Станция жүрек-өкпе реанимациясы. Іс әрекет алгоритмі. Ситуациялық есеп



Дата13.09.2020
өлшемі20,2 Kb.
#78471
Байланысты:
ЖӨР


Станция жүрек-өкпе реанимациясы. Іс әрекет алгоритмі.
Ситуациялық есеп

Аялдамада жерде ессіз жатқан ер адамды қөрдініз , көзі жабық, тері жамылғысы болғылт, айналаға реакциясы жоқ.



Жәбірленушіге не болды? Сіздің іс-әрекетіңіз.
Кіреміз→сәлемдесеміз→өзімізді таныстырамыз→билетті аламыз→тапсырманы нақтылап оқимыз→жан жағымызға қараймыз→рұқсат сұраймыз→бастаймыз.

Қадам 1. Жақындап, жарақаттанушыны тегіс қатты жерге жатқызу.

Қадам 2. Есін тексереміз (жарақаттанушының екі иығынан ұстап, сілкілейміз): «Сізге не болды? Есіңізді жиыңыз».

Қадам 3. Адамның ес түссіз жатқанына көз жеткізіп, нәтижесін комиссия мүшесіне хабарлау – «Жарақаттанушы ессіз».

Қадам 4. Адамдардың көмегімен жедел жәрдемді шақыруын сұраймыз – «Қызыл курткадағы ер адам жедел жәрдем шақырыңызшы».

Қадам 5. Қысып тұрған киімдерінен босатамыз.

Қадам 6. Аяғын шамамен 45 градусқа көтереміз (қолдағы бар заттарды аяқтың астына қоямыз).

Қадам 7. Өмірлік көрсеткіштерін тексереміз.

Демін және пульсін. Демін – тынысын тыңдап және кеуде қуысына қарау арқылы тексереміз. Ұйқы артериясынан пульсті екі жағынан төрт саусақтың көмегімен тексереміз.

Қадам 8. Тынысы мен пульсі жоқтығына және адамда клиникалық өлім екеніне көз жеткізген соң нәтижесін комиссия мүшесіне хабарлау – «Жарақаттанушыда клиникалық өлім».

Жүрек-өкпе реанимациясына кірісеміз.



Қадам 9. Жылдам семсер тәрізді өсіндіні тауып,одан 2 см жоғары қарай компрессия жасайтын орынды, яғни нүктені табамыз.

Қадам 10. Компрессия жасайтын нүктеге алақанды «көбелек» тәрізді қоямыз.

Қадам 11. Шынтағымыз тік, арқа түзу, тізені кең етіп қойып (тек арқамен жұмыс істейміз). 
Қадам 12. Кеуде қуысының 3-6 см тереңдікке дейін ию арқылы 30 компрессия жасаймыз. 
Қадам 13. Саусағымызға дәкені орап, басын қырына бұрып, ауыз қуысын тазалап, шешілетін протез болса алып тастаймыз.

Қадам 14. Жүректің жабық массажын бастаймыз.

Екінші дәкені алып (3-4 қабатты дәке) мұрны мен аузын бір мезгілде жабыңыз. 
Қадам 15. Тыныс алу жолдары бір деңгейде болатындай басын максимальді түрде шалқайтамыз. Бір қолдың алақанын қабырғасын маңдайға қойып, саусақтарымен мұрынды жауып, дәкені бекітіңіз, ал екінші қолды мойын астына немесе төменгі жақтың астына қойыңыз. 
Қадам 16. Өкпеміздегі ауа қалдығын шығарып, кеудеге толтыра дем алып жарақаттанушының кеудесіне қарай отырып 2 рет дем береміз (берілген демнен соң өкпедегі қалдық ауаны шығарып отыру керек). 
Қадам 17. Бір цикл - 30 компрессия және 2 демнен тұрады (30:2). Біз 5 цикл жасаймыз, барлығы 150 компрессия және 10 дем (минутына 5 цикл жасау керек). 
Қадам 18. 5 циклдан соң - стоп анализ жүргіземіз. Тыныс алуын нәтижесін тексереміз – «тынысы бар», пульсін тексереміз – «пульсі бар», комиссия мүшесіне хабарлау, (демін – тынысын тыңдап және кеуде қуысына қарау арқылы тексереміз, пульсті - ұйқы артериясынан мойынның екі жағынан төрт саусақтың көмегімен төс-бұғана-еміздік бұлшық етінің медиалды жағынан тексереміз).

Қадам 18. Жарақаттанушының өмірлік көрсеткіші қалпына келген соң денесін бір қырына бұрып ,тұрақты қалыпқа жатқызып, жедел жәрдем келгенше күтеміз. 


Қадам 19. Станция аяқталды.
Студенттерде емтиханда жасанды дем беру кезінде 2 салфетка болу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет