Сесам тәрізді сүйектердің ең үлкені, ол төрт басты бұлшық еттің сіңірлерінің ішінде орналасып, тізе буынын бекемдеуге қатысады. Тізе тобығы ішкі беті буын шеміршекпен қапталған, сыртқы беті ет сіңірі бекитін бұдырлы болып келеді.
Сирақ сүйектері
асық жілік
шыбық сүйегі
Асық жілік (tibia)
Асық жілік сирақтың ішкі жағында орналасқан.
Ұзын түтік тәрізді. Диафизі және екі эпифизі болады. Жоғарғы бөлігінде ортан жілікпен қосатын екі айдаршығы бар. Оларды айдаршықаралық төмпешік бөліп жатады. Жіліктің алыңғы бетімен төмен қарай өткір қыры созылып жатады. Оны тері астынан сипап оңай байқауға болады. Төменгі бөлігі төрт бұрышты келеді, ол аяқ басымен байланысып жатады. Жіліктің сырт жағында шыбық сүйектің байланысатын буын ойындысы болады.