Логикалық тапсырма



Дата24.07.2020
өлшемі15,16 Kb.
#75559
Байланысты:
тапсырма


"Логикалық тапсырма" әдісі.  Логикалық тапсырмалар басқатырғышты сүйетін адамдарға жақсы таныс. Мұнда, яғни берілген бірнеше шарттардан бірнеше тұжырым шығару қажет. Болжам тұжырымдар саны аз болып келеді солардың ішінен мүмкін емес тұжырымдарды алып тастау негізінде дұрыс тұжырым таңдалынады. Ол үшін арнайы матрицалар құрылады, олардың ішінде мүкін болар тұжырымдар орналасады. Одан соң солардың ішіне логикалық ойлау барысында минус плюстар қойылады. Минус берілген тұжырымқа сай келмесе қойылса, плюс белгісі берілген шартқа тұжырым сәйкес келсе қойылады.

Мысалы:

Берілген ақпараттарға сәйкес Орыс ғалым-саяхатшыларының қандай кемемен жүзгенін анықтаңыз:

1) «Әулие Фока»берілген кемелердің ішінде ең соңынан құрылған кеме;

2) «Әулие Гавриил» кемесі жүзіп жүрген мезгілде М.П. Лазарев және В.М. Головнин дүниеге келмеген;

3) В. Беринг өзінің жорығын берілген ғалымдардан бұрын жасаған.

4) «Мирный» кемесі Антарктида материгі ашылған жершарын айнала жасалған экспедицияға қатысқан.

5) Г.Я. Седов В.М. Головнинаның немересімен бірге Теңіз кадет корпусында бітіруші емтиханын тапсырып жатқан.

Мүмкін емес жауаптарға минус белгісін қою арқылы дұрыс шешімді анықтау.




«Әулие Фока»

«Әулие Гавриил»

«Диана»

«Мирный»

М.П. Лазарев













Г.Я. Седов













В. Беринг













В.М. Головнин














Жауап:Оқушының ойлауы келесідей болуы мүмкін:

«М.П. Лазарев орыс антарктида экспидициясын басқарғаны екені белгілі. Шартта көрсетілгендей, мұндағы кеме "Мирный" . Алғашқы мұхит саяхатшылардың бірі В. Беринг, ал Г.Я Седов В.М. Головнинаның немересімен бірге оқыған. Яғни, Г.Я. Седов өз саяхатын берілген ғалымдардың арасында ең соңғы болған, соған сәйкес кемесі "Әулие Фока". В. Беринг және В.М. Головиннің кемесі қалды, "Әулие Гавриил» кемесінің саяхаты кезінде В.М. Головин әлі дүниеге келмеген. Соған сәйкес ол кемеде В. Беринг жүзген. «Диана» кемесі қолды, яғни онда адмирал В. М. Головнин жүзген.»
Оқушы өзінің жауабын кесте ретінде белгілейді:




«Әулие Фока»

«Әулие Гавриил»

«Диана»

«Мирный»

М.П. Лазарев

-

-

-

+

Г.Я. Седов

+

-

-

-

В. Беринг

-

+

-

-

В.М. Головнин

-

-

+

-


Логикалық тапсырмаларда сыныпта жаттықтыру тапсырмасы ретінде де, үй тапсырмасы ретіндеде беруге болады. Логикалық тапсырмаларды күрделі ету қажет емес. Логикалық тапсырмалар жалпы оқу сағатының 10 инутын алуы тиіс. Логикалық тапсырмалармен жұмысты 8 сыныпта бастаған жөн. Айта кететіні, сыныпта мұғалімнің көмегінсіз логикалық тапсырманы орындай алмайтын оқушылар болаыд. Бұл логикалық ойлаудың барлық балаларда бірдей емес екенін көрсетеді, алайда логикалық ойлауды дамытуға болады және қажет.

«Географиялық пошта». Бұл әдісті барлық сыныпта қолдануға болады. Оқушыға ір түрлі мекенжай жазылған бірнеше хатқалта және кеспеқағаз жиынтығы беріледі. Сол кеспе қағаздарды хат қағаздарға салып сәйкестендіру қажет. Мысалы, 6 сыныптың "Гидросфера" тақырыбының қорытында сабағында оқушы 3 хат қалта алады, олардың біреуінде "Теңіз", екіншісінде "Гидросфера", ал соңғысында "Өзен" деп жазылған. Хат қалтаның қасынд 12 кеспе қағазы орналасқан. 9 кеспе қағазда келесі сөздер жазылған:

1. Амазонка

2. Каспий

3. Жерорта

4. Сел

5. Салқын ағыс

6. Шұңқыр, арық

7. Суы әрдайым тұзды

8. Суы әрдайым тұщы

9. Суы тұщы және ащы болуы мүмкін

3 кеспе қағазда жануарлардың бейнесі көрсетілген: көк кит, байкал итбалығы және шортан. Оқушы барлық 12 кеспе қағазды 3 хатқалтаға сәйкестендіріп салуы қажет. Бұл әдіс оқушының логикалық топтастыру қаиетін дамытады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет