Жоспар: Экономикалық өсу түрлері және себептері



Дата08.04.2020
өлшемі19.84 Kb.
Ұлттық шаруашылықтың циклдік өсу қарқыны

Жоспар:
1.Экономикалық өсу түрлері және себептері.


2.Дамудың циклдығы – экономикалық заңдылық.

1.Экономикалық өсу түрлері және себептері.


Экономикалық теорияда маңызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа
жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары –халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық
әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:
1.Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. Бұл мақсатқа жетуді ұлттық
табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
2.Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс
көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына,
жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
3.Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
4.Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:


1.Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің
молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
2.Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі
болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.

Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін


қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
• қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
• ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту
(технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді
ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
• жұмыс күшінің санының өсуі;
• капиталдың көлемі өсуі.

Аралас типі факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның


жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
2.Дамудың циклдығы - экономикалық заңдылық.
Өнеркәсібі дамыған барлық елдердің экономикалық дамуы циклмен сипатталады:
басылу, көтерілу, күйреу, жандану, қайтадан басылу,тағы да жандану, және т.с.с. Бірақ бұл қайталану шеңбер емес, шиыршықты серіппе (спираль) түрінде жүреді. Сондықтан циклдылық - бір орында тұру емес ол прогрессивтік даму формасы.
Цикл экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын білдіреді.
Ауытқудың үш түрі бар.
1)Нарықтық сұранымның тауарлар мен қызметтердің ұсынысынан ауытқуы. Бұл қысқа
мерзімдік және ұзақ мерзімдік болуы мүмкін.
Біріншісі тез ауытқып кету, екіншісінде тепе-теңдік үш-төрт жылдан соң қайта кәсіптендіру арқылы қалпына келтіріледі.
2) Сұранымның жабдықтарға, құрылыстарға және т.б. өзгеруімен байланысты ауытқулар 8-12 жылда капиталдың қайта жиналуымен жеңіп шығады. Бұл Маркспен, Энгельспен зерттелген өнеркәсіптік циклдар деп аталады. Олардың ұзақтығы орташа
цикл деуге де болады. 10-15 жылға мерзімінің созылуы негізгі капиталдың жұмыс істеу мезгілімен түсіндіріледі.

Негізгі капиталды жаппай жаңарту экономиканы жандандыруға әкеледі, ол көтерілуге көшеді және жұмыс істейтін техниканың ескіруі дағдарысқа соғады.


3) Бір технологиялық өндіріс әдісінен екіншіге өтуменбайланысты ауытқу, оның аралары (шегі) адамзатөркениетінің ірі кезеңдерімен шектеледі. Бұл өтулерөндірістің барлық құрамдас элементтерінің ауысуынаәкеледі, бір жұмысшылар ұрпағы басқамен ауысады
немесе олар түбімен басқа мамандыққа көшеді.
Технологиялық өндіріс әдісі - материалдармен,технологиямен,ақпаратпен
және өндірісті ұйымдастыру мен, еңбек құралының бірлігі, тұтастығы.
Циклдардың ұзақтылығына (толқындар) байланыстыолар бірнеше типке бөлінеді.
Экономикалық циклдардың типтері
Экономикалық циклдің типтері
Ұзақтылығы
Себептері, ерекшеліктері
1. Дж.Китчиннің қысқатолқындары» 2-4 жыл Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмыс бастылықтың тербелісіне әкеледі.
2. К.Жуглярдың «орташа толқындары» 10 жыл
Ақша айналысындағы өзгерістер, кердиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі.
3. Кузнецтің циклдары 18-25 жыл
Экономикалық циклардың себептері күрделі құрылыспен байланысты
4. Н.Д.Кондратьевтің «ұзын толқындары» 40-60 жыл
Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы.
5. Форрестердің циклдары 200 жыл

Энергия куаты мен материалдарға байланысты.


6. Тоффлердің циклдары 1000-2000 ж.Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен
немесе жаңа сатымен байланысты.

Қазіргі кездегі экономистерде циклдың себебін


анықтауда үш жол бар: Бірінші жол циклды сыртқы (экзогендік)факторлармен түсіндіреді.
Екінші жол - ішкі (эндогендік) факторлармен.
Үшінші жол - бірінші және екіншінің қосындысымен
(синтез).
Бірінші жолда негізгісі - сыртқы факторлардызерттеу. Сыртқы факторлар - экономикалық жүйеден тыс болатын көріністер. Оған жататындар: тұрғындар санының өзгеруі,
ойлап табу - инновациялар, соғыстар және басқа да саяси жағдайлар. Тұрғындардың өсуі өндіріспен
жұмыс бастылық деңгейін өсіреді, ол көтерілу шыңына әкеледі. Тұрғындар санының төмендеуі кері нәтиже береді.
Технологияның түбімен өзгеруі (автомобиль,самолет, компьютер)
іскерлік белсенділіктің жоғарлауына және кең инвестицияға әкеледі.
Осыдан - жаңа жұмыс орындары ашылады экономиканың өсуі басталады. Саяси жағдайлар іскерлік белсенділікке әр түрлі әсерін тигізеді.
Екінші жолдың негізгісі - ішкі факторларды оқу.
Ішкі факторлар бұл жүйенің ішінде болатын көріністер.
Оған
жататындар:
тұтыну,
инвестициялау және үкіметтің әрекеті.
Экономикалық циклда сұраныс пен ұсынымның әртүрлі үйлеспеу формаларында көрініп отыратын іс белсенділігінің (кәсіпкерліктің) өрлеу кезеңдері және құлдырау кезеңдері болып тұрады.

Циклдың көрінісі дегеніміз әр түрліэкономикалық белсенділік көрсеткіштерінің


ауытқуларын қосқандағы алатын нәтиже: ЖҰӨ-ның өсу қарқыны, жұмыссыздық деңгейі т.б.
Экономикалық цикл – бұл дағдарыстарарасындағы мерзім және осы кезде оның төрт
фазасы ауысады. Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиеніңазаюы және процентінің жоғарылауы арқылыкөрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады жәнеөндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың
сипаттамасы келесідей:

1.Артық өндіріс себебінен өндірістің көлеміқысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.


2.Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.
3.Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция
курстары төмендейді.
4.Ақшаға сұраныс өседі, пайызмөлшерліжалақысы өседі.
Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.

Тоқырау фазасының сипаттамасы:


• Өндірістің құлдырауы мен бағалардыңтөмендеуі тоқырау жағдайында болады.
• Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.
• Ақшаға сұраныс
төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіпөндірістің салаларын ұлғайтуға жағдайжасалады.Жандану фазасының сипаттамасы:
• Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгікапиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасыжағынан өндіріс дағдарысының алдындағы
дәрежеге жетеді.
• Инвестициялар өседі.
• Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.
• Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.
• Ақшаға сұранысжалақысы өседі.өседі,пайыз мөлшерлі

Өрлеу фазасының сипаттамасы:


• Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.
• Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.
• Тауарлардың бағасы өседі.
• Қарыз капиталының ұсынысы өседі.
• Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылықжаңа дағдарысқа қарай қадам басады.
Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің
қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.

Тапсырма : Конспект ,баяндама ,тест құрастыру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет