1. Электрохимиялық технологиялардың қолданылатын салаларына мысал келтіріңіздер


Мысты электрорфинациялау процесін талдап, түсіндіріңіз, мысал келтіріңіз



бет5/39
Дата09.07.2020
өлшемі426,85 Kb.
#74994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
shpor elektrokhimia-1
ОПАХП #3 GUKA, Mekhanika, Mekhanika, Variant 10, сырье90, Аналит мышл, v 1 angl lek-gram
6. Мысты электрорфинациялау процесін талдап, түсіндіріңіз, мысал келтіріңіз.

Дүние жүзінде алынып жатқан мыстың 80 %-тейі пирометаллургиялық әдіспен алынады, ал оның 90 %-і электрорафинация әдісімен тазаланады; 20 %-тей мыс, құрамында мыстың тотыққан минералдары бар рудаларынан гидроэлектрометаллургия әдісімен алынады.

. Электролит ретінде қолданылатын сульфатты ерітінділерде мыс көбінесе екі валентті ион түрінде кездеседі. Сондықтан мыс пен ерітінді шекарасында стандарттық потенциалы 0.34 В тең. Cu2+ + 2е → Сu электрохимиялық реакция жүреді. Дегенмен металл мен ерітінді арасында мынадай теңдік те орнатылады:

CuSO4 + Cu → Сu2SO4,

Нәтижесінде ерітіндіде бір валентті металл ионы түзіледі. Бұл мыс электродында мынадай электрохимиялық реакциялар жүруіне алып келеді:

Cu → Cu+ + e, Cu+ → Cu2+ + e,

Электролиттік рафинация кезінде үш түрлі өнім алынады:

Электротехника және теле-радио өндірісінде қолданылатын таза катод мысы.

Құрамында қымбат және сирек кездесетін элементтер және олардың қоспалары бар мыс шламы.

Құрамында мыс, темір , никель, мырыш, мышьяк т.б.иондар бар ерітінді.

Электрорафинация шламы. Анод құрамында болатын поляризация кезінде ерімеген металдар, оксидтер және химиялық қосылыстар электроизердің түбіне түседі. Оларды шлам деп атайды. Әдетте 1 т катодта мыс алынғанда , 1-1,5 кг шлам бөлінеді. Шламның құраы анодтың құрамына тәуелді. Шламның орташа құрамы , %:

Cu- 10-66 As – 0,1-4,0

Ag- 3-55 Bi – 0,001-0,5

Au- 0,05-4,0 Pb – 0,9-12,0

ЭЛЕКТРОЛИЗГЕ ДАЙЫНДЫҚ

Рафинирлеу процесін электролиз ванналарында жүргізеді. Ванналар ағаштан не бетоннан жасалады. Оның ішін қорғасын пластиналарымен толтырады. Ваннаға 10—16% мыс купоросының ер-сі мен 10—16% H2SO4 ер-нен тұратын электролит құяды.. Катод- мыс пластиналары, анод – тақтайшалар алынады.

Катодта негізгі реакция: Сu2+ + 2e → Сu,

Ал анодта: Сu → Сu2+ + 2e Сu → Сu+ + е.

Электролиттегі ерітінді оттек қатысуымен реакция бойынша бір валентті мыстың екі валенттіге дейін тотығуын туғызады:

Cu2SO4+ 1/2O2 + H2S04 → 2CuS04 + Н20,

Сонымен қатар Сu2+ түзілуімен металдық мыстың тотығуы

Сu + 1/2O2 + H2S04 → CuS04 + H2O

Тазалығы 99,9% мыс алынады

2Cu2+ + 2H2O=2Cu + 4H+ +O2

МЫСТЫ ЭЛЕКТРОЛИТТІК РАФИНИРЛЕУ МЕХАНИЗМІ

Мысты электролизбен рафинирлеу үшін оның пластиналарын алып, оларды анод 1 ретінде электролизерге 3 салады. Ток өткізгенде металл анодтық еруге ұщырайды, яғни ерітіндіге катиондар түрінде өтеді. Сосын бұл металл катиондары катодта 2 разрядталады, нәтижесінде таза металдың компактілі тұнбасы түзіледі. Анодта болатын қоспалар не ерімейтін 4 болып қалады, не электролитке жіберіліп жойылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет