3) педагогикалық зерттеулер әдістері және олардың даму логикасы (Ю.К. Бабанский, В.И. Загвязинский, М.Н. Скаткин, В.С. Шубинский және басқалар);
4) педагогикалық зерттеулер типологиясы және ұйымдастыру логикасы(В.И. Загвязинский, В.М. Полонский және басқалар);
5) педагогикалық болмыс туралы табиғатынан диалектикалық болып табылатын эмпирикалық және теориялық білімдер жүйесінің дамуы және жаңаруы (Н.В. Бордовская және басқалар).
6) педагогиканың әдіснамасының даму тарихы кеңестік кезеңде ғылыми білімнің арнайы саласы ретінде 1960-жылдары қалыптаса бастауы(С.И. Колташ);
7) педагогикалық зерттеулердің браысы мен нәтижелерінталдауда іргелі және қолданбалы қырларының арақатынасының сипатын анықтау (В.В. Краевский, Е.В. Бережнова және басқалар).
7. Педагогикалық ғылыми зерттеудің деңгейлері
Ғылыми педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімді қалыптастыратын, танымдық әрекет түрі, оқыту, тәрбиелеу және дамудың объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған процесс. Ол объективтілігі, дәлелділігі, нақтылығы жағынан сипатталады.
Педагогикалық ғылыми зерттеудің деңгейлері қалыптасқан:
1. Эмпирикалық (практикалық) – мұнда жаңа ғылыми фактілер анықталып, эмпирикалық заңдылықтар тұжырымдалады.Жинау, таңдау, сәйкестендіру, талдау және жалпылау, рпактикалық зерттеуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық өңдеуден өтеді.
2. Теориялық негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар құрылады, бұрын зерттеліп, ашылған фактілерді анықтап, болашақта фактілерді жағдайларды алдын ала болжай және көре білуге мүмкіндік туғызады.
3. Әдіснамалық эмпирикалық және теориялық зерттеу нәтижесінде педагогикалық құбылысты зерттеудің жалпы принциптері мен әдістері және теориясы құрылады.
8. Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері
Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері; тақырыбы, объектісі, пәні, өзекті мәселесі, мақсаты, міндеттері, болжамы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |