Сабақ жоспары. Тақырыбы: Қ. Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»



бет1/3
Дата26.08.2017
өлшемі0,6 Mb.
#29142
түріСабақ
  1   2   3
Шамшенова Мерей Бейбітқызы

Атырау қаласындағы

химия-биологиялық бағыттағы

Назарбаев Зияткерлік мектебенің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары. Тақырыбы: Қ. Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»




Пәні:

Әдебиет

Сынып:

8 L1

Мұғалім:

Шамшенова Мерей Бейбітқызы

Бөлімі:

Прозадағы Қазақстан бейнесі

Тақырыбы:

Қ. Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»

Сабақтың түрі:

Сын тұрғысынан ойлау сабағы

Сабақтың формасы:

Сындарлы оқыту


Осы сабақ арқылы іске асатын оқытумақсаттары:

АИ5 Автор мен кейіпкер табиғатын терең түсіну

Сабақтың мақсаттары:

Шығармадағы оқиғаларды шынайы өмірмен байланыстырып, сыни тұрғыдан зерттейді.

Тілдік міндеттер:

  • Кейіпкердің өмір баспалдағын өрнектей алады.

  • Шынайы өмірмен байланыстыра алады.

  • Ойын түйіндей алады

Жетістік критерийі:

1. Шығармадағы оқиғаны шынайы өмірмен байланыстыра алды.

2. Көркем шығармадағы негізгі идеямен ұтымды байланыстырады.

3. Сыни тұрғыда зерттей алады.


Пәнаралық байланыс:

тарих, физика

Алдыңғы білім:

Қ. Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің мазмұнын меңгеру және кейіпкер бейнесін ашу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қажетті ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың


ортасы

Сабақтың соңы





Сәлемдесу.

І. «Қызығушылықты ояту» бөлімі.

«Ой шақыру»

Н.Өнербаевтың «Құстар қайтып барады» бейнебаян әніне қосылып айту

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.
Зымырайды менің бала кезімдей,
Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей.

Құстар, құстар сызылтып ән салады


Сол әнімен тербетеді даланы
Ал, адамдар күліп бастап өмірін
Кетерінде жылай да алмай қалады

Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе?


Тамаша әнмен келіп еді көктемде
Өскен жерге сыймай кетіп барады
Өскен жерін қимай кетіп барады.

Топтық жұмыс.

1-тапсырма


  • -Әннің тақырыбы қандай?

Құстар қайтып барады

  • -Әңгіменің тақырыбы қандай?

«Қаздар қайтып барады»

  • -Құстардың да, Байтас қарттың да, жазушының да мақсаты не?

Туған жерге оралу

  • -Автор мен кейіпкердің мақсаты- осы әңгіменің идеясы.

  • -Байтас қарттың туған жеріне жетуіне қорғаушы болған қандай бұйым?

  • Тұмар -зиянды тылсым күштерден, тіл-көзден сақтайды деп сенген ежелден келе жатқан қазақ халқының бұйымы. Тұмар сөзінің этимологиясы көне түркі тума және йер тіркесінен "туған жер" мағынасын береді. Көне түркілер тұмарға туған жердің топырағын салып жүрген.

«Жаялық»(Үш топтың оқушылары өз жауаптарын параққа жазады. Әр топ жауап парақтарын алмасып, жауаптарға шолу (келісу, келіспейтіндігін) жасайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы әр топтың бір мүшесі қарсы топтың жұмысын бағалайды.)

ІІ. «Мағынаны тану»

«Өмір баспалдағы»

ІІ тапсырма.

Кейіпкердің басты арманы туған жерге жету болса, сол арман жетегіне жетелеген тұмар арқылы «Өмір баспалдағын» бейнелі сөздер тізбегімен өрнектеу. Әр бейнелі сөздер тізбегін 1 сөйлеммен байланыстыра қорғау.






Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет