1. Тамырдың морфологиялық құрылысымен, негізгі, қосалқы және жанама тамырлардың даму ерекшеліктерін оқып менгеру



Дата07.02.2022
өлшемі21,52 Kb.
#82235
Байланысты:
botanika


Тамыр және тамыр жүйесі.
1. Тамырдың морфологиялық құрылысымен, негізгі, қосалқы және 
жанама тамырлардың даму ерекшеліктерін оқып менгеру.
Тамырларды морфологиялық ерекшеліктеріне қарай жіктегенде негізінен олардың пішінінің алуантүрлілігі,консистенциясы,бұтақтану ерекшеліктері және кеңістікте орналасуы ескеріледі.Пішіні жағынан әдетте кең тараған тамырлар: цилиндр тәрізді, жалпақ жапырақты кермек, ұршық тәрізді,шомыр тәрізді,түйнек тәрізді тамырлар.
Тамырлардың экологиялық 4 типі ажыратылады.Олар:жерасты тамыр,сутамыр,ауатамыр және гаусториялық тамырлар,Жерасты тамырлары тұтасынан немесе жартылай топырақ арасына таралады.Мұндай тамырлар жоғары сатыдағы өсімдіктердің 70%қамтиды.
Сутамырлары су қабаттарында орналасады.Су түбіне жетпейді.
Ауатамырлары ауада болады,атмосфералық ылғалды сіңіреді.Мұндай тамырлар ылғалды тропикалық орманның эпифидтеріне тән.қа
Гаусториялы тамыр паразитті тіршілік ететін,негізгі өсімдіктердің денесіне еніп,ондағы дайын қоректік заттарды сорып,қабылдау қызметін атқарады.

Тамырдың 3 түрі болады:



  1. Негізгі тамыр - Тамырдың ұрықтан өсіп шыққан түрі. Өсімдік сабағы мен бұл Тамыр аралығындағы жер тамыр мойны (сабақтың топыраққа кіре берген жеріндегі жіңішкелеу жері). Негізгі тамыр тұқымының ұрық тамыршасынан дамиды.Ол төмен қарай бағытталып,топыраққа тереңдей береді.Негізгі тамырдың жан-жағынан жанама тамырлар таралады.Топырақтан өоректік заттарды соруға қатысады.

    1. жіп тәрізді (мысалы, зығыр),

    2. шашақ тәрізді (көбінесе астық тұқымдас өсімдіктерде),

    3. білеу түрі (бұршақ тұқымдас өсімдіктерде) кездеседі.

  2. Жанама тамыр - негізгі тамырдан тарайды.

  3. Қосалқы тамыр - құрылысы күрделі өсімдіктердің жапырақтары мен перицикл қабатынан өсіп шығады. Қосалқы тамыр дара жарнақты және көп жылдық қос жарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының түп жағынан және тұқым жарнағының астыңғы қылтасынан дамиды. Пияздың түбіртегі, орамажапырақтың көсеу сабағы сияқты түрі өзгерген, сабақтардан да қосалқы сабақ өседі. Қосалқы тамыр Тамыр жүйесін ұлғайтады, негізгі және жанама тамыр жоқ жағдайда олардың қызметін атқарады, бұның кесіндісімен өсімдікті вегетативті көбейтуге болады.

Тамырдың сирек кездесетін түрлері де болады. Мысалы, ассимиляциялаушы тамыр, аспа тамыр, атпа тамыр, баған тамыр, балдақ тамыр, жемдік тамыр, емізік тамыр, тыныс тамыр, ілмек тамыр, түйнекшелі тамыр.


2. Тамыр жүйесінің типтерімен және олардың морфологиялық 
құрылысымен танысу. Материалмен танысып болған соң, тамыр 
жүйелерінің типтері белгілі бір экологиялық жағдайларға байланысты 
ерекше болатындығын анықтау.
Тамыр жүйесі
Кез келген өсімдіктің барлық тамырлары бір-бірімен байланысты және олар тамыр жүйесін құрайды. Тамыр жүйесінің құрамына құрылысы әр түрлі тамырлар-негізгіжанама және қосалқы тамырлар кіреді.
Негізгі тамыр ұрықтан өсіп шығады. Негізгі тамырдан жанама тамырлар таралады. Олар көбінесе сору аймағында пайда болады.
Қосалқы тамырлар өсімдіктің әр түрлі мүшелерінен өсіп шығады. Олар тамыр жүйесінің жаңаруынан немесе зақымдалудан, кесілуден кейін пайда болады. Қосалқы тамырлар тамыр жүйесінің топыраққа жанасу бетін ұлғайтады.
Өсімдіктің негізгі тамырлары әр түрлі болады. Мысалы, зығырдың негізгі тамырының ұшы аздап тармақталған және өзі жіңішке жіп тәрізді. Оның өте жақсы дамыған негізгі тамырынан ұсақ жанама тамырлар, ал жанама тамырлардың өзінен ұсақ тамырлар өседі. Ол тамырлар жіп тәрізді тамырлар деп аталады.
Астық тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесі жиналыңқы келеді, олар шашақ тамыр деп аталады. Шашақ тамырда негізгі тамыр байқалмайды. Сабақтан тармақталған қосалқы тамырдың қалың шоғы өседі. Пияз, сарымсақ, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тарыда шашақ , тамыр жүйесі болады.
Негізгі тамыры өте жақсы жетілген өсімдіктердің тамыры білеу немесе кіндік тамыр деп аталады. Оларда негізгі тамыр өзінен шыққан жанама тамырмен салыстырғанда жуан және ұзын болып келеді, көзге бірден байқалады. Үрмебұршақ, асбұршақ, сәбіз, бақбақ,қауын, күнбағыс, т.б. тамырлары кіндік тамырға жатады. Кейбір өсімдіктердің негізгі тамыр жасушаларына қоректік заттар жиналады. Сондықтан олар жуандап пішіні тамырға ұқсамай қалады.
Тамыр жүйесіндегі тамырлардың көптігінен ол өте ұзын болады. Мысалы: жантақ тамырының ұзындығы 25-30м, ал тіқурайдікі шамамен 6м. Кез келген өсімдік тамырының жалпы аумағы оның жер үсті мүшелерінен әлдеқайда артық болады. Жылыжайда өсірілген қарабидайдың барлық тамырының жалпы ұзындығы шамамен 623 км-дей болған. Бұл Алматы мен Семей қалаларының арақашықтығындай.

3. Дара және қосжарнақты өсімдіктерде тамыр жүйелерінің қалыптасу 
үрдісімен танысу.
Қосжарнақты өсімдіктердің көпшілігінің тамырларында белсенді өсу соңғы өсу болғандықтан, олардың алғашқы қабықтары ерте түсіп қалады. Даражарнақты өсімдіктердің тамырларында соңғы өсу болмағандықтан, олардың тамырында алғашқы қабық өмірінің аяғына дейін сақталады да жасуша қабықшалары қалыңдайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет