1 Жаңғыру және урбанизация. Урбандалу



бет1/12
Дата07.02.2022
өлшемі28,73 Kb.
#97029
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
әлеуметтану
әлеуметтену

1 Жаңғыру және урбанизация.
Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерек­шеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.
"Урбанизация" ұғымын "урбанизациялану" ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі - процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны ("урбанизация қарқыны")
Урбандалудың оң және теріс салдары бар. Ол - күрделі әрі қарама-қайшылықты үдеріс. Оның теріс салдарына экологиялық жағдайлардың біршама төмендеуі, автокөлік газдарымен қала ауасының ластануы, жұмысқа орналасу қиындығы, қаладағы шаң, қала шуы, қала құрылысының мәселесі және т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет