1.Бүгінгі картадағы өзгерістер – қәзіргі таңда картада өзгерістер өте көп орын алуда оның себебі ауа-райының өзгеруі, халық санының көбеюі және ауаға әсер ететін улы заттардың шамадан тыс болуы
2.Сандық әдіс - қазіргі математика мен есептеуші техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, әлеуметтанулық мәлімет жинақтауда қолданылатын әдістер, тәсілдер, процедуралар жиынтығы. Сапалық талдаулармен тығыз байланыста болады. Саясатта, әлеуметтік басқаруда іс жүзінде әлеуметтанулық білімді қолдана отырып, статистикалық және динамикалық заңдылықтарды терең зерттеуде маңызды рөл атқарады.
3.Батиметрия ( гр.батһyс — терең, метрео — өлшеймін) — теңіз (мұхит), көл, өзен терендіктерін арнайы кұралмен (лот, [ эхолот, т.б. терендік өлшеуіштер) өлшеу. Өлшеу деректерінің негізінде арнайы батиметриялық карталар түзіледі.
4.Тахеометрия — нүктелердің жер беті биіктігі бойынша және пландағы орналасуларын олардың горизонтальды және вертикалды бұрыштары мен ара қашықтығын бір уақытта өлшеу арқылы анықтайтын әдіс. Тахеометрияда айналма тахеометр немесе тахеометр-автомат деп аталатын аспап қолданылады. Олардың көмегімен іздеген шаманы есептемей-ақ табуға болады