Кенеттен жүректік өлім Кенеттен жүректік өлім (жүректің біріншілік тоқтауы, тәждік өлім) — бұл аса ауыр, найзағай тәрізді өтетін жүректің ишемиялық ауруларының клиникалық түрі. Кенеттен жүректің тоқтауымен сипатталады. Кенеттен өлімнің 85—90% жағдайлары ЖИА-на байланысты. Кенеттен өлім бұл қинаусыз өлім. Ол физиологиялық және психикалық қалыпты жағдайда жүрген адамның, ешқандай күдікті белгілерінсіз, алғашқы симптомдары басталғаннан кейін 6 сағат ішінде қайтыс болуын айтады.
Кенеттен болған коронарлы өлімнің тікелей себептеріне жатады:
асистолия және электромеханикалық диссоциациялар жатады.
Қарыншалардың фибрилляциясы барлық кезде кенеттен дамиды. 15-20 секунттан кейін науқас есін жоғалтады, 40-50 сек соң бұлшық еттердің тырысулары дамиды. Сонымен қатар қарашықтар кеңейе бастайды. Тыныс сиреп, 2-ші минутқа қарай тоқтайды. Қарынша фибрилляциясы, асистолия немесе электромеханикалық диссоциация дамығанда жүрек-өкпе реанимациясы жүргізіледі.
Кенет жүрек өлімінің анытау
Кенеттен естен тану, тартылулар;
Тынысының тоқтауы немесе агониялық тыныстардың болуы (сирек, минутына 6 ретке дейін қырылдап тыныстау);
Ірі тамырлар соғысынң, жүрек тондары мен АҚҚ жоғалулары (ұйқы, сан артериялары);
Көз қарашықтарының кеңеюі;
Өңінің көгеріп бозаруы;
ЭКГ-да қарыншалар фибрилляциясы немесе асистолия белгілері тіркелуі.
Жүрек тоқтауының клиникалық диагнозын қою қиын емес: тамыр соғысы жоғалады, адам есінен танады, одан кейін тынысы тоқтайды және көз қарашықтары кеңейеді. Осындай кезде ЭКГ тоспай-ақ реанимациялық шараларды бастай берген жөн.
Жедел көмек көрсету принціптері Қанайналымы мен тынысты аздап болсада қолдауға мұрсат беретін реанимациялық шаралар.
Біріншілік профилактика. Кенеттен болатын өлімдердің 85-90 % жүректің ишемиялық ауруларынан дамиды, сондықтан біріншілік профилактика атеросклероздын алдын алу және тәждік аулулардың дамуына әкелетін қауіп факторларды модификациялау.
Екіншілік профилактика. Екіншілік профилактикалық шаралар кенеттен жүрек тоқтауына себеп болатын патологиялық жағдайларды диагностикалау және емдеу болып табылады.