Орындаған: Медеуова А.С. Тексерген: Куламанова Ж.Т. Менингококты инфекция дегеніміз не? Менингококты инфекция – мұрын-жұтқыншақтың кілегей қабатының зақымдалуымен, мидың жұмсақ қабатының қабынуымен және септециямен сипатталатын жедел инфекциялық ауру. Этиологиясы - Ауру қоздырғышы - Neisseria meningitidis деп аталады. Менингококктардың түкшелері болмайды, қозғалмайды, спора түзбейді. Жұлын-ми суында менингококк клетка сыртында да , ішінде де орналасады, өлген соң эндотоксин шығарады.төменгі температураға өте сезімтал. 55 С қызуда 5 минуттан соң өледі. Менингококк пенициллинге, левомицетинге, тетрациклинге сезімтал.
Эпидемологиясы - Инфекция көзі-тек қана науқас адамдар мен бактерия тасымалдаушылар. Аурудың таралуы – ауа арқылы. Аурудың таралуына қолайлы жағдай- қыс кезінде, тұмау, салқын тию мектептегі гигиеналық шаралардың сақталмауы, салқын тию, жұмыс орнының салқын болуы
- Қыс мезгілінде бас көтереді, қараша желтоқсан ауруларында 60-70% адам ауырады.Әр 10-15 жыл сайын науқас саны жоғарлап тұрады (осы кезде иммунитет азаяды, қоздырғыштың жаңа түрі пайда болады)
Патогенезі Менингококктық инфекцияның 5 даму сатысы бар: - Менингококтық организмге енуі
А) ауа-тамшы арқылы Б) тұрмыстық қарым-қатынас арқылы 3. Лимфо-гематогенді таралу – менингококцемия 4. Метастаздық ошақтардың пайда болуы (менингит, менингоэнцефалит, миокардит, эндокардит, пневмония) 5. Қалдыратын зардаптары Клинкалық жіктелуі
Жергілікті түрі
Жайылма түрі
- менингококцемия
- Менингит
- Менингоэнцефалит
- Аралас (менингит + менингококцемия)
Сирек кездесетін түрі
Клиникасы - Менингококк тасымалдаушысының шағымы, клиникалық белгілері болмайды
- Жедел назофарингит түрі. Жасырың кезеңі 1-10 күнге созылады. Науқас басының ауыратынына, әлсіздікке, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі, тағамның қышуына шағымданады. Дене қызуы 38С көтеріліп, 1-3 күнге созылады.Қандағы өзгерістер: лейкоциттер аздап көбейген, ЭТЖ жоғарылаған.
- Менингококцемия – өте ауыр түрде және жедел басталады.Науқас ауырған сағатына дейін есін сақтап қалады. Дене қызу 39-41 С градусқа көтеріліп, тоңумен бірге жүреді. Айқын улану белгілері анықталады. Диагностикалық белгілерінің бірі теріге бөртпелерінің шығуы. Жиі аяқ-қол, жамбасқа шығады.Дененің әр жерінде өлі еттену анықталады. Қандағы өзгерістер: жоғары нейтрофильді лейкоцитоз, таяқша ядролы клеткалардың көбеюі.
- Менингит. Ауру жедел, кенеттен қызу көтерілумен, тоңып қалтыраумен басталады. Нақуастың жалпы жағдайы өте ауыр болады, басы ауырып, басы айналып,құсу пайда болады. Желке бұлшық етінің қатаюы
- Менингоэнцефалит. Энцефалит симптомдары басым болады- психиканың бұзылуы, парез, салдану
Емі - Менингококты инфекцияның емі станционарда жүргізіледі. Негізгі мақсат – қоздырғышты жою. Көбінесе ішетін антибиотиктер: левомицетин, тетрациклин, эритромицин, ампиокс. Терапияның ұзақтығы- 3-5 күн. Сонымен қатар, сульфаниламидтер тағайындалады. Менингококты инфекцияда ампициллин жақсы көмектеседі. Оны тәулігіне 200-300 мг/кг, бұлшық етке әр 4 сағат сайын тағайындалады.Левомицетин менингококцемия түрінде әсері жоғары.
- Эритроптық еммен қатар патогенетикалық ем жүргізіледі. Ол токсикозбен күресуге бағытталған, Рингер сұйықтығы, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі, макромолекулярлы ерітінділер, плазма, альбумин вена ішіне жіберіледі.Бас миының гиперградациясының алдын-алу үшін зәр айдайтын дәрілер, маннитол беріледі. Инфузиялық ерітінділермен қатар витаминдер С,В тобы, Р, кокарбоксилаза,АТФ тағайындалады.
- Тез жазылу жағдайларының бірі жоғары калориялы тамақтандыру.
Алдын-алу шаралары - Науқастар мен тасымалдаушыларды оқшаулау мен санациялау
- Инфекция ошағында 1% хлорамин ерітіндісімен дезинфекция жүргізіледі, ыдыстары қайнатылады, ультракүлгінмен сәулеленеді.
- Эпидемия болған жағдайда маңызды алдын-алу шарасы менингококтық вакцина А және С-мен вакцинациялану.
Достарыңызбен бөлісу: |