еркін қозғалатын немесе аяқтың өз сүйектерінен тұрады.
Жамбас белдеуінің сүйектері:
Жамбас сүйегі
Сегізкөз
Құйымшақ
Жамбас сүйегі (os.coxae)
Қимылсыз байланысқан үш бөліктен тұрады: мықын, шонданай, шат сүйектері. Осы үш сүйектің біріккен жерінде ұршық ойысы пайда болады. Оған ортан жіліктің ұршық басы енеді.
Жамбастың мықын бөлігі – артқы жағындағы қалақ тәрізді кеңейіп келген жері. Шат пен шонданай алдыңғы бөлігін алып жатады. Осы екі сүйектің қоршауынан қолсұғар тесігі пайда болады.
Мықын сүйек
Жамбас сүйегінің жоғарғы жағында кеңейіп қалақ тәрізді келген үлкен бөлігі. Ұршық ойысына жақын қалың жерін денесі, кеңейіп келген жерін қанаты дейді. Қанатының жоғарғы жақ жиегі мықын қыры деп аталады. Бұл сүйектің ішкі беті ойыс және тегіс, сыртқы бетінде еттер тіркелетін бұдырлар болады. Мықынның артқы бөлігі қалыңдап, сегізкөзбен байланысатын құлақ қалқаны тәрізді буын бетін түзеді.