Дәрілік заттарды энтеральді енгізу әдістері Энтеральды енгізу (еntеros – ішек) дәрілерді ас қорту жолдарының шырышты қабықтары арқылы енгізу. Энтеральды енгізу жолдарына жатады:
Оралді енгізу (ішке, реr оs) – дәрілерді жұту жолымен енгізу. Дәрілік заттар алғашқыда асқазан және ішекке түседі, ол жерде 30-40 минут аралығында қақпа венасы жүйесіне сорылады. Қанмен бауырға, содан соң төменгі қуысты венаға, жүректің оң бөлімдеріне және кіші қан айналымына түседі. Дәрілік зат кіші қан айналым шеңберінен өкпе веналары арқылы жүректің сол бөлімдеріне келіп артерия қанымен – ұлпаларға және «нысанамүшелерге» жетіп барады. Осы жолмен қатты және сүйық дәрілік формалар (таблеткалар, драже, капсулалар, ерітінділер т. б.) енгізіледі.
Әдістің артықшылықтары:
дәрілік затты енгізудің физиологиялық әдісі, қарапайым және қолайлы; - дәріні енгізу үшін арнайы дайындалған маманды қажет етпейді; - қаупсіз әдіс.
Кемшіліктері:
дәрілік заттың қан айналым жүйесіне баяу түсуі;
дәрінің сорылу жылдамдығы турақты емес және асқорту жолдарында тамақтың болуына, асқазан-ішектердің моторикасына байланысты болып келеді (моторика төмендеген жағдайда дәрінің сорылу жылдамдығы төмендейді);
ішке қабылдаған дәрілерге асқазан, ішек сөлі ферменттері, бауырдың метаболиялық ферменттері әсер етеді, олар дәрілік зат қан айналымына түспей турып дәрінің белгілі бір бөлігін жояды (Мысалы, нитроглицерин ішке қабылданғанда оның 90% ыдырайды);
ас қорту жолдарында нашар сорылатын дәрілерді (мысалы, антибиотиктер, аминогликозидтер) немесе толығымен ыдырайтын дәрілерді (мысалы, инсулин, өсу гормоны) қабылдау емес;
дәрілік зат асқазан – ішек жолдарының шырышты қабатын тітіркендіріп жараларға дейін алып келуі мүмкін (мысалы кортикостероидтар, салицилаттар);
мұндай жолмен ес-түссіз жатқан пациенттерге, құсу байқалғанда, өнештің тарылуларында (ісік), дененің жайылма ісіктерінде (анасаркада, өйткені дәрілік заттың ішекте сорылуы бұзылады) дәрілерді енгізуге болмайды.
Сублингвальды (тіл астына) және суббукальді (тіс иегі және ұрт арасындағы қуысқа ) енгізу Дәрілерді трансбуккалді енгізу - латын тілінен аударғанда buссаlis – «ұрттық» деген мағынаны береді. Мұндай әдісте таблетка қызыл иек пен ерін арасына, ұртқа орналастырылады.
Мұндай әдіспен қатты дәрілік формалар (таблетка, ұнтақтар), кейбір сұйық түрдегі дәрілер (ерітінділер) және аэрозольдар енгізіледі. Дәрілік зат сублингвалды және суббукалді енгізілген кезде ауыз қуысының шырышты қабатының веналарына сорылып, әрі қарай жоғары қуысты венаға өтіп, жүректің оң бөлімдеріне, кіші қан айналымына түседі. Содаң соң дәрілік зат жүректің сол бөлімдеріне барып артериалды қанмен ағзаларға жетеді.
Ректальды жол (реr rectum) – дәрілерді тік ішек арқылы енгізу. Мұндай жолмен жұмсақ дәрілік формалар (суппозиторийлер, майлар) немесе ерітінділер (микроклизма қөмегімен) енгізіледі. Дәрілік заттар геморроидалды веналар ( жоғарғы, ортаңғы және төменгі) жүйесі арқылы сорылады. Жоғарғы геморроидальды вена арқылы дәрілік зат қақпа венасы жүйесіне түсіп, бауырға барады, содаң соң төменгі қуысты венаға түседі. Орта және төменгі геморроидалды веналардан дәрілік зат бауырға бармай бірден төменгі қуысты венаға түседі. Ректальды енгізу әдісі жиі 3 жасқа дейінгі балаларда қолданылады.