1 Егіндікөл орта мектебі Сынып сағаты Тақырыбы: «Қазақстан көпұлтты елдің мекені» Дайындаған Абишева Ж. Б



Дата20.06.2018
өлшемі33,23 Kb.
#43624
1 Егіндікөл орта мектебі
Сынып сағаты

Тақырыбы: «Қазақстан көпұлтты елдің мекені»

Дайындаған Абишева Ж.Б.

2018 жыл

Тақырыбы:Қазақстан-көп ұлтты

елдің мекені



Мақсаты:

Білімділік: Отанды сүюге, елімізде тұратын барлық ұлттарды сыйлай

білуге, олардың салт- дәстүрімен таныса отырып, достық пен татулықтың туын берік

ұстауға баулу.

Дамытушылық:

«Халық 


достығы»атты шығармалары арқылы оқушылардың  таным дүниесін кеңейту, тілін, ой-өрісін

дамыту, сөздік қорын байыту.



Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, достыққа, адамгершілікке

 тәрбиелеу.



Түрі: әдеби-музыкалық

қойылым, саяхат түрінде өткізу.



Әдісі:сұрақ жауап, әңгемелеу,

ой қозғау.

Көрнекілігі: слайд, плакат, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Мақсатымен таныстыру.



Бірінші

бекет: Кіріспе сөз

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2005жылығы Қазақстан

халқына жолдауынада: «Біз ұлтына және діни наным сенімдеріне  қарамастан, әрбір   қазақстандыққа салт-дәстүр, мәдениет пен

дінді тандауға ерік беретін әр ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз»

делінген. Осы жолдауын басшылыққа ала отырып, Қазақстанда тұратын 130-дан астам

ұлт өкілдері мемлекетіміздің өсіп, өркендеуіне 

бір кісідей  үлес қосуда.

1-оқушы:  Егінді тың жеріміз,

Еркін қазақ еліміз.

Құтты болсын достық той,

Қуанышпен келіңіз!



2-оқушы:  Бізде берік ұлы достық,

Бірлік құрып, тілек қостық.

Ұлы мақсат биігінде,

Дос жолына жүрек тостық.



3-оқушы:  Достық -біздің тірегіміз,

Бірге соғар жүрегіміз.

Оттан ыстық бір-біріне,

Достасқан ұлы еліміз.

  Екінші

бекет: «Тарих»

4-оқушы: 1991жылы

16желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады.  Биыл 22 жыл толады. Көптеген елдермен достық

қарым- қатынас орнатқан, әлемге танымал елге айналды.

5-оқушы: 1992жылы маусым

айында Біріккен Ұлттар Ұйымына  мүше

болды. Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері 

Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қабылдады.



6-оқушы:  Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген.

Жүргегімде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн тірілген.

  7-оқушы: Қазақстан  Республикасының 1995жылы қабылдаған

Конституциясында  «Қазақстан

Республикасының азаматтарына нәсіліне,ұлтына,тіліне қарамастан құқықтық  теңдікке кенпілдік береді» делінген. Ел

басына күн туған ауыр кезеңдерде  әр ұлт

өкілдері жер аударылып Қазақстанға қоныстанған.Қазір Қазақстанда ынтымағы

жарысқан 130 ұлт өкілдері «Қазақстан-менің Отаным» деп оның көркиюіне,  дамуына өз үлестерін қосуда.



Үшінші

бекет: «Ән-күй»

8-оқушы: Біз Қазақстанда

тұрамыз. Ол біздің –Отанымыз. Қазақстанда көптеген халықтар- қазақтар, орыстар,

украиндар, ұйғырлар, корейлер, татарлар және басқа ұлттар тұрады. Барлық

халықтар тату -тәтті өмір сүреді. (әр ұлттың туы слайдта көрсетіледі)

Әр ұлт өкілдерінің биінен үзінді көрсетіледі

Қазақстан Республикасы



Би: «қара жорға»

9-оқушы:  Ресей Федерациясы

                  Ұланымыз орыстың,

                  Ұлы мекен қоныстың.

                  Ұранымыз –туыстық,

                  Ұлттар бізге-тым ыстық.

Би:орыс биі

10-оқушы: Өзбекістан Республикасы

                    Өзбекістан мақталы,

                    Одақтың бір мақтаны.

                    Еңбек сүйгіш халқымыз,

                    Ел бірлігін сақтады.

11-оқушы:

Грузия Республикасы

Ер Грузин халқымыз,

  Еркін бірлік салтымыз.

  Жалынындай достықтың,

  Жанымыз оттай жарқынбыз.



12-оқушы:

Түрік Республикасы      

Түрікменде елімнің,

Көңілі шат ерінің.

Досшыл абзал адамы,

Достыққа нық сенімім.



13-оқушы:

Молдаван Республикасы

Өнерпаз ер Молдаван,

 Ел достығын қолдаған.

 

Достық, бірлік жасайды,



Мәңгі бақи арнаған.

14-оқушы:

Азербайжан Республикасы

Азербайжан өрені,

Асқан шебер өнері.

Біздің халық бар елді,

Бір туғандай көреді.

 15 -оқушы:Украина Республикасы

Украина еліміз,

Досқа дайын төріміз.

Қадірлейміз туыстар,

Қарсы аламыз келіңіз.

  16-оқушы:Армения Республикасы

Туыс Армения халқымыз,

Туыстасу салтымыз.

Қадірлейміз, туыстар,

Ұлы достық даңқын біз.



17-оқушы:Тәжікстан Республикасы

Даңқы шыққан шығыстан,

Тәжікстан –гүлістан.

Біз туыспыз елдермен,

Бірлік берік құрыштан.

18-оқушы:

Қырғыз Республикасы

Қырғыз -таудың ұрпағы,

Қызыл арай нұр таңы.

Адалдық пен бірлік деп,

Айтылады жұрт әні.



Төртінші

бекет: «Достық»

Оқушыларға халықтар достығы жайлы шығарма жазу берілген.

Оқушылардың шығармалары оқылады.

20-оқушы:

Қазақстанда 130дан астам ұлт өкілдері бар. Олар Қазақстанда тату- тәтті өмір сүруде. Біздің мектепте де басқа ұлт өкілдері оқиды, олардың арасында менің достарым көп.

Сенің басқа ұлттың баласынан достарын бар ма?

21-оқушы:

Менің Оля деген досым бар. Ол мені орысша сөйлеуге, мен оны қазақша сөйлеуге үйреттім. Біз бірге ойнаймыз,татумыз. Ол біздің ұлттық тағамымыз етті жақсы көреді, ал мен орыстың борщін жақсы көремін. Екеуіміз қосылып ән айтамыз. Мен осыны достық деп түсінемін.



22-оқушы:

Біздің көршіміз-түріктер. Олар бізбен қазақша сөйлеседі.Біз татумыз. Наурызда, айт мейрамында олар біздің үйге қонаққа келеді. Олар бізді қонаққа шақырады.



23-оқушы:

Менің кішкентай

қарындасым аурып қалғанда көршілер көп көмектесті. Олардың  ұлты –өзбек. Мен Қазақстанда тұратын барлық ұлттарды сыйлаймын. Олар менің –Отандастарым! Қазақстан

сөзін толтыру

Қорытындылау

Жақсылыққа,бақытқа,

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос-бауыр,



Болмасын еш тосқауыл.

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет