10.2В Кинематика.
|
10.1.1.3 – Қисық сызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтау;
|
(T/G) Оқушыларға қисықсызықты қозғалыс кезіндегі дене үдеуінің бағытын схема негізінде анықтауды ұсыныңыз. Жекелеген жағдайларды: шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысты, түзусызықты бірқалыптыайнымалы қозғалысты және қисықсызықты бірқалыпты айнымалы қозғалысты қарастырсын. Оқушыларға проблемалық сұрақтар қойыңыз. Автомобиль бұрылған кезде жылдамдығын неге азайтады, ал ұшақ, керісінше, оны ұлғайтады? (I/f) Оқушыларға қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциал, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау бойынша сапалы және есептік
тапсырмалар ұсыныңыз.
|
Оқушылар қисықсызық ты траектория бойымен бірқалыпты қозғалыс кезіндегі жылдамдық векторының бағыты қозғалыс бағытының өзгерісіне қарай өзгеретінін, алайда жылдамдықтың шамасы тұрақты болып қалатынын түсінуі тиіс. Жылдамдық векторының бағыты өзгергендіктен, дене үдеумен қозғалады. Осы үдеу центрге тартқыш деп аталады. Шеңбер бойымен қозғалыстың сипаттамасын қарастырыңыз
|