Орындаған: Джумабаева Анель 302 - топ
Тақырыбы: Көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері. Шығарманы көркем қабылдау тәсілдері. Мәнерлеп оқу. Сабақ және оның кезеңдері. Кіріспе сабақ, ерекшеліктері. Көркем мәтінмен жұмыс жүргізу кезеңдері
Көркем шығарма – нағыз суреткер әрекеттің нақты нәтижесі, әдеби еңбектің көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын затты дерегі.Балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту мектептерде әдебиетті оқыту, одан білім берудің аса маңызды, әрі күрделі жұмыстарының бірі болып табыла-ды.Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау үдерісінде жас ерекшелік мәселесі. Көркем шығарманы оқушының оқырман ретіндегі қабылдауы – оның өміртанымдық, эмоциялық, эстетикалық тәжірибесіне сүйенетін күрделі шығармашылық үдеріс. Таным дүниесінде көркем шығарманың алғашқы әсері аса маңызды. Көркем шығарма күрделі танымдық жүйе деп карастырар болсақ, сол жүйеге дендеп бойлаy үшін де алғашқы қабылдау аса маңызды. Оқушының алдағы көзкарасы мен танымына, сезіміне бірден бір ықпал ететін де көрем әлеммен алғашқы қауышу. Егер ол поэзиялық шығарма болса, композициялық құрылым жігін айқындап, логикалык, психологиялық скіндерін дұрыс түсіре, мәнерлеп оқылған мәтіннің өзі оқушылардың алғашқы қабылдауына ықпал етіп, алдағы түсінік деңгейін жеңілдетеді. Ал прозалық шығарманы оқушының өздігінен окуына ықпал ету– мұғалімнің аса жауапты ісі.
Көркем туындыны қабылдауда шығарма тұтастығы мен бөлігі, анализ бен синтез, сезім мен таным, эмоциялық және теориялық байлам, субъективті көзқарас пен объективті таным, репродуктивті баяндау мен өзіндік түсінік сияқты мәселелер маңызды. Қабылдау үдерісі өнердің бір түрі - көркем шығарманға катысты болғандықтан, қабылдаушының алемнің тұтас бейнесі туралы, сыртқы болмыс, жазушы пайымы туралы түсінік беретінін ескерген абзал. Сондай-ақ, оқушы шығармадағы адам өмірінің көрінісін, образ болмысын тану арқылы өзін тануға да мүмкіндік алады. Шығарма оқырманның көркем әлемін, дүниетанымын кеңейте отырып өзіндік ой мен пікірге баулиды. Нәтижесінде оқырман көркем шығармадағы образдар жүйесінен өз болмы сының бейнесін табады. Кезіген талдаудың негізіне көркем шығарманы алғашқы қабылдау жолбасшы болады. Егер шығарманы көркем кабылдау болмаса, шығарма адресатсыз болар еді.