Аты-жөні: Алтынбек Дәуіржан Тобы: дтф-19 І. Сәйкестендіріңіз



Дата07.02.2022
өлшемі165,19 Kb.
#86496
Байланысты:
психология


Үй жұмысы
Аты-жөні:Алтынбек Дәуіржан
Тобы:ДТФ-19
І. Сәйкестендіріңіз:




Термин




Анықтамасы

1

Қабылдау

А

Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығы



2

Апперцепция

Ә

Заттар мен құбылыстардың адам миында тұтастай бейнеленуі



3

Галлюцинация

Б

жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелердің туындауы.



4

Иллюзия

В

Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдау



5

Байқау

Г

Белгілі мақсат қойып, объектіні әдейі қабылдау



6

Дивергенция

Ғ

Алыстағы нәрселерге қарағанда олардың екіге бөлініп кетуі



7

Конвергенция

Д

Қашықтық пен заттар көлемін қабылдауда көздің яғни екі көзбен көретін затқа бір көздей болып әрекет ету




ІІ. Төмендегі сөйлемді аяқтаңыз.

  1. Қабылдау дегеніміз

Қабылдау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында тұтастай бейнеленуін айтамыз.
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мысалы, алманы қабылдау алсақ, мұнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т.б. осындай қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де, миымызда тұтас зат бейнесі пайда болады. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжрибесі ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. кісі бұлардың бәрін бірдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау. Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.



  1. Кеңістік пен уақыт

Кеңістік пен уақыт – материяның өмір сүруінің негізгі формалары. Кеңістікті қабылдау – заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс – жақындығын, тайыз – тереңдігін, бағыт – бағдарын қабылдау деген сөз. Кеңістікті қабылдау өте күрделі процесс. Мысалы: заттың көлемі мен түрін қабылдау – кӛру, сипай сезу, қимыл – қозғалыс түйсіктерінің күрделі үйлесімі арқылы ғана жүзеге асады. Дүниедегі заттың барлығы да кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі тұрқы (ұзын, қысқа, енді, енсіз, биік немесе аласа т.б.). Сондай – ақоларбіздентүрліқашықтықтатұрады.



  1. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері

Қабылдау тұтастығы - Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.Түйсiк заттардың жеке қасиеттерiнен ақпарат жинауға қажет, ал қабылдауда сол заттардың қарапайым бөлшектерi жөнiндегi бiлiктердi бiрiктiру арқылы тұтастай бейне жаратамыз. Түйсiк құрайтын бөлiктер өзара өте тығыз əрi күштi байланысқан, мұны бiз сезiм мүшелерiмiзге кейбiр заттардың бiр қасиетi немесе бөлiгi ғана əсер етуденақ бiздiң санамызда сол заттың күрделi бейнесi туындайды (мақпал, мəрмəр тас). Мұндай танымның негiзiнде бiздiң бұрынғы тəжiрбиемiзде көру мен сипай сезу арасындағы шартты рефлекстi қалыптасқан байланыстар жатыр. Тұтастық қабылдаудың құрылымды болумен байланысты. Қабылдау көп жағдайда бiздiң мезеттiк түйсiнулерiмiзге тура келе бермейдi, əрi сол түйсiктердiң қарапайым қосындысынан жасалмайды. Адам, əдетте, нақты түйсiнуден дербестенiп, дерексiзденген қорытынды құрылымды қабылдайды, ал бұл қорытындыға келу бiршама уақыт өтуiн талап қылады. Егер сiз қандайда бiр əуендi тыңдай қалсаңыз, алғашқы естiген нотаңыз келесi нота берiлгенше құлағыңыздан кетпей қояды. Əдетте, тыңдаушы үшiн əнкүй бiрiнен соң бiрi келетiн ноталарымен емес, бiртұтас əуенiмен мəндi. Қабылдаудың тұтастығы мен құрылымдығы бейнеленушi қоршаған дүние нысандарының шындыққа сай өзiндiк ерекшелiктерiнен туындайды.
Қабылдаудың тұрақтылығы - біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.
Қабылдаудың таңдамалылығы - Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады
Аперцепция - Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша.
Тұрақты түрі - адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты.
Уақытша түрі – адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық қалпына тәуелді болады.
Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді.
Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі. Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын , түрін, көлемін қате қабылдау.



  1. Байқағыштық

Байқағыштық дегеніміз – кез – келген уақытта көзге ілінбейтін, 
ерекшеліктерді елей білу. Мысалы: бүркіт пен тазының арасындағы шайқастың 
ұсақ түйектерін тек жақсы аңшы ғана байқай алады.Осы суретті

А.Құнанбаев 
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген өлеңінде жақсы кӛрсеткен: 
«Біреуі көк, біреуі – жер тағысы 
 Адам үшін батысып қызыл қанға. 
 Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл 
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға» -
деген ӛлең жолдарында кез – келген адамға байқала бермейтін көріністер сөз 
болып отыр. 

Байқағыштық жаңа фактілерді білуге құмарлықты, оларды егжей – 


тегжейлі білуді, жіті кӛру мен қалтқысыз естуді, бір зат пен екінші заттың 
байланысын аңғара білуді қажет етеді. Байқағыштық қасиет – адамның ӛмір 
сүрген ортасына, алған тәлім – тәрбиесіне, мамандығына, айналысқан кәсібіне 
байланысты. 

Байқағыштық - өмірдің әр саласы үшін өте қажетті қасиет. Ол, әсіресе 


ғылыми жұмыста, мұғалімдік, дәрігерлік қызметте, ақын – жазушы, 
суретшілердің өмірінде ерекше орын алады.

ІІІ. Лекция материалдарын дәптеріңізге жазып, глоссариймен жұмыс жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет