технологияға , және / немесе техникалық прогресске байланысты өзгереді.
2. Фирмалардың болашақтағы бағалар жайлы болжалы
3. Ұсынушылардың саны
Сұраныс және ұсыныс-микроэкономикадағы нарықтың бағасын белгілейтін экономикалық үлгі. Ол бойынша,бәсекелестік нарықта тауар өлшемінің бағасы бір нақты тауар үшін немесе өзге де сауда элементтеріне( мысалы жұмыс немесе қаржы активтер сияқты) сұраным мөлшері мен (ағымдағы бағамен) ұсыныс мөлшері(ағымдағы бағамен) тең болғанша өзгереді.Бұл нәтижесінде баға және транзакция санының экономикалық тепе-теңдігіне жеткізеді.
Сұраныс және ұсыныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады.
Мысалы:
1) күнделікті өмірде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде алғысы келеді. Бірақ тауарларды сатып алу кезінде тұтынушыға ең басты кедергі болатын көрсеткіш- баға. Жоғары деңгейдегі баға сатып алушыға үлкен кедергі болады да, ол өнімді көп алғысы келмейді, ал төмен деңгейдегі баға оның сатып алу қабілетін күшейтеді.
2) әр уақытта да тұтынушы өнімнің алғашқы бірлігінен көп қанағат алады. Мысалы: сіздің бірінші жеген бауырсағыңыз өте тәтті болып көрінеді, ал екіншісі ондай тәтті болмайды, үшіншісі екіншіден де аз қанағат әкеледі. Бұл жағдайда тауардың шекті пайдалылығының азаю принципі тұтынуға әсер етеді. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбір келесі бірлігін тек қана баға төмендеген дағдайда ғана алады.
3) сұраныс заңын табыс әсері және ауыстыру тиімділігі арқылы түсіндіруге де болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет