1-деңгей – теориялық
1. Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі
Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі мынанадай:
- нақты кеңістік-уақыттық жағдайларда оқу-тәрбие процесінің мақсат және міндеттерін түсіну;
- берілген тапсырманы орындауға баланың дайындық деңгейін диагностикалауда әдістемесі мен әдістерді таңдау;
- педагогикалық тапсырмаларды шығармашылық тұрғады шешу және түйіндеу;
- алынған нәтиже негізінде оқу-тәрбиелеу процесін жобалау және құрастыру;
- психологиялық, педагогикалық және әдістемелік рефлекция, яғни өзінің әректін объективті түрде талдауы және бағалауы, қателігі мен сәтсіздігін көре білуі. Сонымен ,педагог зерттеушілік қызметті меңгере отырып, педагог-тәрбиеші, педагог-жаңашыл болуына және еңбегінің жемісі жоғары көрсеткіштер беретіні сөзсіз.
2. Болашақ мамандар оқыту-тәрбиелеу процесін өз деңгейінде жүзеге асыру үшін атқара білуі қажет қызметі
Басты міндеттердің бірі – студенттердің өздігімен іздену жұмыстары негізінде ғылыми ойлау қабілетін шыңдап, шығармашылыпен жүмыс істеуге дағдыландыру. Болашақ мамандар оқыту-тәрбиелеу процесін өз деңгейінде жүзеге асыру үшін төмендегі қызметті атқара білуі қажет:
1. Тәрбиешілік қызмет – оқыта отырып тәрбиелееу, тәрбие жұмысын жүргізе алу біліктілігі, өзі де тәрбиелі болуы.
2. Оқытушылық қызметі - терең білімді, өз білімін үнемі толықтырып отыра алатын, педагогикалық шеберлікті меңгерген, оқыту нәтижесін алдын ала көре алатын болуы.
3. Зерттеушілік қызмет - алдыңға қатарлы тәжірибелер мен ғылыми теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік жаңалықпен танысуы, ғылыми зерттеу әдіснамасы мен әдістерін орнымен қолдана алуы қажет. Болашақ мамандардың үшінші қызметті меңгеруі үшін ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін үйренудің маңызы зор. Бұл міндеттерді шешуде студенттер рефераттық жұмыстар, әдебиеттерге талдау жасау, ғылыми зерттеу әдістерін орнымен пайдалана білу, эксперимент жүргізу, кітапханаларда библиографиямен жұмыс істей білу, ғылыми баяндамалар құру, курстық және дипломдық жұмыстар орындаудың әдіс-тәсілдерін меңгеруі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |