1. Жалпы және Арнаулы Жалпы құралдар барлық зертханаларда болады



Дата29.03.2020
өлшемі18,26 Kb.
#61024
Байланысты:
Бт 18-04

Жануарлар биотехнологиясы саласында зертханада қолданылатын құрал-жабдықтарға зертханалық Дистиллятор,термостат,кептіру шкаф,автоклав,электр су моншасы,тоңазытқыш,ламинарлы бокс,микрокузница,термостат-инкубатор,МБС қатарлы микроскоп,медикаменттер,микроманипуляциялық жүйе жатады.

Зертханалық құрал-жабдықтардың мағынасына тоқтала кетсек.Арнау мақсатына байланысты құралдарды екі дәрежеге бөледі.



1.Жалпы және 2. Арнаулы

Жалпы құралдар барлық зертханаларда болады.

Арнаулы арнайы зертханаларда қолданылады.

Жалпы құралдар;

Дистиллятор-дистилденген су алатын құрал.Осы суда органикалық және бейорганикалық заттар болмайды.Дистиляторда суды буға айналдырып конденсат алады.Осындай суды ерітінділерді дайындағанда,жуған ыдысты шайғанда т.б жұмыстарға пайдаланады.

Термостат-температураны бір шекте ұстайтын құрал.

Электр кептіру шкафы-ыдыстарды ыстық ауамен кептіретін құрал.Шкафта температураны 125-250 градусқа дейін жеткізуге болады.Қыздыру уақыты 30-60 минут.

Автоклав-жоғары қысымда бумен зарарсыздандыру өткізетін құрал.Оның ішінде залалсыздандыруға жататын заттарды бикстердің ішіне салып қояды.Автоклавтың қақпағын бинттермен тығыздап жауып қояды.Қысымды және температураны манометрлер арқылы бақылап отырады.

Электр су моншасы-жылыту үшін қолданылатын құрал.100 градусқа дейін жылыту керек болғанда қолданады.

Тоңазытқыш-дәрілерді,ерітінділерді,қоректік орталарды сақтайтын жер.

Арнаулы құралдар.

МБС-қатарлы микроскоп –ұрықтарды зерттейтін құрал.

Ламинарлы бокс-гаметалармен және ұрықтармен залалсыздандырылған ауада жұмыс істеуге жағдай тудыратын құрал.

Микрокузница-микросаймандар жасайтын құрал.Микросаймандар шыны ілгіштерден,инелерден спиртовканың көмегімен жасалады.

Термостат-инкубатор –гаметалармен ұрықтарды өсіретін,гаметаларға ұрықтануға жағдай беретін құрал.+37 градуста жұмыс істеп,ауасында 5 пайыз көмірқышқыл газ болу керек.

Зертханалық құрал-жабдықтар-олар шыны ыдыстар жалпы,арнаулы,өлшеуге арналған болады.Жалпы-сынауықтар,Петри табақшалары,стақандар,колбалар,заттық шынылар.

Арнаулы-ұрық алушы,шыны инелер,каппиллярлар,шыны пипеткалар,цилиндрлер,микропипеткалар,цилиндрлер,микропипеткалар.

Гиникологиялық саймандарды ауылшаруашылық жануарлардың көбею биотехнологиясының жұмыстарына керек.Олар- қынапайнасы катерлер.

Хирургиялық саймандарды ұрықтарды транспланттау жұмыстарына қолданады.Олар-скальпель,түзу қайшы,Купер қайшысы,қысқыштар,хирургиялық және анатомиялық пинцеттер,цапкалар,Микулич жара кеңейтілушілер,хирургиялық инелер,шприцтер 5,10,20мл.

Хирургиялық заттар-простынялар,тампондар,орамалдар,халаттар,хирургиялық перчаткалар.

Зертханалық құрал-жабдықтардың сақтау ережелермен танысу.

Қолданған құрал-жабдықтарды жылы сабынды сумен жуады.

Жуылған саймандарды және ыдыстарды кептіру шкафта кептіріп зертханалық шкафта сақтайды.

Саймандарды тот басудан сақтау керек.

Заттарды кесетін құралдардың жүзі өткір болу керек.

Иньакциялық инелерді жуып,инелердің ішіне мандреналарды салып,эфирмен спирт араластырып құйылған сауыттарда сақтайды.

Шприцтерді жиналмаған түрінде сақтайды.

Резинка заттарды темір ыдыстардан бөлек ұстайды.

Мысалы Трансгеноз әдісі.Трансгенді жануарларды алу. Геномында бөтен ген ( немесе гендер) бар жануарлар трансгенді деп аталады. Трангенді жануарлар алу трансгеноз әдісі арқылы іске асады.Трансгеноз деп генді бір биологиялық жүйеден басқа жүйеге жаңа белгілері бар организмнің жаңа формасын алу үшін жасанды жолмен тасымалдауды түсінеді.Трансгенді жануарлар әр түрлі биологиялық активті биотехнологиялық заттарды синтездеу және бағалы белгілері – тұқымдылығы және өсу қарқындылығы жоғары, вирустық ауруларға төзімді т.б. бар малдардың жаңа тұқымдарын алу үшін қолдануы мүмкін.

Трансгенді жануарларды алу үшін рекомбинантты гендерді микротүтікше және микрокаппилярлар көмегімен ұрықтанған ооциттің (жұмыртқа клетканың) пронуклеусіне енгізу әдісі кең қолданылады. Трансгеноз әдісі арқылы трансгенді тышқандар алу жақсы зерттелінген.

Жалпы трансгенді малдарды алу бірінің артынан бірі өтетін мынадай кезеңдерден тұрады.

1) Рекомбинантты ДНҚ молекуласын құрастыру және оның клонын алу,

2) Трансгенозға жарамды зиготалар алу және олардың пронуклеустерін айқындау;

3) Рекомбинантты ДНҚ көшірмелерінің белгілі мөлшерін зиготалар пронуклеустеріне микротүтікше арқылы енгізу;

4) Зиготаларды гормондық дайындықтан өткен аналықтардың жыныс жолдарына тасымалдау;

5) Туылған малдардың генотипі және фенотипі бойынша бағалап, тарнсгенді екендігін анықтау,

6) Трансгенді малдардың жаңа қасиетінің ұрпаққа тұқым қүалауын бақылау.

Трансгенді малдарды шығару – негізгі мақсаты малдың генотипін жаңадан құрастырып, олардан адам үшін бағалы өнім өндіру. Мұны іске асыру үшін қажет генді идентификациялау, бөлу және клонын алу, оларды зиготаларға ендіріп, экспрессиясын қосу және бөтен геннің ұрпаққа тұқым құалауын шешу керек. Осы мәселелерді генетиткалық инженерия әдістерімен шешу жоғары тиімді биотехнологияның малдар селекциясында қолдануының жаңа мүмкіншіліктерін ашады. Оның іске асуын, ең алдымен, мал генетикасының негіздерін іргелі зерттеуіне байланысты болады.

Кесте1



Тапсырма

мақсаты


Міндеттері

Әдістері

Зерттеу

объектілері



Зертхана

түрлері


1

Малшаруашылықтарында биотехнологиялық зертханалық жұмыстарын ұйымдастырумен танысу.

Жануарлар биотехнологиясының құралдары мен зертханалық бөлмелер жайлы анықтап білу.

Трансплонтация,қолдан ұрықтандыру және жасанды ұрықтандыру,криоконсервациялау,генетикалық клондау,гендік инженерия,трансгенді жануарды алу

Жануарлар. Оның ішінде: егеуқұйрық, ит, бақа,маймыл

Оқу зертханасы: оқу және жұмыс бөлімдерінен тұрады. Оқу бөлімі зертхана өтетін бөлмеден тұрады: Жұмыс бөлімі екі бөлмеден тұрады: зертханалық жануарлар тұратын виварий және дәрі - дәрмектер пен құралдар сақталатын зертханалық бөлме. Оқу бөлмесі жарық және жұмыс өткізуге тиімді болу керек.






































Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет