1 Бөлім бойынша жиынтық бағалау 1- тоқсан оқушының аты – жөні: Сыныбы



Дата15.12.2021
өлшемі19,89 Kb.
#101277
Байланысты:
10 кл СОР 1 нұсқа
Ðåôåðàò Òà?ûðûáû Áîëìûñ æ?íå ñàíà. Îðûíäà?àí Á?øêåí À. Á, соғыстан кейінгі қалпына келтірулер

1 Бөлім бойынша жиынтық бағалау 1- ТОҚСАН

Оқушының аты – жөні: ________________________________________________Сыныбы: ______

I –нұсқа

Оқылым. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Әліш Үмбеталовтың теміржолда қызмет істегеніне жиырма жыл толуы қарсаңында, ол үлкен бастаманың иесі болды. Оның поездарды тоқтаусыз жөнелтудегі бастамасын бүкіл Түрксіб теміржолшылары қуана қарсы алды. Осы мәселеге байланысты Түрксіб басқармасында болған жиын оның өміріндегі ең бір белді кезең болды.

Кеше кеште қызметте тұрған Әліш Үмбеталовқа станция бастығы Орынбаев бір пакет әкеліп тапсырды да:

— Қазір сен жұмыстан шығып, үйіңе барып жуынып, маған кел, мен сені осында күтемін, екеуміз қазір Алматыға жүреміз, — деді.

— Не жұмысқа жүреміз?

Асығып бара жатқан станция бастығы оған жауап берудің орнына:

— Тез кел! — деді әлгі сөзін қайталап.

Әліш жұмыс киімін тастап, пакет ойына түсіп ашып оқып еді, «станция бастығы екеуіңіз келесіз, сіз кеңеске қатысушыларға өз жұмысыңыз туралы әңгіме айтасыз» деген шақыруға жол бастығы қол қойыпты. Әліш сасыңқырап қалды.

— Дайындықсыз қалай сөйлеймін, міне, қызық.

Ол орнынан тұрып тез киінді де, станция бастығына келіп барлық жағдайын, өзінің даярлығының жоқтығын да ескертті.

— Ештеңе етпейді, — деді Орынбаев, — даярлықтың керегі жоқ. Ондағылардың бәрі өзіңдей теміржолшылар, өзіңнің жұмыс тәжірибеңді жай ғана әңгімелеп бересің.

Әліш әлі де жүрексініп келеді. Поезд ішінде де ол қобалжумен болды. «Әңгімені неден бастаймын» деп Орынбаевтан қайта-қайта сұрай берді. Сол күні олар қонақ үйге түсті де, таңертең жол басқармасына келді. Кеңес күндізгі сағат он бірде басталды.

Алдымен жол бастығы баяндама жасады, сонан соң Әлішке сөз берді.

Біраз қысылыңқырап қалған Әліш аздан соң сөйлеп кетті. Ол өзінің жұмысына байланысты жағдайларды, іс әдісін бір жарым сағат айтты. Біраз сұраулар болды. Оған жауап беріп, Әліш орнына келіп отырды.

— Көп сөйлеп кеттім бе? — деп сұрап қойды ол жанындағы Орынбаевтан.

— Жоқ, әдемі сөйледің, бағана сонша қорқып едің, өзің шешен екенсің ғой. Мәжіліс аяқталар кезде жол бастығы Андреев орнынан тұрды да:

— Кеңестің аяғы мейрамға айналатын болды, жолдастар, — деді. — Біздің жолдасымыз Әліш Үмбеталов үкімет наградасына ие болды. Мына «Правда» газетінде Указ басылыпты.

1 тапсырма .

1) Мәтіннің идеясын анықтаңыз .

2) Берілген сөздерге синоним тауып жазыңыз:

Жүрексіну –

Сөзге шешен -

3) Берілген сөйлемдерге перифраз жазыңыз: данные предложения перефразируйте по смыслу, обратите внимание с какой фразы должно начинаться ваше предложение

А) Осы мәселеге байланысты Түрксіб басқармасында болған жиын оның өміріндегі ең бір белді кезең болды.

Түксіб басқармасында .....

Б) Ол орнынан тұрып тез киінді де, станция бастығына келіп барлық жағдайын, өзінің даярлығының жоқтығын да ескертті.

Ол орнынан тұрып....

В) Әліш Үмбеталов өз жұмысына өте тиянақты, жауапкершлікпен қарайтын кісі болды

Әліш Үмбеталов .....

4) Мәтінде қандай ақпарат айтылмаған ?

А) Әліштің Алматыға жол жүруі Б) жиын кезінде жұрт алдында сөйлеуі В) Поезд ішінде ол өзін еркін сезінді С) Оның бастамасын жұмысшылардың қуанышпен қарсы алуы

2 тапсырма: Жазылым.

Берілген клишені қолданып, сұхбат құрастыр : (используя данные клише составьте интервью

«Отандық өнімге сұраныс» - Спрос на отечественную продукцию

Клише: сәлеметсіз бе; сіз қалай ойлайсыз; ... дегенмен келісесіз бе; мен сіздің... ойыңызбен

келісемін; өте жақсы ой айттыңыз; пікіріңізге рахмет; сау болыңыз; кешіріңіз, бірақ сізбен

келісе алмаймын; өте құнды пікір айттыңыз;

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл


№ 1

Мәтіннің идеясын анықтайды
Синоним сөздерді тауып жазады

Перифраз сөйлемдер жазады


Дұрыс ақпаратты анықтайды


1
1
3
1

Берілген клише қолданып сұхбат жазу

№ 2

Клише сөздерді орынды қолданады
Тақырыпты ашады

Ойын толық жеткізеді

Орфографиялық нормаларды сақтайды


2
1

1
2





Барлығы




12 балл














Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет