1-тапсырма. Оқу құралындағы теориялық материалмен танысып (3-8 б.), келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Қазақстын Республикасы орта білім беру мазмұнында базалық құндылықтары ретінде қандай құндылықтар анықталған?
2. Заманауи мектептегі тәрбие мазмұнын қандай негізгі месседждер анықтайды?
3. Білім беру құндылықтары мен тәрбие месседждері арасында екеуіне ортақ және әрқайсысына ерекше белгілер қандай? Олардың ЭЫДҰ-ның жастарды қазіргі жылдам өзгермелі әлемдегі өмірге дайындауға бағытталған білім беру мақсаттарымен байланысы бар ма?
4. Оқушыларға білім беру және тәрбие процесіндегі құндылыққа бағытталған тәсілдеменің маңыздылығы неде?
2-тапсырма. Топтық жұмыс. Нормативті-құқықтық құжаттармен жұмыс:
Мектептегі тәрбие жұмысын жүзеге асырудың негізгі міндеттері мен басым бағыттарын, оқушылардың құндылықтарын тәрбиелеу механизмін анықтаңыз; келесі құжаттарды пайдаланыңыз (6.1-ресурс - Нормативтік-құқықтық құжаттар):
1) ҚазақстанРеспубликасындабілімберудіжәнеғылымдыдамытудың 2020-2025 жылдарғаарналғанмемлекеттікбағдарламасы https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
2) «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері https://nao.kz/loader/fromorg/2/47?lang=kz.
3-тапсырма. 1) Ресурс материалдарымен танысып («6.2-ресурс - Мектеп құндылықтарын әзірлеу және дамыту стартегиялары», «6.3-ресурс - Құндылыққа негізделген білім беру»), мектеп құндылықтарын әзірлеу және жүзеге асыру стратегияларын анықтаңыз.
2) Мектептің білім беру процесінде мектеп құндылықтарын әзірлеу және іске асыру бойынша 10 ұсыныс әзірлеңіз (білім беру мазмұнының құндылықтарын, тәрбие месседждерін, ұлттық құндылықтарды және мектептің білім беру процесіне қатысушылардың құндылықтарын ескеру).
Сабақты қорытындылау. - Орындалған тапсырмалар сізге несімен пайдалы болды?
- Тапсырмаларды орындауда қандай қиындықтар болды? және т. б.