1. Электрохимиялық технологиялардың қолданылатын салаларына мысал келтіріңіздер



бет1/39
Дата09.07.2020
өлшемі426,85 Kb.
#74994
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
shpor elektrokhimia-1
ОПАХП #3 GUKA, Mekhanika, Mekhanika, Variant 10, сырье90, Аналит мышл, v 1 angl lek-gram

1. Электрохимиялық технологиялардың қолданылатын салаларына мысал келтіріңіздер.

Жалпы технология дегеніміз өндірістер мен кәсібилікті қарастыратын ғылым. Электрохимиялық технологияның негізі – электрохимиялық жүйелердегі өтетін процестердің (үдерістердің) фазааралық шекарада өтуі болып есептеледі. Әдетте, олар басқа да химиялық реакциялар сияқты термодинамикалық, кинетикалық параметрлерімен ерекшеленеді. Электрохимияның ғылыми тұрғыдағы дамуы оның өзіндік ерекшеліктерін – феномологиясын молекулярлық тұрғыдан түсініп, білу барысында қарастырылуы қажет. Әрине, молекулярлық теориялар негізінде алынатын ғылыми дәлелдемелер, олардың тәжірибемен үйлесімділігі феномологиялық түсініктер шеңберінде жасалынады.

Бұл ретте келесі маңызды проблемалар өз шешімдерін табуы қажет:

Фазааралық және адсорбциялық қабаттардың пайда болуының молекулярлық модельдерін жасау.

Зарядталған элементар бөлшектердің фазааралық шекарадан өтуінің молекулярлық моделі мен оның теориясын жасау.

Адсорбциялық қабаттардың молекулярлық құрылымын ескере отырып, электрокаталити- калық процестердің кинетикасы мен механизімін айқындау.



ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАҒЫТТАРЫ

*Электрохимиялық энергетика;

*Электрохимиялық металлургия;

*Химия өнімдерін алудың электрохимиялық технологиясы;

*Машина жасау, құрал-саймандар, бұйымдарды шығару өндірістері;

*Әртүрлі техникаларды коррозиядан сақтаудың электрохимиялық технологиялары;

*Электрохимиялық сенсорлар;

*Денсаулық сақтау саласында қолданылатын электрохимиялық технологиялар;

*Ас суын алудың электрохимиялық технологиялары, ж.т.б.

Электрохимиялық технологиялардың артықшылықтары және кемшіл тұстары

Артықшылықтары.

1. Химиялық өнімдерді электрохимиялық технология ларды пайдаланып алу кезінде электрохимиялық процестер жоғарғы селективтілікпен жүреді. Оның себебі, электродтардағы тотығу мен тотықсыздану процестері тек электрондар алмасу негізінде өтеді. Ал химиялық процестерде олар күрделі қосылыстардың әрекеттесуімен өтеді.

2. Электрохимиялық процестерде электрод потенциалы, ток күшін өзгерту барысында реттеліп, әртүрлі мағынаға ие болуы негізінде қажетті тотықтыру, тотықсыздан дыру реакциаларын жүргізуге мүмкіндік береді.

3. Электрохимиялық аппараттарда (электролизерлерде) диафрагмаларды қолдану негізінде, электродтық бөлімдерде бірнеше таза заттарды алу мүмкіншілігі туындайды. Мысалы, ас тұзының электролизі арқылы хлор, сутегі және каустикалық сода өнімдерін алады.

Кемшіліктері:

1.Электрохимиялық процестерге жұмсалатын электр қуатының жоғарылығы.

2.Электрохимиялық процестер шығымының жоғары еместігі. Реакция шығымының жанасу бетіне тәуелдлігі. Сол себепті жұмсалатын қаржының өнімге шаққандағы жоғары дәрежесі.

Мұндай кемшіліктеріне қарамастан электрохимиялық технологиялардың әлемдік өндірістегі алатын орны қомақты деп айтуға болады. Мысалы, ЭХТ – мен өндірілетін хлор мен каустикалық соданың жалпы құны химия өнеркәсібінде өндірілетін жалпы өнімнің 10% құрайды. Химиялық ток көздерінің (ХТК) жалпы қуаты әлемдегі электр қондырғыларының өндіретін қуатынан артық екендігі белгілі.

Экологиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ ЭХТ өндірісі өте зиянды, улы заттар өнімдері мен пайдаланылатын материялдардың зияндылығымен ерекшеленеді. Мысалы; хлор, фтор, сынап, асбест және т.б. Осы тұрғыдан қарағанда электрохимиялық өндірістердегі қауыпсіздік шаралары өте жоғары дәрежеде болу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет